400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ "Білім -жанып тұрған шырақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім – жанып тұрған шырақ / сайыс сабақ /
Мақсаты: оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өздерін емін – еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген қызығушылықтарын ояту.

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім. Оқушылар біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, «Білім жанып тұрған шырақ» атты сайысымызды бастаймыз.
«Сәлем сөздің анасы».
Мұғалім:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында
Әр оқушы өздерін таныстырады.
І топ – « Білімділер»
Ұраны:
«Білекті бірді жығады.
Білімді мыңды жығады.»
ІІ топ – « Ойшылдар»
Ұраны:
«Кітап алтын сандық,
Іші толған қазына құт.
Оқы, оқы, ойыңа тұт»

І кезең « Көңілді қалам»
1 - Топқа
1. Ертегі оқисың ба?
2. Қай пәнді жақсы көресің?
3. Досың кім?
4. Ананың аты кім?
5. Сиырдың төлі қалай аталады?
6. Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
7. Үй жануарларын ата?
8. Қызанақтың түсі қандай?
9. Неше жуан дауысты дыбыс бар?
10. Балық қайда болады?

2 - топқа
1. Жасың нешеде?
2. Шашыңның түсі қандай?
3. 1 аптада неше күн бар?
4. Жыл мезгілдерін ата?
5. Т қандай дыбыс?
6. Асханада не істейді?
7. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
8. Тудың түсі қандай?
9. ҚР Президенті?
10. Жемістерді ата?

ІІ кезең « Мықты болсаң тауып көр» /мақалдың жалғасын тап/
1. Оқу – білім......../ бұлағы /
Білім – өмір......./ шырағы /

2. Оқусыз білім....../ жоқ /
Білімсіз......../ күнің жоқ /
3. Оқу -......./ білім / азығы
Білім -....../ өмір / шырағы.

ІІІ кезең « Ғажайып сурет» Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңде ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік – деп бұл кезеңде оқушылар берілген қиындылардан бір бейне құрастырады.

ІҮ кезең « Өлең - сөздің патшасы» Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер, данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы.
/ Берілген өлеңдерді мәнерлеп оқиды./

Ү кезең « Ойлы болсаң, озып көр»/ жұмбақ шешу /

ҮІ кезең « Сәйкестендіру» тесті
І топқа
Ақ ------- шашын
Жора ----- төмен
Жауын ------- қараша
Жоғары --------- жылы
Жып -------------- жолдас

ІІ топқа
Арыстан --- боздайды
Қой ----------- кісінейді
Түйе ------------ мөңірейді
Сиыр -------------- маңырайды
Жылқы ------------- ақырады

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын

Кері қайту

«Жетістік ағашы»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі