Сайыс:
Математика еліне саяхат.
Мақсаты:
Оқушылардың
ой-өрісін кеңейтіп,қабілеттерін
ерекшелеу,белсенділігін дамыту,
ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге,
халқымыздың асыл қазынасын
дәріптеуге,жылдамдыққа, ширақтыққа
тәрбиелеу.
Жарыс
заңы ежелден,
Жеңімпазды
анықтау,
Жеңімпаз
болу шарты сол,
Еңбектену,
жалықпау!
Сәт-сапар
тілеп бәріне,
Сайысты
біздер бастайық!
Математика
елінде
Математика
тілінде
Есеп
шешіп жарысып,
Жеңімпаздарды
анықтап,
Марапаттап
тастайық!
Ойын
шарты:
Эстафета
(топтың әрбір баласы кезектесіп 1
сұрақтан жауап береді (әркім өз сұрағына
жауап беруі керек) , дұрыс жауап берсе
қолындағы жалауды келесі ойыншыға
беріп, алдарындағы жауаптарды ашып,
әріптерден сөз құрайды. Жауапты дұрыс
таба алмаса, әріптер ашылмайды)
«Бала
тілі- бал» сайысы.(баланың түсіндіруі
бойынша жасырылған сөзді тауып, 3 тілде
жауабын айту)
«Кім
тапқыр?» ( 1)берілген нүктелердің
координаталары бойынша жасырылған
суретті сызу; 2)сағатты тең алты бөлікке
бөлгенде, барлық бөліктеріндегі
сандардың қосындысы тең болуы керек;
осы кезде көрермендерге математикалық
жұмбақтар қойылады 3-5 минут)
1.
Эстафета:
1-топ:
1)
Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда
қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
2)
2 ғасырда неше жыл бар?
(200)
3)
π-дің
мәні неге тең? (3, 14-ке)
4)
Қабырғасы 6 см-ге тең квадратқа іштей
сызылған шеңбердің радиусы неге тең? (3
см)
2-топ:
1)
Нүктенің координаталары қалай аталады?
(абсцисса, ордината)
2)
Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан
қабырғасының ортасын қосатын
кесінді
(медиана)
3)
Шеңбердің ең үлкен хордасы. (диаметр)
4)
Қай сан барлық санға қалдықсыз
бөлінеді? (0)
3-топ:
1)
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?
(«Әл-жебр» деген араб сөзінен)
2)
Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын
геметриялық фигура (бұрыш)
3)
Кез – келген екі нүкте арқылы нені
жүргізуге болады? (түзу)
4)
Координаталық жазықтықта неше ширек
бар? (4)
4-топ:
1)
Қандай түзулердің ортақ нүктесі
жоқ? (параллель)
2)
Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
3)
Кез-келген сан осы санға қалдықсыз
бөлінеді? Ол қандай сан? (1)
4)
Екі
нүктенің арасындағы түзу қалай аталады?
(кесінді)
Қойылған
сұрақ, есепке,
Ойланып
жауап іздейік.
Уақытты
текке өткізбей
Лезде
шешіп өтейік.
Сайысымыздың
келесі айналымына көшейік ...
2.
«Бала тілі-бал» сайысы.
1
топқа жасырылған сөз: орындық
2
топқа жасырылған сөз: тақта
3
топқа жасырылған сөз: мұражай
4
топқа жасырылған сөз:
су
3.
«Кім
тапқыр?»
(
1)берілген нүктелердің координаталары
бойынша жасырылған суретті сызу;
2)сағатты тең алты бөлікке бөлгенде,
барлық бөліктеріндегі сандардың
қосындысы тең болуы керек; осы кезде
көрермендерге математикалық жұмбақтар
қойылады 3-5 минут)
1
сурет-көбелек;
2
сурет-қоян;
3
сурет- машина;
4
сурет-күшік.
Көрермендерге
жұмбақтар:
Біз
санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы
ұқпас адамға
Құбыжық
боп көрінген,
Дұрыс,
бұрыс, аралас,
Ондық
болып бөлінген. (бөлшек
сан)
Алды
артымыз шексіз де
Жете
алмайсың біздерге.
Сәуле
менен кесінді
Шыққан
тегін білсе де. (түзу)
Күшіне
сенген бір мықты
Жығып
алып сегізді
Қайда
барайын дегізді (шексіздік)
Келбеті
келген бір сұлу
Жағасы
жоқ, жеңі жоқ
Үшбұрыш
көйлек киіп тұр
Етегі
жерге тиіп тұр (пирамида)
Шекер
жейтін ақ құтан
Бір
қазыққа байланды
Аузына
тістеп шекерін,
Ол
қазықты айналды (циркуль)
Жоқ
өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы
жазулы бір бойында (сызғыш)
Атадан
10 баламыз
Бір
- бір жастан арамыз
Қосылып
кейде басымыз
Азайып
кейде қаламыз
Бөлініп
кейде арамыз
Көбейіп
те аламыз (цифрлар)