сайыс сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру педагогтеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасыр көшбасшысы "Тарих қадамдары"

Мақсаты: Интелектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту. Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу. Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде. Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді.

Ашылу сәті:

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес. Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер.

ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 31 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1. Абнасырова М – география пәнінің мұғалімі

2. Шуылдақова П– оқу ісінің меңгерушісі

3. Маханова А -ағылшын пәнінің мұғалімі

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:

1 қатысушымыз:

11 - сынып білімдары – Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.

2 қатысушы: – досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек.

3 қатысушы: – білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

4 қатысушы: – ер жігіттің екі сөйлегені...

5 қатысушы:

білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

6 қатысушы: – бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.

Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық.

1. Бәйге бөлімінде оқушылар сұраққа жауап береді.

2. Тіл - өнер оқушылар тарихи терминдерге қатысты сұрақтарға жауап береді. 3. Қасиетті жетілік киелі жетіге қатысты сұрақтар қойылады.

4. Көкпар бөлімінде жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді.

5. Жорға жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.

Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық».

Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады.

Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей)

2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

3. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)

4. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

2. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845)

2. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1,5 жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)

3. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV ғ.)

3. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)

2. Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қаныш Сәтпаев)

3. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер кім? (Тоқтар Әубәкіров)

4. Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым кім? (Мақаш Тәтімов)

4. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Тұңғыш 1742 жылы тархан атағын алған батыр кім? (Шақшақ Жәнібек батыр 1693 – 1751)

2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

3. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

5. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

3. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)

4. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)

6. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)

2. «Бақытсыз Жамал» романының, «Оян қазақ», «Терме» әдеби публистикалық туындысының авторы кім? (М. Дулатұлы)

3. Бұл күнде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды? (120)

4. Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

Сайысымыздың келесі бөлімі

Ән: Сайыскерлерді іріктеу (ұпайы төмен 2 сайыскер ойыннан шығады).

Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп есептеген.

Келесі сайысымыз «Қасиетті жетілік».

Толық дұрыс жауапқа 40 ұпай беріледі.

1 – сайыскерге: Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

2 – сайыскерге: Жеті ғаламды ата? (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты)

3 – сайыскерге: Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

4 – сайыскерге: Жеті атаны ата? (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

Сайыстың бұл бөлімінен кейін ұпайы төмен 1 оқушы шығады.

Келесі бөлім – «КӨКПАР». Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде.

20/1: Әйгілі сақ патшайымы Томиристің ұлының есімі? (Спаргапис)

20/2: Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

20/3: 1930 - 33 жылдары ашаршылық зардабынан қанша адам қырылды?(2, 1 млн)

30/1: Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гумно)

30/2: Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 арабтар мен қытайлар)

30/3: 1726 жылы Қалмаққырылған оқиғасы болған жер? (сарысу өзенінің орта ағысы, Торғай)

40/1: Шыңғыс ханның шын есімі? (Темучин)

40/2: Қазақ хандығының территориясын кеңейткен, халқының санын 1 млн - ға жеткізген қай хан? (Қасым хан)

40/3: «Көшпелі мемлекет» деп аталған ежелгі мемлекет қайсысы? (Үйсін)

«Көкпар» сайысында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Келесі 5 – бөлім «Жорға» әрбір сайыскерге 10 – 10 - нан жедел сұрақтар беріледі.

1. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)

2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)

3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)

5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)

6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)

7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)

9. 1917 – 1920ж. ж. Алашорда мемлекетімен Алаш партиясының ұйымдстыру

10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

2. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

2. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

4. Екінші рет конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз) 5. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)

6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфендиаров)

9. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз көтерілісін басқарған кім? (С. Дулатов)

10. Қазақ ұлтынан бірінші рет КСРО халық әртісі атағын алған кім? (К. Байсейітова)

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз. Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебімізде XXI ғасырдың көш басшысы ________________ болып анықталды. Мынау саған берілетін сыйлық, қабыл ал. Ендеше, бүгінгі «Тарих қадамдары» атты интелектуалдық, тарихи танымдық сайыс аяқталды. ХХІ ғасырда өз үлестеріңізді табыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі