Қарасу мемлекеттік тілде
оқытатын негізгі мектебі
«Мен және отбасым!»
отбасылық сайыс
Сыныбы:
1-4
Өткізген: Хусаинов
Б.Б.
\
Қарасу, 2016
ж
Тақырыбы: «Мен және отбасым!»
отбасылық сайыс
Өтілетін
күні: 10.09.2016
Қатысушы: бастауыш сынып оқушылары мен
ата - аналары
Мақсаты: Оқушылардың меңгерген дене
жаттығуларының түрлерін ата-аналарымен бірге және өз бетінше
орындауға шынықтыру. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік,
икемділік, төзімділік, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру. Бала
денсаулығын сақтауда, спортқа деген қызығушылығын қалыптастыруда
отбасының жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
Түрі: сайыс
Құрал –
жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар,
кіші доптар, шелектер, қасық, колба.
Ө т і л у б а р ы с
ы:
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, ата-аналар,
балалар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен
қауым!
Жүргізуші: Бүгінгі бастауыш сынып
оқушылары мен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Мен және
отбасым!» отбасылық сайысын бастауға рұқсат
етіңіздер!
Жүргізуші: Сайысымыздың әр кезеңін
бағалау үшін шақырылған әділқазылар алқасы құрамымен таныс
болыңыздар.
1.Мектеп директоры
Арғынғазина Айгүл Таңатқызы
2.Мектеп психологы
Шымтеміров Еркебұлан
3.«ЖАСҚЫРАН» және «ЖАСҰЛАН»
ұйымының аға-тәлімгері Арғынғазина Салтанат
Таңатқызы
Жүргізуші: Тәлімді-тәрбие әр отбасынан
бастау алса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болады. Әр отбасында
ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.
«Спорт-денсаулық кепілі» десек, «Мен және отбасым!» отбасылар
сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау
мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.
Жүргізуші: Олай болса, әркімге рухани
және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған топтарды
ортаға шақырайық. Сайысқа 3 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне
жету үшін 7 кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі
тиіс.
1-кезең: «Өз тобыңды
таныстыр»
2-кезең:
«Теңбілдоп»
3-кезең:
«Кенгру»
4-кезең:
«Қақпашы»
5-кезең: «Секіртпемен
секіру»
6-кезең: «Кім
жылдам?»
7-кезең: «Кім
мықты?»
Жүргізуші: Бәйгені ат жаратып шапқан
алар,
Олжаны жатқан емес, тапқан
алар, - деп сайысқа қатысушы топтарға «Сәт сапар» тілейік,
ағайын.
Жүргізуші: Ал, ендеше сайысымыздың
бірінші кезеңі «Өз тобыңды
таныстыр»
Шарты: Әр топ 2 минут ішінде атын,
ұранын таныстырып өту.
Жүргізуші: Рахмет. Келесі
сайысымыз «Теңбілдоп»
Шарты: Бұл сайыста отбасы мүшелерінің
әрқайсысына әр түрлі тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша
белгіленген межеге алдарында құрылған кедергілердің арасымен өтіп,
жүгіріп барып келуі керек. Сайыс кезінде кедергілерді құлатпау,
тапсырманы толық орындау шарт. Допты аяқпен теуіп
жүру.
Сайыскерлер дайынбыз ба?
Қалыспа, Дайындал! Алға!
Жүргізуші: Рахмет. Келесі
сайысымыз «Кенгру»
Шарты: Бұл сайыста қапшықпен
кедергілер арасынан секіру керек.
Жүргізуші: Рахмет. Келесі төртінші
сайысымыз «Қақпашы»
Шарты: Бұл сайысқа 2 мин беріледі. 2
мин ішінде шелекке кішкене доптарды салу арқылы ұпай
жинайды.
Дайынбыз ба? Қалыспа,
Дайындал! Алға!
- Жарайсыңдар! Әділқазылар
алқасы бағалап жіберсеңіздер!
Жүргізуші: Рахмет. Келесі
сайысымыз «Секіртпемен
секіру»
Шарты: Бұл сайыста секіртпемен
секіріп барып, келерінде жүгіріп келіп, келесі адамға
береді.
Жүргізуші: Рахмет. Келесі
сайысымыз «Кім
жылдам?»
Шарты: Бұл сайыста шелектен қасықпен
су тасып, берілген ыдысты толтыруымыз
керек.
Жүргізуші: Рахмет. Келесі
сайысымыз «Кім
мықты?»
Шарты: Бұл сайыста әр топ арқан
тартысады.
Жүргізуші:
Таңданайық, спортқа
тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол
соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің
көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол
соғайық! - дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.
Олай болса, бүгінгі сайыскер топтарды мадақтау үшін сөзді
әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды
марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын
тыңдау)
Жүргізуші:
Демеңіздер, біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Сау болып тұрыңыздар,
кездескенше,
Осымен «Мен және отбасым!»
сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды
қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға
алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау
болыңыздар!