сайыс: 1001 мақал 101 жұмбақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сайыс: 1001 мақал 101 жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Аспазшы мамандығы бойынша дайындалған. Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы білімдерін кеңейту мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ» (слайдымен)
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.


Жүргізуші: АСПАЗ. Тағам дайындайтын адамды — аспаз деп айту қалыпқа айналған .

Екінің бірі білетін —«өнерпаз», «білімпаз», «әсемпаз» сияқты сөздерде ұшырасатын “паз” сөзін парсы тілінен аударғанда тұлға деп қарауға да болады. Шын мәнісінде, тіпті де олай емес.
Кейбір еңбектерді қарай келгенде «паз» тұлғасы
парсы тілінді тек жүрнақ қана емес, кейде «пісіру» мағынасын ұғындырарлық дербес сөз қалпында да кездеседі. Сөздің парсы тілінде дыбысталуы — пәз. Біздің тілімізде ол «ас» сөзімен тіркеске түскендіктен «паз» қалпына дейін жуан айтылатын болып қалыптасқан. Сөйтіп, «аспаз» дегеніміз — ас пісіру дегенмен мағыналас екен.

«Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз.
Бүгінгі сайысымыздыЕндеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз

Бүгінгі сайысымыздың ойыншыларымен танысайық.

1.

2.

3

4.

5.
Ұйымдастыру кезеңі: Ойын 4 турдан тұрады, әр турдың өзіндік шарттары бар. Іске сәт!
I тур

Шарты: Мақал - мәтелдердің сыңарын жалғастыру.

  1. Дастарханда наны жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.

  1. Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

  1. Ашқа қазан астырма,

Тоңғанға отын жақтырма.

  1. Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

  1. Жақсы ас қалғанша,

Жаман қарын жарылсын.

  1. Кісі кірмеген үй көрмен тең,

Ішілмеген ас умен тең.

  1. Ас қадірін білмеген аштан өледі,

Ат қадірін білмеген жолда қалады.

  1. Ат жаманы – сүріншек,

Ет жаманы – шеміршек.

  1. Еттің соры - қуырдақ,

Ұнның соры – бауырсақ.

  1. Қызды кім айттырмайды,

Қымызды кім ішпейді.


II тур
Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жұмбақ мәтінінен бір сөз алып
мақал - мәтел тауып айту.

  1. Көк лағым көгенде тұрып семіреді (Қарбыз)

  2. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (Таба нан)

  1. Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті-ақ (Қант)

  1. Бір құтыда екі түрлі су жатады,

Қайнатсаң мұз боп қатады. (Жұмыртқа)

  1. Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан, от)

  1. Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,

Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.

Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,

Байлаған екі жақтан тесіп құлақ.

Ойнақтар ор текесі ортасында

Денесі басқалардан ұзынырақ. (Қымыз, саба, піспек)

  1. Былқ-былқ, былқ семіз

Қабырғасы жоқ семіз. (Қамыр)

  1. Бар еді жұмбағым егін емес,

Кісінің егейін десе ебі келмес.

Барлық ел, атауларға тегіс бірдей,

Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. (Тұз)

  1. Әрі сусын, әрі дәрі,

Емге ішеді жас пен кәрі.

Малдың сүті, елдің құты

Деп бағалар жұрттың бәрі. (Қымыз)

  1. Шиге жайып кептірген,

Өзі қышқыл, түсі ақ

Сорсаң дәмді, түсі ақ

Жаңғақтай-ақ домалақ (Құрт)


«Адай» биі. Орындайтын: «Аспазшы» ІІІ курс студенттері

III тур
Шарты: Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.


  1. Ағаштан бал, шөптен сүт ағылды. (Көл көсір молшылық болды)

  2. Айран сұрап келіп, шелегіңді жасырма (айтарыңды ірікпей айт, қаймықпа, тайсалма)

  3. Ас иесімен тәтті. (Үй иесімен бірге тамақ жеу ұғымында)

  4. Бір қайнау ішінде (Толық шешілмеген мәсіле, жұмыстың аяқталмауы)

  5. Дәмдес болды. (бірге жүріп, дастархандас болды)

  6. Дәм татқан құдығына түкірді (Жақсылыққа жамандық істеді, қайта кірер есігін қатты серпіді)

  7. Ебі келмеді (икемі келмеді, жуыспады)

  8. Еңбегі жанды (Қадамы өрге басты, жолы болды, ісі алға басты)

  9. Жабулы қазан жабулы күйінде (сырды жасырды, істі әрі қарай қоздырмады)

  10. Қазан көтерді (ас, тамақ дайындауға кірісті)


IV тур
Шарты: Берілген сөздерді қолдана отырып мақал-мәтелдер айту.

1. Нан (Наннан үлкен ас жоқ).

2. Ас (Ас адамның арқауы)

3. Ет (Ет етке, сорпа бетке.)

4. Тұз (Астың дәмін тұз келтірер)

5. Су (Сулы жер, нулы жер.)
Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, Жанкүйер болған тыңдармандарға, Қадірлі қонақтарға үлкен рахметімізді айтамыз! 
Қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.01.2019
961
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі