жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сайыс сабақ Информатика ғажайыптары
Сайыстың тақырыбы: «Информатика ғажайыптары»
Күні: 24.01.2019 ж
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін тереңдету, қайталау, толықтыру, өмірмен байланыстыру. Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру, нақты ғылымдар ғасыры деген ұғымдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Түрі: сайыс сабақ
Сайыстың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер, плакаттар
Қатысушы сыныптар: 5,6,7,8,9
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушыларды сайысқа шақыру
ІІ. Сайысты өткізу жоспары
-
Әділқазылар алқасымен таныстыру
-
Сайысты өткізу
-
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
-
Марапаттау
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Информатика ғажайыптары» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы оқушылар ортадан келіп нөмір алуларыңызды сұраймыз.Бүгінгі байқауға қатысушы оқушылармен таныс болдыңыздар.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Қатысушы топтар
-
Алгоритм тобы
-
Паскаль тобы
-
Компьютер тобы
Жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер- дей келе бүгінгі сайыстың әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!
Көңілді біздің мектеп үздіктері, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І-кезең. «Бізден сұрақ, сізден жауап»
ІІ-кезең.Ойлан тап
ІІІ-кезең. Сиқырлы қалам
ІҮ-кезең. Ғажайып алаң.
Сайыс кезеңдері түсінікті болса сайысымызды бастаймыз
І-кезең. «Бізден сұрақ, сізден жауап» деп аталады. Әр топқа сұрақ қойылады, топтар иә немесе жоқ деп жауап беру керек.Әр дұрыс жауап 1 ұпай
«Интернет» тобына
1: “ІNFORMATION” латын сөзі
мәлімет дегенді
білдіреді ме? (иә)
2: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3: Мәтін, радио арқылы хабар,
мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып
интерфейс табыла ма? (жоқ)
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық
бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе?
(жоқ)
10: Жойылған
файлдар документке барады жоқ
«Ақпарат»
тобына
1: Дыбыс естілетін құрылғы калонка? (иә)
2: ЕNIAC –тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т)
3: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма?
(иә)
4: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне
ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта
сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма?
(жоқ)
7: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
8: Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика
иә
9: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы
ма? (иә)
10: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме?
(иә)
«Компьютер » тобына
1. Баспа құрылғысы принтер деп аталады ? иә
2. Компьютер теледидары жүйелік блок? жоқ
3. Зиянкес бағдарлама вирус иә
4. Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
5. Сурет салуға арналған бағдарлама файл жоқ
6. Дыбыс естілетін құрылғы микрафон жоқ
7. Бүкіл әлемдік желі(интернет немесе ғаламтор) иә
8. Жойылған файлдар қайда корзинаға барады иә
9. Құжаттарды көшірмесін жасайтын құрылғыпринтер жоқ
4-сұрақ. Мәтін жазуға арналған бағдарлама(Word) иә
ІІ- кезең: Сайысымыздың екінші кезеңі «Ойлан тап» деп аталады.Бұл сайыстың шарты тақтада сұрақтар беріледі, топтар сұраққа дұрыс жауап берсе смайлик жасыл түс корсетеді, егер жауап қате болса қызыл түске боялады. Топ дұрыс таба алмаса келесі 1 бірінші қол көтерген топтың ғана жауап беру мүмкіндігі болады.Әр жауап 5 ұпай
ІІІ кезең: «Сиқырлы қалам» деп аталады. Әр топтың алдында 1 компьютерден тұр, сол компьютермен «Менің ауылымның болашақтағы көрінісі» деген тақырыпта Paint редакторында бірлесіп сурет салады және салған суреттерін қорғайды. Әділ қазылар алқасы топтың суретті салуына және оны түсіндіруіне баға бересіздер жоғарғы ұпай 10.
ІV кезең. «Ғажайып алаң». Бұл сайыста 10 20 30 ұпайдан тұратын ұяшықтар болады. Топтар ұяшықты таңдай отырып дұрыс жауап берсе сол ұпайды алады.
Осымен «Информатика ғажайыптары» сайысы да өз мәресіне келіп жетті. Сайысқа жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар танытып, қатысудың өзі де үлкен жеңіс деп білеміз. Әділқазы мүшелері сайыс нәтижелерін қорытындыласа.
Көңіл қойып, уақыт тауып келгендеріңізге мың алғыс! Арманымыз әрқашан асқақ болсын, қанаттарыңыз тек биіктерден қағыла берсін! Жеңістеріңіз көп болсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
№265 негізгі мектебі

Қатысушы сыныптар: 5,6,7,8,9
Пәні: Информатика
Мұғалім: Мұғинадин Назерке
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген