400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сайыс сабақ Мұқағали- мәңгілік ғұмыр 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың поэзияға деген құштарлығы артады, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұқағали Мақатаев туылған күніне орай өткізілген « Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты оқушылар арасында өткен сайыс


Жүргізуші:

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.

Бүгінгі Мұқағали –мәңгілік ғұмыр сайысының басты мақсаты мен міндеттері:
- мектеп оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Мұқағали –мәңгілік ғұмыр сайысының шарттары:


1. «Менің пірім - Мұқағали
» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. (5-10 балл)
2. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап... » айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады.
3. «Есіңе мені алғайсың» айдарында қатысушы оқушылар Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер орындайды.
4. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» - сұрақ – жауап кезеңі. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы жорға ойыны секілді. Бір минутта он сұрақтың қаншасына жауап береді, оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.
Сайысқа қатысушы түлектерді таныстырып өтейін. (Аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келеді.)
Сайысқа қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз.


Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.


1. Исаева С- қазылар алқасының төрағасы,директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2. Есбергенова Ғ –мектептің педагог-ұйымдастырушысы, мүшесі.
3. Мамырова Э- қосымша білім беру педагогы, мүшесі.
4. Сералиева А -қазақ тілі пәні мұғалімі, мүшесі.


Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін «Менің пірім - Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп айтады.


Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпен құбылар
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, - деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған екен.
Ендігі кезек, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімі. Бұл бөлімде оқушы өзінің төл туындысын оқиды.

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»- деп Тұманбай Молдағалиев баға берген

.Ендігі кезекте «Есіңе мені алғайсың»кезеңінде оқушылар Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер орындайды.


Келесі бөлім «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» деп аталады. 1 минуттың ішінде Мұқағали өмірімен шығармашылығынан он сұрақ қойылып, жауап алынады.

Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.Ендеше, бүгінгі Мұқағали-мәңгілік ғұмыр сайысына қатысқан оқушыларға үлкен рахмет,алдағы уақытта тек биік белестерден көріне берсін дегіміз келеді.


















№103 жалпы орта мектебі









Shape1







Тақырыбы: Мұқағали- мәңгілік ғұмыр



Сыныбы: 7



Пән мұғалімі: Байбол С



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі