Сайыс сабақ, әдеби батл "Жыр мен сыр әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ, әдеби батл "Жыр мен сыр әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша ұйымдастырылған әдеби батл жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы






ЖЫР МЕН СЫР ӘЛЕМІ




Сыныбы: 6-сыныптар

Пәні: Қазақ әдебиеті







«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімі:

......






2025-2026 оқу жылы




Күні: ......2025 жыл, сағат: 10:40

Тақырыбы: «Жыр мен сыр әлемі» әдеби батл

Қатысушылар: 6-сынып оқушылары (4 топ, әр топта 5 оқушы)

Батл ұраны: «Әдебиет – жүрек пен ойдың жарысы!»

Мақсаты:

  • Қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттыру;

  • Ұлы тұлғалар мұрасын тану, өмірінен өнеге алу;

  • Оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Сөз мәдениетін, топтық жұмыс және бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Құндылықтарға баулу:

«Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығы

  • Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу

«Бірлік және Ынтымақ» құндылығы

  • Тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу

«Әділдік және Жауапкершілік» құндылығы

  • Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну


Сайыс кезеңдері:

1-кезең: «Кім зерек?» блиц-сұрақтар

Мақсаты: Оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған әдеби білімін пысықтау, жылдам ойлау және есте сақтау қабілетін тексеру.

2-кезең: «Дәйексөз сөйлейді»

Мақсаты: Көркем мәтіннен алынған дәйексөздің мазмұнын түсіну, шығарма идеясын табу және өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету.

3-кезең: «Әдебиет алыптары»

Мақсаты: Ұлы тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылығын танып-білу арқылы ұлттық рух пен құрмет сезімін арттыру.

4-кезең: «Ұлы тұлғалар ізімен...» әдеби дуэль

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, ақынға арнау өлең жазу арқылы рухани сезімін таныту.

5-кезең: «Сөз түйіні»

Мақсаты: Әдебиетке деген көзқарасты, сезім мен ойды үйлестіре жеткізу; рухани қорытынды жасау.

БАРЫСЫ:

Кіріспе сөз:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен жас әдебиетсүйер достар! Бүгін біз рухани әлемнің асыл қазынасы – қазақ әдебиеті төңірегінде ой жарыстыратын «Әдеби батл» сайысында бас қостық.

Бұл батл – тек білім емес, рух пен сезімнің, ой мен шабыттың жарысы!

Бүгін біз тек шығармаларды еске алып қана қоймай, ұлы тұлғалар мұрасынан өнеге іздеп,

әдебиетке деген сүйіспеншілігімізді паш етеміз!

Ендеше, батлға қатысушы 6-сыныптардан құралған командаларды таныстырып өтейік!

6 «А» сыныбы – «Ой зергерлері» тобы

6 «Б» сыныбы – «Жыр тарландары» тобы

6 «В» сыныбы – «Шабыт шынарлары» тобы

6 «Г» сыныбы – «Әдебиет арландары» тобы


1-кезең: «Кім зерек?»

Жүргізуші: Ендеше, алғашқы айналымымызды бастаймыз! «Кім зерек?» кезеңінде біз 5 және 6-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен қысқаша блиц-сұрақтар қоямыз.

Кім жылдам әрі нақты жауап берсе – сол топ алғашқы ұпайын еншілейді!

Сұрақтар:

1. Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі адамдықтың тұқымын шашушы кім?

А) халықтың өзі

В) диқаншы

С) ақынның өзі

Д) шаруа иесі

2. Қожа ат қоюды әділетсіздік деп таныды

А) Қызылшақа болып жөргекте жатқаныңда ат қоюды

В) Ес білген соң өзіңе ұнаған атты таңдап алуды

С) Атыңнан көзің тіріде қашып құтыла алмауды

Д) Ықшам естір құлаққа жағымды аттардың көптігі

3. Асан қайғының қоғамдағы қайғы-қасіретті риторикалық сұрақ арқылы жеткізген толғауы

А) «Дүние қалай етсең табылады?»

В) «Бұл заманда не ғаріп?»

С) «Құйрығы жоқ, жалы жоқ»

Д) «Аягөз, қайда барасың?»

4. Ертегі жанрының мақсаты

А) Оқиғаны тартымды етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау

В) Оқырманға үлгі-өнеге көрсетіп, эстетикалық талғамын қалыптастыру

С) Оқырманға асқақ арман, қол жетпес қиял сыйлау

Д) Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі екенін түсіндіру

5. Шығарма авторының айтайын деген негізгі ойы

А) Шығарманың тақырыбы

В) Шығарманың идеясы

С) Шығарманың пішіні

Д) Шығарманың түрі

6. Тарихта болған адамдар жайында халық шығарған көркем, жасанды әңгімелер ертегінің қай түріне жатады?

А) Салт ертегілер

В) Күлдіргі ертегілер

С) Күй аңызы

Д) Аңыз-ертегілер

7. «Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы

А) Тұран елін сыртқы жаудан қорғау

В) Түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу

С) Туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу

Д) Барлық жауап дұрыс

8. Бунақ дегеніміз не?

А) өлеңнің әрбір жолы

В) өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы

С) өлең өлшемі

Д) өлең тармақтарындағы сөз соңының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі

9. Доспамбет жырларының басты тақырыбы

А) Туған жерге деген ыстық сезімі және сол жерін қорғаудағы азаматтық парызы

В) Туған жерге деген жанашырлық және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер

С) Туған жерге деген сағыныш және болашағына алаңдау

Д) Барлық жауап дұрыс

10. Абай Құнанбайұлының қарасөздері қай жылдары жазылған?

А) 1889-1898

В) 1890-1899

С) 1890-1898

Д) 1889-1898


2-кезең: «Дәйексөз сөйлейді»

Жүргізуші: Енді кезекті «Дәйексөз сөйлейді» кезеңіне береміз. Мен әр топқа белгілі шығармадан бір дәйексөз оқимын. Сіздер сол дәйексөздің қай шығармадан алынғанын және оның негізгі ойын қысқаша түсіндіріп берулеріңіз қажет.

1-дәйексөз: «Ақыл мен парасат – адамды биікке шығарады»

2-дәйексөз: «Жауға шапқан ердің аты өшпес, елін қорғаған батырдың даңқы сөнбес»

3-дәйексөз: «Ана алақанының аясы -

Ақ шынардың саясы.

4-дәйексөз: «Қателік – сабақ, түзелу – ерлік»


3-кезең: «Әдебиет алыптары»

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз – «Әдебиет алыптары» деп аталады.

Бұл жылы біз қазақтың ұлы тұлғаларының мерейтойларын атап өтудеміз:

Шоқан Уәлихановтың – 190 жылдығы,

Абай Құнанбайұлының – 180 жылдығы,

Жамбыл Жабаевтың – 180 жылдығы,

Міржақып Дулатұлының – 140 жылдығы,

Сапарғали Бегалиннің – 130 жылдығы,

Бауыржан Момышұлының – 115 жылдығы.

Алдарыңызда – осы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар легі!


Ұпай

Сұрақ

Жауап

1

5 ұпай

1845 жылы 10 тамызда Семей өңірінде дүниеге келген ақын

Абай Құнанбайұлы

2

10 ұпай

Абай нәр алған 3 рухани арна

1) өз халқының мәдени мұрасы; 2) Шығыс әдебиеті; 3) Батыс елдерінің рухани қазынасы

3

15 ұпай

Мұхтар Әуезов атап көрсеткен Абайдың толық мағыналы 4 шәкірті

Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім, Көкбай

4

20 ұпай

Абай Құнанбайұлының қарасөздері қай тілдерге аударылған?

Орыс, түрік, парсы, қытай, корей, ағылшын, француз т.б.

5

5 ұпай

«Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкен кезде бесікпенен ала жүрді», - дейді ақын өз балалық шағы жайлы. Кім туралы айтылған?

Жамбыл Жабаев

6

10 ұпай

Жамбыл ақынның дастандары

"Өтеген батыр", "Сұраншы батыр", "Көрұғлы", "Бақ, дәулет, ақыл"

7

15 ұпай

Жамбыл ақынның соғыс жылдары отан қорғау тақырыбына арнап жазған өлеңдері қанша жолды құрайды?

3000

8

5 ұпай

Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Ресеймен сауда және саяси байланыста болған

Шоқан Уәлиханов

9

10 ұпай

Петербург университетінің профессоры И.Н.Березиннің Шоқаннан алған жыры

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

10

15 ұпай

... - қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адамның төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың "Илиадасы" тәрізді.

Кімнің сөзі, қандай шығарма туралы?

Шоқан Уәлиханов

«Манас» жыры

11

5 ұпай

Оның әкесі аты шыққан шебер, ал анасы — әншілікке бейім болған. 2 жасында анасынан, 12 жасында әкесінен айырылған ақын.

Міржақып Дулатов

12

10 ұпай

Міржақып Дулатовтың қай мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылды?

«Біздің мақсатымыз»

13

15 ұпай

Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабы мен қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш романын атаңыздар

«Оян, қазақ!» кітабы, «Бақытсыз Жамал» романы

14

20 ұпай

Міржақып Дулатұлының көптеген әңгімелері лақап аттармен шыққан. Оның жиі қолданған есімдері

Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы

15

5 ұпай

1895 жылдың 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген жазушы

Сапарғали Бегалин

16

10 ұпай

Сапарғали Бегалиннің жарты ғасырдан бері мектеп оқулығынан түспей келе жатқан балалардың қабылдауына ыңғайлы өте ұғынықты тілмен, қызықты етіп жазылған шығармасы

«Бала Шоқан» хикаяты

17

15 ұпай

Сапарғали Бегалиннің баспасөзде жарияланған ұлы ақын Абайдың өмірі, мұрасы, замандастары жайлы қызықты деректерге толы мақалалары

«Қияспай» (1956), «Сауық кеш» (1971), «Назипа Құлжанова» (1973)



18

5 ұпай

Ол 1921 жылы Аса интернатына оқуға түсіп, 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысқан. Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған.

Бауыржан Момышұлы

19

10 ұпай

Үстелді тарс еткізіп ұрып: "Көзіме тура қара. Ойыңды ашық айт! Қазулы көр тұрса да шындықты айт!" — дейтін. Ол кісінің көзіне тура қарау қайда маған? Көзін суреттеп бере алмаймын. Жанып тұрған от еді...

Кімнің естелігі және кім жайында айтылған?

Бауыржан Момышұлы жайында келіні Зейнеп Ахметованың естелігі

20

15 ұпай

Бауыржан Момышұлының соғыста жүрген шағында көрген-білгендерін арқау еткен кітаптары

"Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья"

4-кезең: «Ұлы тұлғалар ізімен…» (әдеби дуэль)

Жүргізуші: Біз ұлы тұлғалардың ізімен жол тартамыз.

Бұл кезең – әдеби дуэль!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, әр топ ChatGPT чатботының көмегімен Абайға арнау өлең шығарып, оны мәнерлеп оқып береді.

Бұл — шабыт пен рух жарысы!

Кімнің сөзі әсерлі, кімнің жүрегінен шыққан өлең — соны әділқазылар анықтайды.


5-кезең: «Сөз түйіні»

Жүргізуші: Міне, батлдың соңғы кезеңіне де жеттік. Кезең атауы – «Сөз түйіні».

Әр топ «Әдебиет мен үшін…» немесе «Әдебиет – рухани биігім» тақырыбында қысқаша өз ойларын білдіреді.

Бұл – сіздердің әдебиетке деген жүрек сөздеріңіз!


Әннен шашу. Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап жатқанда, барлық қатысушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін бірге орындайды!

(Музыка ойнап, қатысушылар хормен орындайды.)


МАРАПАТТАУ.


Қорытынды.

Жүргізуші: Міне, құрметті достар, біз бүгін әдебиет әлемінің тереңіне бойлап, ұлы тұлғалар ізімен жүріп өттік. Әдебиет — ұлттың жүрегі, рухтың үні! Сөз қадірін, ой биігін ұмытпайық!

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарға – зор қуаныш, жаңа шығармашылық биік тілейміз!





Тексерілді: – оқу жұмысы жөніндегі орынбасар

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі