2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға балаларға арналған сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
145
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайысты дайындап,өткізген мұғалімдер: Мнайдарова А.Ж,Бисенова Б.Б..


Білгірлер сайысы

Сабақтың мақсаттары: 
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі. 
Сабақтың әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру. 
Сабақтың түрі:сайыс сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар. 
Сабақтың эпиграфы: 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. 
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі 
А)кезекшімен сұхбат; 
ә)оқушыларды түгелдеу; 
б)сабақтың мақсатымен таныстыру; 
2.Жаңа сабақ. 
1.Кіріспе. 
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа сыныптың барлық оқушылары қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады,солардың арасынан жеңімпаз анықталады. 
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-1 ұпай; 
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-3 ұпай; 
3. Полиглот-3 ұпай; 
4. Сөз құру-5 ұпай; 
5. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай; 
6. Тестілеу- «Қай септік?»-3 ұпай; 
7. Сөзжұмбақ шешу. «Қай қала?»-5 ұпай; 
8. Мақалды аяқта-1 ұпай; 
9. «Жорға»-әр жауапқа 3 ұпайдан. 
3.Сайыстың жүруі: 
1-кезең «Бәйге». Сайыскерлердің қолында 1-ден 11-ғе дейін сандар.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады. 
1.Қазір қандай жыл мезгілі? (күз) 
2.А қандай дыбыс? (жуан дауысты дыбыс) 
3.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42) 
4. «Мектеп деген сөзде неше буын бар? (екі) 
5.Бүгін қандай аптаның күні? (сәрсенбі) 
6. «
Бір жылда неше мезгіл бар? (4) 
7.
Қүз айларын ата (қыркүйык,қазан,қараша) 
8.
Қүзде жапырақтар қандай болады? (сары,қызыл) 
9.Мұғалім қайда жұмыс істейді? (мектепте) 
10.Қазақстанның бас қаласы? (Астана?) 
11. Т
амақ ішетін бөлме? (ас үй?) 
12.Ә
қандай дыбысы ? (жіңішке) 
13.Екі қолда неше саусақ бар? (он) 
15.Бір жылда неше күн бар? (365) 
16.Бір айда қанша апта бар? (4) 
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 
18.Бір сағатта неше минут бар? (60) 
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 
20.Бір аптада қанша күн бар? (7) 
2-кезең «Шешуін тап». 
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 
1.Тұзда бар,суда жоқ. 
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. 
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 
3.Үйде бар,шиде жоқ. 
Күйде бар,биде жоқ. (ү) 
4.Қазда бар,үйректе жоқ. 
Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 
5.Дәнде бар,елде жоқ. 
Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 
6.Бірде бар,үште жоқ. 
Екіде бар,бесте жоқ. (і) 
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. 
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 
8.Шөлде бар,далада жоқ. 
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 
9.Қайсы әріп қасарып, 
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 
3-кезең «Полиглот». 
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-30 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздіңмемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ ,орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар. 
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring) 
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады. 
Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow) 
3.Қаласы бар,үйі жоқ. 
Өзеңі бар,суы жоқ. 
Орманы бар,бүрі жоқ. 
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-map) 
4.Қабат-қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама! 
Немесе- 
Көп әңгімем,өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book) 
5.Түк білмей барасың, 
Тәлім аласың. 
Есейіп кетсең де, 
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school) 
6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice) 
7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-snow-sri) 
8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-biary) 
4-кезең. «мектеп» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз соз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі. 
5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды. 
Ұсынылған тақырыптар: 
1.Менің отбасым; 
2.Менің досым; 
3.Менің мектебім; 
 4.Күзде. 
6-кезең «Қай септік?» -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады. 
1.Барыс септікті сөз тіркесін тап: 
А)қаладан келді; 
ә)қаланың адамы; 
б)қалаға барды; 
в) қалада тұрада 
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап: 
А)мектепке келді; 
ә)мектептен қайтты; 
б)мектепті бітірді; 
в)мектепте оқиды; 
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап: 
А)ауылдың малы; 
ә)ауылға бардым; 
б)ауылдан келдім; 
в)ауылды жақсы көремін; 
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап: 
А)оқушымен келді; 
ә)оқушыдан сұрады; 
б)оқушыны көрді; 
в)оқушыға қарады; 
5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап: 
А)қаламды алдым; 
ә)қаламның сиясы; 
б)қаламмен жаздым; 
в)көп қалам 
7-кезең Сайыскерлер сөзжұмбақ шешеді.Сөзжұмбақта Қазақстан қалалары жасырылған.Сөзжұмбақ шешу барысында оқушылардың сөздік қорларының деңгейі сараланды. Тапсырма бойынша сөздердің аудармасын табу қажет.

1.Сөздердің антонимдерін табыңыз 


1.жаңа 
2.бүгін 
3.жақсы 
4.тар 
5.кедей

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.аз 
2.биік 
3.кішкентай 
4.ерте 
5.үстімен 
6.көріксіз 
7.қысқа

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 


1.новый 
2.расписание 
3.дедушка 
4.хлеб 
5.класс 
6.сахар

4.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 


1.время 
2.год 
3.август 

4.лето 
5.неделя 
6.зима

8 –кезең. «Мақалды аяқта» кезеңінде қалған 3 сайыскерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі. 


1. 
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп) 
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз) 
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

2. 
1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір) 
2.Ұстаздан шәкірт .... (озар) 
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

3. 
1.....жолдастан таяғым артық (жаман) 
2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 
3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)

9 –кезең. «Жорға» .Қалғанекі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. 


1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 


1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 
3.Республика астаны (Астана қаласы) 
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ) 
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 
7.Кабинет казахского языка (
Қазақ тілі кабинеті) 
8.
Сен нешінші сыныпта оқисын? (4 сыныпта оқимын
9.Бала оқытатын адам (мұғалім) 
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 


1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы) 
3.Шығыс Қаз-н облысының орталығы (Өскемен қаласы) 
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір) 
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті) 
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер) 
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен) 
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).







Сайыс аяқталды.Сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!