Материалдар / Сайыс сабақ "Ойнайық та, ойлайық!" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сайыс сабақ "Ойнайық та, ойлайық!" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс сабақ барлық пәндер бойынша 1 сыныпқа арналған. Сайыс сабақ әр пәннен сұрақтардан, есептерден, тапсырмалардан тұрады. Сәйкестендіру тапсырмаларынан, мозайка құрастырудан балықтарды аулаудан сайыс сабақтардан тұрды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2022
723
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақсу кентінің №1 ЖОББМ













Сыныптан тыс сабақ

Ойнайық та, ойлайық!



1 «А» сыныбы

Сынып жетекші: Турсумбаева Гулнур Кенжебаевна





















2021-2022 оқу жылы



Тақырыбы: Ойлайық та, ойнайық!

Мақсаты: 1. Білімділік: Сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.

2. Дамытушылық:Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, жұптық, топтық тапсырмаларды орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе суреттер. Әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, сәйкестендіру.

Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз:
Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап.
Әр қиямға салған шақ,
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған.

Құрметті ұстаздар « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей «Ойнайық та, ойлайық!» тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Қайырлы күн,достар!

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестіктер болсын!!!

Негізгі бөлім

Бүгін 1 «А» сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең тапқыр оқушысын анықтамақпыз.

Әр топтағы оқушылардың дұрыс жауаптарына бір ұпай беріліп отырады. Сайыс соңында ұпай сандарын есептейміз.

Сонымен, балалар дайын болсақ, мен сендерге бүгінгі ойынның кезеңдерін айтып өтейін.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!» 

ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»

ІІІ айналым «Сандар да сөйлейді»

ІV айналым «Төлдеріне қос»

Ойын шарттарымен таныс болдық , ендеше  «Тездет, бірақ қателеспе!»  І айналымға кезек берейік.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»

Шарты: «Тездет, бірақ қателеспе!» айналымындағы сұрақтар біз өткен тақырыптар бойынша беріледі. Сендер ойланып, тек дұрыс жауабын ғана айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қане, ойын шарты түсінікті болса, бастайық. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін.

Сұрақтар:

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2. Табиғат нешеге бөлінеді? 3. Кітапхана деген сөзде неше буын бар? 4. Қазір жылдың қай мезгілі?

5.Бір аптада неше күн бар?

/Бір аптада жеті күн/

5. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

6. 5 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?

7. Ағылшын тілінде көк түс қалай айтылады?

8. Орыс тілінде ақ түс қалай айтылады?

9. 10-ға дейін ағылшынша сана. https://youtu.be/UGsI7-uf-Y0

10. Мына мақалды аяқта. /Ас атасы-нан./ Жарайсыңдар, балалар, ендеше бұл айналымның ұпай сандарын қорыта кетейік. ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»

Бұл кезеңде сендер қима суреттерді құрастыра отырып әңгімелейсіңдер.

/Үй жануарлары суреттерін құрастырады/

/Үй жануарларының суреттерін құрастырады/

/Жабайы аңдардың суреттерін құрастырады/

ІІІ айналым «Сандар да сөйлейді»

Берілген тапсырмалар тақтада орындалып, оқушы ауызша жауап береді.

ІV айналым «Төлдеріне қос»

Оқушылар тапсырманы екеуара сәйкестендіру арқылы орындайды. Орындалған жұмыстар әр оқушылардан сұралады.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың жинаған ұпайлары мен сайысқа дұрыс жауап берген және белсене қатысқан оқушылар марапатталады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!