Материалдар / сайыс сабақ Ғажацып математика
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

сайыс сабақ Ғажацып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,

қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту,

іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, логикалық есептер, плакат, слайд, өлең есеп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 10 сыныптар арасында өтетін «Ғажайып математика» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сабағымызда логикалық есептер, жұмбақтар,жаңылтпаштар беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, Әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Танысу сәті (аты, ұраны, эмблемасы)

2. Ұшқыр ой сайысы

3. Байқағыштар сайысы

4. . Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелді жалғастыру керек.)

5. Шапшаңдық (жаңылтпаш айту)

6. Тапқырлар сайысы

7. Топ басшылар сайысы

8. Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан
мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп бүгінгі сайыс сабағында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Алғырлар» тобы
«Білгірлер» тобы»
Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептеріңді, орындаған тапсырмаларыңды бағалап отыратын әділ - қазы алқасымен таныстырып өтейін:

Шонықбаева Нурсулу

Рысбаева Ләззат




1. Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2. Ұшқыр ой сайысы

Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды,

Айыра біл соқпақтарын өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

І топ

1. 1 көйлек жылы ма, әлде 1 көйлектің қалыңдығындай 3 көйлек жылы ма?

(3 көйлек)

2. 5 жұмыртқа 5 минутта піседі. 10 жұмыртқа неше минутта піседі?

(5 минут)

3. Жанұяда бес ер бала және олардың әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?

(6 )

4. Үш май шам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

(2)

ІІ топ

1. Төрт қойдың неше аяғы бар?

(16)

2. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

(Абзал, Аян, Арман)

3. Әсем , Ардақ, Анар үшеуі бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда , мұғалім: ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаларың әртүрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, Анардың бағасы «3»-те , «5» -те емес, сонда әркім қандай баға алды?

(Әсем “5”, Анар “4”, Ардақ “3”)

4. Тоғайда он қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды ?

(2)

3. Байқағыштар сайысы

Мықты болсаң, алдағыны басып оз,

Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,

Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!

І топ

Үлкені бөліп нәрсені,

Кішісі алады үлесін.

Айырылмай бірге жүрген соң,

Екеуіне қойылған бір есім.

Бөлетін, алатын екеудің

Есімін сен де білесің.

Алдыңнан шығып күн сайын

Жиі кездесіп жүресің.

Бөлшек. Дұрыс бөлшек.

ІІ топ

Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.

Сенімен бірге жүрем деп.

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп.

Цифрлар.

І топ

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады.

Өшіргіш

ІІ топ

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.

Қарындаш

І топ

Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.

Дәптер

І топ

Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.

Дәптер

ІІ топ

Апалы-сіңлілі келеді,

Біріне-бірі ереді

Екі аяқ

4. жалғасын тап!

Ойланайық азырақ,

Уақытыңды үнемдеп.

Кім шығады кәнеки,

Жалғасын мен білем деп

І топ

Білгенің бір тоғыз,

(Білмегенің тоқсан тоғыз).

Бір кісі қазған құдықтан,

(мың кісі су ішер).

ІІ топ

Жеті жұрттың тілін біл,

(жеті түрлі білім біл).

Арсызға алты күн мейрам.

І топ

Досыңды үш күн сынама,

(үш жыл сына).

Бірдің кесірі ...

(мыңға тиер).

ІІ топ

Өтіріктің құйрығы...

(бір-ақ тұтам).

Бір елі ауызға,

(екі елі қақпақ).

Ітоп

Ер егіз,

(еңбек жалғыз).

Дос егіз,

(дұшпан сегіз).

ІІ топ

Отыз тістен шыққан сөз,

(отыз рулы елге жайылар).

Алты қарсақ ат. болмас.

5. Жаңылтпаштан жаңылма!

І топ

Үшып кетті үш құс,

Ұшып келді үш құс.

Қырық үш қызғыш құсқа

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады ?

ІІ топ

Қырық қырықтық,

Сырық қырықтық.

Төрт төртім бар,

Төрт тортым бар.

Төртім маған,

Тортым саған

І топ

Қырық құрқылтай

Бір құрдан үркіп ұшты.

Қырық құр

Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.

Қырық құр қорқақ па?

Қырық құрқылтай қорқақ па?

ІІ топ

Арқада алты арқар бар,

Қырда қырық арқар бар.

Бір қарт арқар бар,

Алты арқарға қырық арқарды,

Қырық арқарға қарт арқарды

Қосса, қанша арқар бар?

Ітоп

Сегіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Семіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Егіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Өзге көп өгізіміз де

Өз өгізіміз.

ІІ топ

Үш кісі ішік пішті,

Бес кіші ішік пішті,

Неше кісі ішік пішті?

Неше кіші ішік пішті?

Келесі сайысымыз Тапқырлар сайысы

Логикалық есептер

1 - есеп

Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

(ата, әке, немере)

2-есеп

Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?

(6 лақ).

3-есеп

Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?

(үш қыз, үш ұлы)

Таяқшалардан 6 үшбұрыш құрастырылған. 4 таяқшаны алып тастап, осындай 3 үшбұрыш қалдыр.

4-есеп



5-есеп

БShape1 ерілген фигурада неше үшбұрыш бар?






12

6-есеп

Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді? 

7

Топ басшылар сайысы

Көп ойлан, сөз ойла!

РНКӨЕ НСА
УБК СЕҮЛ
ӨЕЙТКУБ НБІТҮ

ТВКАРДА ЛӨМБІ
АСАРЛА УҚСО
ЛФАРОУМА ЗЙТАУА

ИРЕТПРЕМ ДНАУА

ШБЕӨКЛ НҚЫДСЫО

ӨРНЕК САН
КУБ ҮЛЕС
КӨБЕЙТУ БҮТІН
КВАДРАТ БӨЛІМ
АРАЛАС ҚОСУ
ФОРМУЛА АЗАЙТУ
ПЕРИМЕТР АУДАН

БӨЛШЕК ҚОСЫНДЫ

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары дұрыс шықты?

«Топ басшылар сайысы» кезеңінде

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

Сайыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демейміз «Өнерлерін аяп қалды»,

Жеңімпаз тобымызды анықтадық,

Осылай сөзіміз де аяқталды.

Біз сіздермен қоштаспаймыз,

Алда әлі асулар бар.

Биіктерді бағындырып,

Асулардан асыңыздар!

Бүгінгі сайысымыздың

жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жеңістеріңіз

құтты болсын!


Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Сау, болыңыздар!

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі