Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" сабақ жоспары 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" сабақ жоспары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған күнделікті сабақ жоспары. 6 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған жоспар. Жаңа сабақты түсіндіру және бекіту тапсырмалары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Мортық Орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байгонова Замзагуль Кажымухановна


Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 5

Қатыспағандар: 0


Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі»,


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ


Оқу бағдарламасына сілтеме

6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;

6.2.2.1 - эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

.


Сабақтың оқу мақсаты:

1.С.Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.

2.Әңгіме неліктен "Жусан иісі" аталғанын түсінеді.

3.Кейіпкерлер сөзі арқылы шығармашылыққа үйренеді.


Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіме неліктен "Жусан иісі" аталғанын түсіну.

.Кейіпкерлер сөзі арқылы шығармашылыққа үйренеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады.


Дағдылар:

Түсіну және жауап беру


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді.


Сабақта қамтылатын құндылықтар:

Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.


Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б. өнер түрлерімен байланыс жүзеге асырылады.


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу


Осыған дейін меңгерілген білім

М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта әдеби эссе жазады.

М.Қабанбай «Бауыр»

http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2302-bauyr_audiobook_marat_k


Жоспар


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы

4 минут





3 минут


5 минут

Қызығушылығын арттыру.

Тыңдалым алды тапсырма

Үй тапсырмасын сұрақ қою техникасы арқылы пысықтау.

Өткен сабақ соңындағы оқушылардың қорапта қалдырған

сұрақтары бойынша авторға қойылады


https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA




Сабақтың ортасы

2 минут







3 минут





5 минут




3 минут





7 минут



5 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Интербелсенді тақта арқылы "Жетімдер" фильмінен үзінді көрсету арқылы сұрақ қою техникасын пайдалану.

- Бұл бейнефильм арқылы нені байқадыңыздар?

- Балалар қандай оқиғаға тап болды?

- Осы оқиғадан кейін балалар қандай күйге түсті?

- Фильмді көре отырып, қандай ой түйдіңіздер?

- Бұл фильмде балалар бойындағы қандай қасиет бейнеленген?


  • .

Оқылым алды тапсырма

Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.

Топтар бөлімге бөліп оқу арқылы әңгіменің ішкі мазмұнымен танысу. Оқушылар жеке оқиды, жұппен ой бөліседі, топпен талқылап, постерге түсіру.


I - топ. Алыста қалған балалық шағым...

II - топ. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген...

III- топ. Бір күні күн бұлттанып...

IV- топ. Кей күні ойыннан кейін...


Бағалау. Ішкі, сыртқы бақылаушылардың "бағалау парақтары" бойынша бағалау.

Білу және түсіну

Суретте, бейнеле.
Аян бейнесін топтастырамыз

Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді.

Сөздік жұмысы:

Мұң –

Қасірет –

Жетім –

Талдау және жинақтау

Әңгімеге қатысты тақырыптар бере отырып, шығармашылық жұмыс жүргізу.


I - топ. Әңгіменің бас кейіпкері Аянға мінездеме беру.
II - топ. Оқушылар ұнаған кейіпкерлеріне хат жаздыру.
III- топ. Эссе жазу. "Жақсы бала қорған" тақырыбына.
IV- топ. Ертегі жазу. "Баяғыда бір жетім бала болыпты..."

. Жұмыр қылыш" күйіне дене жаттығуын жасау.

Шешен сөз

Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.

  • 1.Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.

  • 2.Аян тағдыры сені ойландыра ма?

  • 3.Осы шығарманы жазғандағы автордың ойы қандай?



. Жеке жұмыс ретінде әр оқушыға дайын парақшалар түрінде беру.


Құзырлық тапсырма


Аянның тағдыры.
Аян ата-анасынан жетім қалды. Оның өмірінде қуанышты сәттер көп болмады. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы. Сөйте тұра, оқуға құштар, хат жазуға қабілетті болды. Өзге балаларға хат жазу арман болғанда, Аян болса кәдімгідей “Аса жаннан артық көретін аға...” деп бастап хат жазатын.


Аянның хат жазуы



Иә немесе жоқ

Аян хат жазуға құштар болатын.


Өзге балалар да Аян секілді хат жаза алатын.


Хат жазу балалардың асыл арманы еді.


Ескерту: әр жауапты түсіндіру ( неге "иә", неге "жоқ")

______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________



  • Әр оқушы өзі жеке орындайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Қолдану

Оқушылар өз аналарына арнап бір шумақ өлең шығарады.

Бағалау.

http://zhasorken.kz/?p=13003


http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/848/

Презентация



Сабақтың соңы

3 минут


Сабақ соңында "смайликтер" арқылы кері байланыс жүргізе отырып, оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін бақылау.

Барлығы түсінікті. Жартылай түсінікті. Түсінген жоқпын» әңгімесін толық оқу.




Қосымша ақпарат



Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақта оқушылардың барлығын тақырып аумағында өз пікірін білдіруге, әдеби сөйлеуге жұмылдырып отырамын. Қабілетті оқушыларға шығарманың мазмұны туралы сұрақтарды күрделендіріп қоямын және топтарда көшбасшы болуға тартамын.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен берілген тапсырмаларды орындауына, оқу мақсаттарына сай бағалау критерийлермен байланысты бағалай аламын.

Бұл сабақ өнер пәнімен байланысты. Өздері білетін әндері мен өз өмірлерін сабақтастыра отырып, оқушылардың бойында жауапкершілік пен құрметтей алу қасиеттерін қалыптастырамын. Сөйлеу барысында оқушылардың намысына тимейтін сөздерді қолдану арқылы өмір қауіпсіздігін сақтауға болады.


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесінің мазмұнымен танысты. Сыныптағы оқу атмосферасы жақсы болды. Дифференциациялық тапсырмаларды жүзеге асыруда аздаған қиындықтар туды. Мен жоспарланған уақытымды дұрыс пайдалана алдым деп ойлаймын. Мен жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізбеймін, себебі сабақ жоспары оқу мақсатына сай жан-жақты жасалды.



Жалпы баға


Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: ән мәтіні бойынша сөйлем құрату;

2: ән тыңдау арқылы қызығушылығын арттыру.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: осы мәтінге ұқсас бейнебаян пайдалану.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Шағын әдеби шығармаларды көбірек оқыту.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2019
9385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі