жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сайыс сабақ Тапқыр болсан озып көр 2 сынып
Тақырыбы: Тапқыр болсан озып көр!
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру,
пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту,
ауызша логикалық ойлауға баулу.
Көрнекілігі:
Үлестірмелі қағаздар, интерактивті
тақта, әр түрлі суреттер.
Түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: «Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы» - демекші, балалар қонақтармен
сәлемдесіп алайық.
Балалар: Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған,
Апайларды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Мұғалім: - Рахмет, балалар. «Қайталау – білімнің анасы» - демекші,
өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді пысықтау
мақсатында, бүгінгі сабағымызды «Тапқыр болсан озып көр!» атты
интеллектуалдық сайыс түрінде өткіземіз.
Қонақтарды топтармен таныстыру.
- Бірінші топ «Тұлпар», екінші топ «Сұңқар».
- Әр топтың басшысын таныстыру. (Казиоллин Е. және Нашанова А.)
- Топтар бір – бірімен сәлемдесіп алады.
I топ
«Тұлпар»- Асау тұлпар желдей ескен
арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
II топ «Сұңқар» - Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
Мұғалім: - Рахмет. Балалар,
бүгінгі біздің сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
1 кезең – «Жорға»екі топқа сұрақ
қою
2 кезең – « Мюнстерберг» әдістемесі
3 кезең – «Полиглот», «Кім жылдам?» ойыны.
4 кезең –
«Тапқыр болсаң ұтып
көр»
5 кезең – Кім
жылдам?
6 кезең - «Бәйге».
І кезең «Жорға» екі топқа
сұрақ қою.
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң
жауап береді.
«Тұлпар» тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Қазақстанның елбасы кім? (Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев)
3. 1м-де неше см бар? (100 см)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (үш: қатаң, ұяң, үнді)
5. Есту мүшесі не? (құлақ)
6. Аспанда неше ай бар? (бір)
7. Аюдың баласын қалай атайды?(қонжық)
8. Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9. Бағдаршамда неше көз бар? (үш: жасыл, сары, қызыл)
10. Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
«Сұңқар» тобы:
-
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (екі: жуан, жіңішке)
-
Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (ту, елтаңба, гимн)
-
Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
-
Ең қорқақ аң? (қоян)
-
Қазақ тілінде неше әріп бар? (қырық екі)
-
Аптаның соңғы күні (жексенбі)
-
Бауырсақ сөзінде қанша буын бар? (үш)
-
«Ғылым таппай мақтаңба» өлеңінің авторы.(Абай Құнанбаев)
-
Күйді орындаушы кім? (күйші)
-
Жыл мезгілдерін ата? (күз, қыс, көктем, жаз)
ІІ кезең «
Мюнстерберг» әдістемесі. Екі топқада бір
тапсырма
Мақсаты: Әдістеме зейіннің таңдамалылығын
анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас
сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын
сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2
минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен
байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты
бағаланады.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер
Рахмет. Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете
білдіңіздер және сөздердітаба
білдіңіздер
Талқылау: Ең көп сөз құраған қай топ
болды?
IІІ кезең: «Полиглот», «Кім
жылдам?» ойыны.
- Балаларға экраннан (слайд арқылы) әр түрлі суреттер
көрсетіледі. Сол суреттегі заттардың атауларын үш тілде, яғни
қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту қажет.
1. Кітап – книга – book (бук)
2. Дәптер – тетрадь – copy - book (копи бук)
3. Ит – собака – dog (дог)
4. Мысық – кошка – cat (кәт)
5. Алма – яблоко – apple (эпл)
6. Алмұрт – груша – pear (пеа)
7. Қызанақ – помидор – tomato (томатоу)
8. Қияр – огурец – cucumber (кйюкамбә)
9. Арыстан – лев – lion (лайән)
10. Түлкі – лиса – fox (фокс)
11. Қоян – заяц – a hare ( хэа)
12. Аю – медведь – a bear (беа)
- Балалар, басқа тілде үйренген өлең - тақпақтарың бар ма? Кім
айтады?
IVкезең:
”
Тапқыр болсаң ұтып көр”
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз.

V кезең: «Кім жылдам»? Геометриялық фигуралардан пішіндер шығару.

VІ кезең: «Бәйге» деп аталады.Бұл кезеңде сұрақтар қойылады. Сіздер сұрақтарға «иә», «жоқ» деген жауап бересіздер.
«Тұлпар»
тобына
1.Біздің облыс Атырау (жоқ)
2.Қыс айлары (наурыз , сәуір, мамыр) (жоқ)
3.Қыста ұйықтайтын ірі жануар – аю (иә)
4. Күндіз аспанда жұлдыздар болады (жоқ)
5. Біздің туда бейнеленген ( қыран ,
күн , ою ) (иә)
6.Табиғат тірі, өліге бөлінеді (иә)
7. Көктемде жеміс-жидектер піседі (жоқ)
8. Түйеқұс ұшады (жоқ)
«Сұңқар» тобына:
1. Адамға қажетті нәрселер- тек ауа мен су
(жоқ) (ауа , су , күн , жылу , қорек )
2. Тамыз айында мектепке барамыз ( жоқ)
3. Қыста қар көп жауады (иә)
4. Біздің ауыл – Құрманғазы (жоқ)
5. Өз балапанын басқа ұяға тастап кететін құс-қарлығаш (жоқ)
/көкек/
6. Тиін қыста ұйықтайды (жоқ)
7. Түнде ұшатын құс-жапалақ (иә)
8. Бағдаршамның көзі: ақ, жасыл, қызыл
(жоқ)
Марапаттау.
Осымен сайсымыз аяқталды. Құрметті әділ – қазы алқасы топтардың жалпы ұпайын шығарып, жеңімпаз топты атасаңыздар. Топтар марапатталады.
Жеңген топты құттықтаймыз. Сабағымыз аяқталды келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер





Тұлпар
Сұңқар
+
4
2 +0----Н+0
-
+
5
2 +4----О+0
-
+
6
2 -4----Қ+0
+
+
7
2 -2----Я+0
+
|
7 |
8 |
9 |
3 |
|
|
|
|
|
«Тапқыр болсаң озып көр» атты сайысқа анықтама
Қараша айында 2 сыныпта «Тапқыр болсаң озып көр» атты сайыс сабақ өтті.
Көрнекіліктері:Үлестірмелі қағаздар,
интерактивті тақта, әр түрлі суреттер, топтардың аты,
ұраны
Сайыс сабақтың мақсат –
міндеттері: Бастауыш сынып оқушыларында
білім негізін қалыптастыру, пәндерге деген қызығушылығын ояту,
сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға
баулу.
Мұғалім ұйымдастыру бөлімін өткізді. Топтарға бөлінді. Әділқасы алқаларымен таныстырды. Оқушылар ойын шарттарымен таныстырылды.
Бірінші кезең - «Жорға»екі топқа сұрақ қою. Топтар ұтымды жауап берді.
Екінші кезең – « Мюнстерберг» әдістемесі.Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызды.
Үшінші кезең
– «Полиглот», «Кім жылдам?»
ойыны.Балаларға экраннан
(слайд арқылы) әр түрлі суреттер көрсетілді. Сол суреттегі
заттардың атауларын үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде
айтты.
Төртінші кезең – «Тапқыр болсаң ұтып көр» математикалық есептің мәндерін
табады.
Бесінші кезең – Кім жылдам?Геометриялық фигуралардан
пішіндер шығару.
Алтыншы кезең - «Бәйге».Бұл кезеңде сұрақтар қойылды. Сұрақтарға «иә», «жоқ» деген жауап берді.
Қорытынды: Тапқыр болсаң озып көр сайысы жоспар бойынша тақырыпқа сай өткізілді. Сайыстың мазмұны қызықты болды. Оқушылар белсенді жұмыс жасады. Уақытты тиімді пайдаланды.
Ұсыныс:
-белсенділігі төмен оқушылармен жұмысты күшейту
Сынып жетекшісі: Дощанова З.Ж.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген