400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сайыс сабақ "Математика мейрамханасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой ұшқырлығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математика» мейрамханасы

10000 тг

Күні: 25.02.2020 жыл

Сыныбы: 6

Пәні: Математика

Тақырыбы: «Математика» мейрамханасы атты ашық сабақ

 Мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбы бойынша оқушылардың тірек білімдерінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру және бағалау.

Дамытушылық:Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын дамытумен қатар сұрақтарды бірлесіп талқылап,өз пікірлерін айта білу дағдысына үйрету. Математика тілінің мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік:Дұрыс және нақты жауап беруге,тиянақтылыққа өз мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Түрі: бекіту сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, геометрия, математикалық логика

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бейнероликтер, ойын бөшкелері, балмұздақ сауыттары, ас мәзірі

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, назарларын оқуға аударамыз. Сабақтың мақсатымен таныстырамыз. Оқушыларды тақ, жұп және теріс сандар жазылған жұлдызшаларды таңдау арқылы 3 топқа бөлеміз. Сабақты екі оқушы жүргізеді.

Мейрамхана админстраторы: Әйлеш Аружан

Кадрлар жөніндегі менеджер: Эсимов Бегалы

Даяшы: Өтеш Аида

Сабақ барысы:

(Музыка ойнап тұрады). 

Бүгін біз үшін ерекше сабақ болады. Сабаққа белсенді қатысуға шақырамын. Мен сендермен тренинг өткізгім келіп тұр: Орнымызда отырып, көзімізді жұмайық: 

Көз алдымызға үлкен, әдемі қаланы елестетеміз, онда гүлдер мен теректер жайқалып өсіп тұр. Ол гүлдердің иісі қандай тамаша! Алға қарай жүріп келеміз, жүріп келеміз... Алдымызда биік, көз қызығарлық, зәулім мейрамхана көрінді. 
-Осы көз тартарлық өте әдемі мейрамхананың ішіне кіреміз бе, балалар? 
-Иә, кіреміз! 
Көзімізді ашамыз (экраннан зәулім, әдемі мейрамхананың суреті шығады)

Бүгін біз өзімізді осы мейрамхананың қонағы деп есептейміз. Біздің  есігіміз қалталыларға емес, білімді,парасатты, озық ойлы оқушыларға ашық, өйткені «ақша» ұғымы «білім» ұғымымен алмастырылған.

Сонымен келген қонақ  даяшының қолындағы ас мәзірінен ұнаған асына тапсырыс береді де, түскен тапсырмаларына  жауап  беруге тырысуы керек , жауап бере алмаса  ұпайларынан  құр қалады. Егерде қонақтарымыз сұрақтарға жауап қайтара алмай аз ұпай жинаған болса, сол топ ІІ турдан соң ойыннан шығады. Ал жеңімпаз топ 10000 тг купонға ие болады.

Олай болса, бүгінгі күннің ас мәзірімен таныс болайық. (Даяшы әр топқа ас мәзірлерін таратып шығады)


І тур. «Білім маржаны» ыстық тағамдары

ІІ тур. «Білім нәрімен сусындар» сайысы

ІІІ тур. «Ғажайып тапсырмалар» балмұздағы

ІV тур. «Home work» сусыны


Олай болса, «Білім маржаны» атты ыстық тағамдар сайысын бастайық. Әр қонағымыз өздері ас мәзіріндегі тағамдардың бірін таңдайды да сол ұяшықтағы тапсырманы орындайды. Дұрыс жауап қайтарса даяшы оларға ұпайлар жазылған бөшкелерді беріп отырады.

Жүргізушілер есептің шарттарын оқып отырады.




Манты

№1. -5-12+7=-10

№2. 25-12-17=-4


№3. -9+16-5=2


Тұшпара

№1. -6,9+5=-1,9


№2. -4,7+(-2,5)=-7,2


№3. 9,3-10=-0,7


Бешбармақ

№1. 38-50=-12


№2. 21-(-19)=40


(-16)+(-40)=-56


Сірне




Лағман

-40-(-40)=0


45-(-15)=60


99-100=-1


Қуырылған балық

Құттықтаймыз. Енді ұпай сандарымызды есептеп алайық.

Қарнымыз тойған болар. Онда сусын ішуге қалай қарайсыздар? Олай болса ІІ турымызды бастайық. (Осы арада 1-жүргізуші сұрақтарды оқып тұрады, ал 2-жүргізуші БИС әдіс арқылы оқушыларды кезек-кезек таңдап +/- қойып отырады. Сұраққа дұрыс не бұрыс жауап бергені арнайы дыбыс арқылы белгілі болады)



  1. Кофе: Натурал сан дегеніміз не?

  2. Шәрбет: Рационал сандарға қандай сандар кіреді?

  3. Айран: Пропорция дегеніміз ...

  4. Шай: Шеңбердің ұзындығын қалай анықтаймыз?

  5. Көк шай: Координаталық түзу ұғымына анықтама

  6. Қымыз: Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?

  7. Лимонад: Бүтін сандар жиынына қандай сандар кіреді?

  8. Компот: Санның модулі дегеніміз...

  9. Шұбат: Теріс сандарды қай кезде қолданамыз?

  10. Минералды су (газбен): Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  11. Минералды су (газсыз): Координаталық түзу ұғымына анықтама

  12. Капучино: Қандай сандар 0-ден кіші?



Жарайсыңдар. Жинаған ұпай сандарын есептеп алайық. Аз ұпай жинаған топпен қош айтысамыз. Орындарыңызда отыра берулеріңізді сұраймын.

Ойыныызды әрі қарай жалғастырайық.

Қарындарыңызды тойдырып, шөлдеріңізді бассаңыздар, кезек десертке келсін. Даяшымыз қазір сіздерге «Ғажайып тапсырмалар» балмұздағын алдарыңызға береді. Онда логикалық тапсырма берілген, соны топпен бірге шешулеріңіз қажет. Ақылдасуға 5 минуттарыңыз бар. Жылдам болған топ жауабын айтады.

  1. 1-топ. Мади, Нұралы және Асхат қағаздан кішкентай кемені, жыланды және көкқұтанды жасап алды. Егер, Мади кішкентай кемені және жыланды, ал Нұралы кішкентай кемені жасамаса, Нұралы қай ойыншықты жасады?

Жауабы: Нұралы жыланды жасады.

  1. 2-топ. Меруерт, Қайрат, Елдос және Жаннұрдың туған күндері: 15 мамыр, 7 мамыр, 20 тамыз және 15 қыркүйек. Меруерт пен Елдос әр түрлі айларда, бірақ оның бір күнінде туған. Меруерт пен Жаннұрдың туған күндері сәйкес емес, бірақ бір айда туған. Кімнің туған күні қай айда, қай күні?

Жауабы: Меруерт – 15 мамыр, Жаннұр – 7 мамыр, Елдос – 15 қыркүйек, Қайрат – 20 тамыз

Жарайсыздар. Сіздер біздің мейрамханамыздың қадірлі де құрметті қонақтары болдыңыздар. Мына купонды сіздерге табыс етемін. Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Үйге «Home work» сусынын қабыл алыңыздар. Тағыда кездескенше, сау болыңыздар.








 








«Викторина»

  1. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (тесік)

  2. Қосарланып жегілген ат-арбамен Қайрат 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25)

  3. Бір тонна темірмен, бір тонна мақтаның қайсысы ауыр?( бірдей )

  1. Тауық бір аяқпен  тұрғандағы салмағы 5 кг, ал екі аяқпен тұрғандағы салмағы қанша? ( 5 кг )

  1. Бес бұтақты теректе

Бұтақ сайын  5 алма

Біреуін бер Берікке

Қалады сонда қанша алма?

( Теректе алма өспейді )

  1. Ағасында 12 кәмпит, ал інісінде екеу .

Екеуінде бірдей болу үшін ағасы інісіне неше кәмпит беру керек?       ( 5)

  1. Судың астында қандай тас жоқ. (Құрғақ)

  2. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш болады? (5)

























Shape1

























Shape2

«Математика» мейрамханасы

10000 тг





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі