400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс "Ойлы болсаң,озып көр" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушының ой-өрісін кеңейту, шығармашылық мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ойлы болсаң, озып көр» атты математикалық сайыс


Мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушының ой-өрісін кеңейту, шығармашылық мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өту түрі: Топтық сайыс.

Көрнекілігі: Слайд, топтың аты бейнеленген макет .

«Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ,құрмет пен бедел,байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі-жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды еске алады, демек болашақ тек білімді жастар екені даусыз. Дүние де өзі,мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз...- деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі математика пәні бойынша 5- сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Ойлы болсаң, озып көр»атты сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған төрт топтың атын осы Абай атамыздың 175-жылдығына сәйкес «Абай ауылы» , «Құнанбай ауылы» ,«Ибраhим ауылы» және « Әбдірахман ауылы» деп атаған болатынбыз.


Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындады бар ғылым жер шарында.

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында,- дей отырып «Ойлы болсаң, озып көр»атты сайысымыздың тәртібімен таныстырып өтейік.


1.Кезең : Блиц-турнир (сұрақ-жауап)

2.Кезең: Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақты шешіп жауабын үш тілде айту)

3.Кезең: Ұшқыр ой(Логикалық сұрақтар)

4.Кезең:Кім тапқыр?( сиқырлы фигуралар)

5.Кезең:Жүйрік болсаң санап көр (есептер шығару)


Математика, математика қандай қиын,

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін.

Амалдардың тек қана көмегімен,

Орындалар сансыз көп байлам түйін,- дей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

I Кезең . Блиц турнир


Ойын шарты, мұнда әр топқа 6 сұрақ беріледі. Бір минут ішінде қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай беріледі.Әр сұраққа 1 ұпай. Уақыт, бірлік, ұзындық, салмақ, өлшем бірліктерін және олардың арасындағы байланысты меңгеру үшін сұрақтар алынды.

I топқа сұрақтар.

1. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық? (90 см)

2. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59 минут)

3. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5 саусақ)

4. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? ( 1 сағат, 43 минутта)

5.Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы санды ата? (11,20)

6. Тек қана 1-ге және өзіне бөлінетін сан қалай аталады? Жауабы: жай сан

IІ топқа сұрақтар.

1.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады? (бұрыс бөлшек)

2.7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)

3. 1 сағаттың 1/4 -і неге тең? (15мин)

4. 4/3-ке кері сан? (3/4)

5. 282 саны 3-ке бөлінеді ме? Не себепті? Жауабы: 282 3-ке бөлінеді себебі: цифрларының қосындысы 12-ге тең ал ол 3- ке бөлінеді, ал сол санды бөлген кезде жауабы 94

6. Көбейтінділері 1-ге тең сандар қалай аталады? Жауабы: Олар өзара кері сандар деп аталады

III топқа сұрақтар

1. 1 сағатты 1 тәуліктен неше сағаты кем? (24-1=23 сағат)

2. 1 тоннада неше кг бар? (1000 кг)

3. Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұр ал, 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? (жоқ, түнгі 11 сағат)

4. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?(4 алма)

5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады? (дұрыс бөлшек)

6.Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

IV топқа сұрақтар

1.3 және 5 сандары мен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата? (35,53,55,33)

2.Ең кіші үш таңбалы сан (100)

3.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, Айша оның 2-ін атып түсірді.Торғайлардың қаншасы қалды? (2-уі қалды қалғандары ұшып кетті)

4. Бөренені 8 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

Жауабы: 7 рет

5. 100 жылдықты басқа атауы?

Жауабы: ғасыр.

6.5 санына кері санды айт?

Жауабы: 1/5

II Кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін, алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-дей келе келесі кезекті екінші «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңіне береміз, яғни оқушылар жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтулары керек.

( 1 жұмбаққа 3 ұпай)

1. Барма жоқпа оны анық білмейсің,

ол жоқ жерде өмір сүрмейсің

(ауа, воздух,air)

2. Нәрселерді санағанда

керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан - жағыңа қарамай?

(Натурал сан, натуральные число, real)

3. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?

(сызғыш, линейка, rule)

4. Суға салсаң батпайды,

отқа салсаң жанбайды!

(мұз, лед,ice)



5. Қабат - қабат, қаттама,

Ақылың болса, аттама.

(Кітап, книга, book)

6. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (Дөңгелек, круг, circle.)


III кезең : Ұшқыр ой (логикалық сұрақтар) (1 ұпай)

Ал кәнікей балалар,

Құлақ салшы сөзіме.

Сұрақ берсем берейін

Логикалық сұрақтардан өзіңе-деп келесі кезеңімізге өтейік.

1.Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін әкесі баласынан 30жас үлкен болады? (болмайды)

2. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әрқайсысы 6 алмадан жеді,бұл қалай?(1 ата, 2әке, 4 бала)

3. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
(4 жаста, 8жаста, 12жаста)

4. Менің әкем 65 жыл өмір сүрді. Оның 5 жылын суда малтаумен өткізді. Ол неше ай суда өткізсе, сонша жыл жерде өмір сүрді. Неше ай, неше жыл екенін тап. (5 жыл (60 ай суда жүзді, 60 жыл құрғақта жүрді))

5. Назгүл мен Бақыт апалы - сіңлі қыздар. Бақыт өзінде 2 ағасы барын айтты. Назгүл де өзіне де 2 ағасы барын айтты. Сонда Бақыт пен Назгүлдің жанұясында қанша бала бар? (4 бала)

6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап. (1 -залда 30орындық, 2 - залда 20 орындық )

7. 31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)

8. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. 
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

9. Ұшақ Қостанайдан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын!

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей келе келесі кезеңге өтеміз.

IV кезең. Сиқырлы фигуралар ( 3 ұпай)

А)1. I топ. Сандарды дөңгелектер ішіне 1-ден 7-ні қоса алғанда сандардың қосындылары 12 болатындай орналастыру керек.

2.II топ. 1-ден 9 -ды қоса алғанда сандарды орналастырғанда түзумен қосқанда цифрларының қосындылары 15 болу керек.

3.III топ. Үшбұрыш қабырғаларына 1-ден 9-ға дейінгі сандардың қосындысын 20-ға тең етіп орналастыр.

4. IV топ. Тоғыз тор көзден тұратын сиқырлы шаршыға 2 ;4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18 сандарын қай бағытта алсақ та қосындысы 30 болатындай етіп орналастыр.

В. Келесі тапсырмаларымыз өзгеше,себебі мұнда математикалық біліммен қатар, байқампаздық пен мұқияттылық бағаланады. Сіздерге сәттілік( 1 ұпай)

I топ 1-ден бастап 20-қа дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 2-ге бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек.

II топ. 1-ден бастап 40-қа дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 4-ке бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек.

III топ. 1-ден бастап 50-қа дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 5-ке бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек.

IV топ. 1-ден бастап 30-қа дейінгі сандарға дейін санау керек. Жай ғана санап қана қоймай 3-ке бөлінетін санға кездескенде, Мен білемін! - деп айту керек.

V кезең : «Жүйрік болсаң санап көр» (Оқушыларға есептер беріледі ) ( 3 ұпай)

Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де-есеп,

Ауырсаң, іше-тұғын дәрі де есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Тақтада Абай атамыздың 4 өлеңінің атауы тұрады.

1) «Ғылым таппай мақтанба...»

32,6 · 5 + 1 · 8,5=181,35

2) «Құлақтан кіріп,бойды алар...»

1 · 32,8 - 1,12 ·3,5 = 53,48

3) «Әсемпаз болма әрнеге...»

147 - 13 · 4,8 + 3 ·6,8 = 105,52

4) «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы...»

0,2 · (5 ) +0,01·3= 2,3

Оқушылар қандай өлеңді таңдайды, соған сәйкес есепті шығарады. (3-ұпай)




Ең бастысы, орын емес жарыста,

Терең білім жеңу шарты сайыста

Тапқырлық пен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерін хақ, табысқа

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды!

Ал қазір ұстаздарымыз сөз алады.

Сайсымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі