Сайыс сабақ математика пәнінен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сайыс сабақ математика пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
"ЭРУДИТ" зияткерлік сайыс сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ең қарапайым маселені козғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы,оны жеңу, жаңалыкты ашу куаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»

француз ғалымы Луй де Брайль

Алғы сөз

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Кай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру.

Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне карай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.

Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлык пен еліктеудің маздап жанған

оты. Ойын - ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз

ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жок. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардын ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануда, ұзак уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұскан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылык жасау дегеніміз - олардын үйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, оқушылардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі және белсенділігі артады. Сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті артады.

«ЭРУДИТ»ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС

/интеллектуалды ойын сабағы /

"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім"

М.Әуезов

Ойын мақсаты:

Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушынын жұмысын бағалауға

уйрету;

Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау: . ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тарбиелеу.

Көрнекілігі: интерактив тақта, презентация, сәйкестендіру тақтайшасы,тарсия үшбұрышы

Ойын жүрісі:

Мұғалім:

Армысыздар, бүгінгі

«Эрудит» зияткерлік сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бугінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!Математика болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз матматика сабағы өте қызық екендігін тусінейік.

1-жүргізуші:(Мейрамбек)

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің математика сабағында «Эрудит» зияткерлік сайысын тамашалауға келгендеріңіз үшін рақмет!Сайысымызды бастамас бұрын жүргізушілер яғни біз өзімізді таныстырып кетсек :

Жүргізушілер бірін-бірі таныстырады.

1-Жүргізуші (Мейрамбек)

-Уа, халайық, халайық,

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

есеп шешіп, жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2- Жургізуші (Кәусар)

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

1-жургізуші((Мейрамбек)

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркіңді билеп барынша

Жарыста сірә, қалыспа

Кеш қызыгын ей, достар.

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайык.

2-жүргізуші (Кәусар)

Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс, тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.

О-о-ой, бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші.(Мейрамбек)

Барлықтарыңызды Эрудит зияткерлік сайыс сабығының ашылуымен кұттыктаймыз! Апталықта бәрі бар жарыстарды, конкурстарды... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардын ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін математика пәнінен жарыс

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік!

2-жүргізуші

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Дарындылар тобын халайық.

қол соғып қарсы алайық!

(Ортаға оқушылар шығады)

1- Жүргізуші: Құрметті көрермендер «Ынтымақтастық ортасын» құру мақсатында әр топ өздерінің қарсыластарына дайындап келген сыйлықтарын беруге рұқсат етіңіздер. бес топ әр өздерінің сыныбының литері бойынша бастай береді.1- 5А,2-5Б,3-5В

2- Жүргізіші :Сайысымыздың бірінші кезеңі «Танысытыру кезеңі" ,бұл кезде әр топ өздерінің (топтар атын,ұранын,эмблеммасын) таныстырады.

1-топ : Тапқырлар 5 «А»

2-топ: Бірлік 5 «Б»

3-топ : Болашақ 5 «В»

4-топ: 5 Г

Бұл кезде әр топ өз-өздерін танысытырады. : Құрметті әділ қазылар алқасы сайысымызды бағалау 5 баллдық жүйемен бағалайсыздар

2-жүргізуші :

Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымнын жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын !

1- жүргізуші: дей отырып келесі сайыс « үй тапсырмасы»

2- Жургізуші: Бул сайыс кезенінде топтар үйде қарсыластарына дайындап келген (бір ребустарын және бір жұмбақтан тұратын )сұрақатарын бір-біріне жасырады. 5 А сыныбы 5Б ға,5Б сыныбы 5В: 5В сыныбы 5А ға дайындап келген ребусымен жұмбағын тапсырады.

1- жүргізіші : Осы сайыс бойынша бағалау әр дұрыс берген жауап үшін 5 баллдан беріледі.

2-жүргізуші :

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Математика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғайық жүйелі

Таңдайымызға татырлық - дей отырып келесі сайсымыз

3 кезең «Топ басшылар сайысына» берсек

1- жүргізуші: бұл сайыста әр топтың капитандары шығып тақтадағы сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауапқа бір баллдан беріледі.

Жауап бермес бұрын қолдарындағы жалаушаларды пайдаланады, қайсысы жалаушаны бірінші көтереді сол топ басшы жауап береді.

2- Жүргізуші : капитандар сайысқа дайынсыздар ма ?Дайын болсаңыздар ал ендеше бастайық!

1- жүргізуші : 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? ( сол 3 кг күйінде қалады)

2- жүргізуші : 2.қай кезде біз 2 деген санға қарап "он" деп айта аламыз? ( сағат тілінде 2 - ге қарап он кетті деп айта аламыз)

1 - Жүргізуші:3.Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді?

Жексенбіден 3 тәулік бұрын қай күн келеді? ( сейсенбі ,бейсенбі)

2- жүгізуші : 4.Қазанға бірінші не түседі? (көз)

1 - Жүргізуші:Топ басшылар сайысының соңғы сұрағы 5.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

1-жургізуші : Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста керек екен. - дегендей

4-ші кезеңі «топ мүшелер сайысына» кезек берейік.

2-жүргізуші :бұл кезеңде әр топқа 3 сұрақтан беріледі 3-ші сұрақ ортақ ,ал екі сұрақ жеке-жеке беріледі топқа ,әр дұрыс жауап үшін 3 балл ал егерде бір топ жауап бере алмаған сұраққа, келесі топ жалаушаны көтеру арқылы жауап беруіне болады және баллды сол топ алады.

1-жүргізуші : бұл жерде 3 кезең бойынша артта қалып келе жатқан топ

бастайды .

2 –жургізуші :1. Ең үлкен натурл сан?. Дұрыс жауабы(шексіз)

1- Жүргізуші:2. әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар?( 8 баласы бар )

2-жүргізуші : 3-ші сұрақ ортақ сұрақ бұл сұрақта барлық топ орындап, қорғау керек Геометриялық фигураларды пайдаланып ,адамның суретін салыңдар?.Шарт: салған адамды таныстыру керек, ол адамның аты болуы тиіс.

1 - жүргізуші : әр топтың топ басшылары шығып салған суреттерін қорғайды.

2-жүргізуші: келесі топтың бірінші сұрағы 1. Устел беті төртбұрышты оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

1-жүргізуші: 2. Кандай санның жазылуында қанша орын болса,

соншалық цифр бар?. (жүз)

1- жүргізуші: келесі топтың сұрағы 1. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минутта)

2- жүргізуші: 2.Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар (4 мысык)

  1. жүргізуші: келесі топтың бірінші сұрағы 1.Ахметтің әкесінің алты ұлы бар 1)Ержан 2)Ерлан 3)Ербол 4)Еркін 5)Ерсін 6-шы ұлының аты кім?

  2. Жүргізуші: 2. 1- бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа неше литр сүт береді (Бұқа сүт бермейді)

1-жүргізуші: Мәнгі бақи есте қалар ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, деп біз енді сайысымыздың

5- кезен«Кім жылдам?» кезеңіне келдік бұл «ТАРСИЯ» әдісі , бұл әдісте топтар үшбұрышты берілген сұрақ- жауабы бойынша жылдамдықпен құрау керек және скотчпен мықтылап әділ қазылар алқасына апарып беруі тиіс.

2-жүргізуші:бұл кезеңде ұпай саны жылдамдықтарына қарай беріледі,Асел көмекші қызымыз секундомер қосып тұрады , қай топ қандай секундта аяқтағаны туралы қазылар алқасына айтып тұрады.Ең жылдам аяқтаған топқа 5 балл беріледі, кейін аяқтаған топтарға одан кіші баллдар беріледі.

1-жургізуші: Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Білім мухит кемесін

Мінер ұрпақ болар ма? Деп келесі кезең

6- кезең «Математикалык хоккейге» берейік.Бұл сайыс қарапайым сәйкестендіру,бұл сайыста әр топтың алдына тақтайшалар беріледі,сол тақтайшалардың бір шетінде сұрақтар,ал екінші шетінде жауаптары .Шарты: сұрағын жауаптарымен әртүрлі түсті резинкалармен сәйкестендіреді.Сәйкестірген топ қазылар алқасы мүшелеріне апарып көрсетеді, неғұрллым жылдам орындаған топтарға жоғарғы баллдар беріледі.Балл саны:5 балл

2-жүргізуші: Жылдан-жылға оқу салған ой-арнан,

Талапкердің толқынымен тулайды,

Сусындалып ғылым шыңның басында

Сұңқар болып білімпаздар шулайды дей отыра келесі кезең

7-кезең «қас -қағым сәт»деген кезеңге келетін болсақ ,бұл тур да 10,20,30

жане 40 ұпайлық ұяшық берілген сол ұяшықтарда екі сұрақтан .

1-жүргізуші:бұл кезеңде ұяшықты бірінші болып таңдайтын алдыңғы

кезеңдер бойынша ұпай саны көп топ таңдайды ,таңдап жауап бере алмай

қалса қарсылас топ жауап беруіне болады және ұпай санынң жартысын алып кетеді.

10-ұпайдың сұрақтары: 1.Дүйсенбі сөзін басқа екі тілде айт (Понедельник,мондей) 2.Кесінді деген не? (екі шеті нүктемен шектелетін сызық)

20 -ұпайдың сұрақтары: 1. 12 айдын ішінде 28 саны қай айда кездеседі?

(барлық айда яғни 12 айда)

екінші сұрағы:2. 100 жылдын баска атауы. ( 1 ғасыр)

30-ұпайдың сұрақтары: 1.Нанды үш бөлікке бөлу үшін,

нанды неше рет кесу керек? (2 рет)

екінші сурагы:2. Кім барлық тілде сөйлейді ? (кітап)

40-ұпайдың сұрақтары: 1.Аралас санды аралас санға қалай қосамыз?

( аралас сандарды қосу үшін бүтін бөліктерін косып аламызда ортак белімге келтіріп бөлімін бөлім етіп жазып алымдарын қосамыз)



санның цифрларының қосындысы 3 пен 9 ға бөлінсе ондай сандар 3 пен 9 ға бөлінеді)



1 -жүргізуші: кездестік міне тағы да

Саласында білімнің

Сараптауға асықпай

Математика кызығын- міне сайысымыздың соңына келіп калыппыз.

2-жүргізуші : Қазылар алқасы топтардың ұпайын есептеп ,жеңімпаз топты анықтауларынызды сұраймыз ,ал біз осы уақытта «көрермендермен ойын»

кезеңіне жол берсек

1 жүргізуші : 3 сурақ беріледі дұрыс жауап берген көрерменге қошемет

көрсетіп силық береміз

2-жургізуші : 1.Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)

2.Барлық қабырғалары тең төртбұрыш(шаршы)

3.Екі шеті шектелмеген сызықтың аты? (түзу)

1-жургізуші: : Жеңімпаз топты марапаттаймыз.

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мухитында алып кемең,

-дей отырып бүгінгі сайыс

сабағымызды аяқтаймыз.

Ойынымызға келіп, қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың

-мың рахмет! Сау болыңыздар!































Алматы облысы Талғар ауданы Еркін ауылы №26 орта мектебі

















«ЭРУДИТ»ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС

/интеллектуалды ойын сабағы /

(5- сыныптар арасында)























Мұғалімдер :







2024-2025 оқу жылы













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2024
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі