"Абай әлемі" Сайыс сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай әлемі" Сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының туғанына- 180 жыл толуына орай сыныптар арасында сайыс сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Абай әлемі». 
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Көрнекілігі буклеттер, кітап көрмесі, баннер, портрет, проектор, ноутбук.


 Жүргізуші: 2025 жыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 180 жылдығы тойланып жатыр.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді бастайық.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, тыңдаушылар! «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған “Абай әлемі ” атты білім сайысымызға қош келдіңіздер!!
Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын тағайындайық:
1.Усманова М.О.-Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі,педагог-зерттеуші.
2. Камалова Гулзар Ануарқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,педагог-зерттеуші.
3. Үсенбаева Гүлжамал Жумабаевна .- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,педагог-зерттеуші.
Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарды қарсы алыңыздар « Алғырлар »тобы және « Жүйріктер » тобы .Оқушылар жайғасып болған соң бүгінгі білім сайысының кезеңдерін таныстыру.
1 .Таныстыру. (Топтың аты,ұраны).
2. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда. » Сұрақ-жауап айдары.
3. «Әділет –мемлекеттің негізгі күші » Мақал-мәтелдер сайысы

4.Сурет бойынша мәтін құрастыру .

5.Көрермендермен жұмыс

6.«Өлең сөздің патшасы ,сөз сарасы » Абай өлеңдерін жатқа айту.



Жүргізуші: 1. Топтың аты, ұраны (Екі топ таныстырып шығады).

І топ: « Алғырлар » тобы

«Алғырлар » тобы алға

Биіктерге самға

ІІ топ: « Жүйріктер» тобы

Білімге біз құштармыз,

Сөзге жүйрік баламыз

Жүргізуші: Келесі сайысымызға көшеміз.Абай шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру керек.Бұл жерде алғырлық маңызды.


Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.)
8. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
9. Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).
10. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
11. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші - Наурызбай Х)
12. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
13. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
14. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық көрді? (1889ж.)
15. Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды? (Пушкин)
16. Абайдың қай поэмасында Аристотель бар? (Ескендір)
17.Абай кімнің хаттарын аударды? (Онегин мен Татьяна )


Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз,әділдік туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Ақыл азбайды,әділдік тозбайды.

2.Байлық не керек ,

Адалдан жимасаң

Билік не керек,

Әділдік құрмасаң

3.Атаңның құлы айтса да ,

Әділдікке басыңды и

4.Ақша үшін әркім- ақ істейді ,

Әділдік үшін кім істейді ?

5.Әділдік әкімге де әлсізге де,

Әркімге де бірдей

6.Әділдік мақсатқа жеткізеді.

7.Әділдік пен ізгілік ,

Қарсы алады жүз күліп

8.Әді бидің кегі жоқ,

Білімдінің кемі жоқ

9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

10.Әділ айтсаң-әдемі айтқаның

11.Әділет бізден ,төрелік көптің хақы.

12.Әділ істің арты игі

13.Шын –бір сөз,өтірік –мың сөз

14.Шындық жоқ жерде,сұмдық көп

Жүргізуші: Келесі кезең сурет бойынша мәтін құрастыру.Онкүндіктің 3- күнінде сурет салу байқауы өткен.Сол байқауға салынған суреттерден екі топқа екі сурет ұсынамыз.Сол сурет бойынша шағын мәтін құрастырасыңдар.

Берілген уақыт 5-7 минут.

Топтар тапсырма орындап жатқанда көрермендерге ойын ойнатылады.Суретті мақалдарды табу.

Жүргізуші:

Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысымызды бастайық.
Ортаға екі топтың басшыларын шақырамыз.Екі топ басшы кезекпен Абай өлеңін оқиды.Өлеңді оқуда шумақтар санына ,өлеңді оқу мәнеріне мән беріледі.
Жүргізуші :Құрметті қонақтар осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап болғанға дейін назарларыңызға Абай Құнанбайұлының Көзімнің қарасы әнін ұсынамыз.Орындаушылар:9 сынып оқушылары және бір топ ұстаздар қауымы.

Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
  Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,


Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
  - Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасың! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!







































Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп – интернаты













Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Абай әлемі»



Мұғалім: Үйсінбай А













Шымкент қаласы


Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.)
8. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
9. Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).
10. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
11. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші - Наурызбай Х)
12. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
13. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
14. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық көрді? (1889ж.)
15. Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды? (Пушкин)
16. Абайдың қай поэмасында Аристотель бар? (Ескендір)
17.Абай кімнің хаттарын аударды? (Онегин мен Татьяна )















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2025
19
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі