15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шәкәрім Құдайбердиев "Жастарға" өлеңі
8 «А» сыныбында әдебиет пәнінен сабақ жоспары.
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп: «Тарбағатай ЖББОМ»КММ Күні: 12.12.2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні:Узбекова А.С. Сынып: 8 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінің идеялық құндылығы |
||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
Т/Ж 4Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану . А/И 2Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау. Б/С 3Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу. |
||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
|
||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: |
Көркем шығарма үзінділерін талдап, өз көзқарасын білдіреді |
||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: |
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қатынасын талдайды |
||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: |
Шығарманың идеялық құндылығын талдап, әдеби эссе жазады.
|
||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика мен терминология: рухани құндылық, заманауи, жаңашылдығы, жат мінез, бұл дүние, надандықтан жиреніп, өлеңнің сырты ащы, ғылым жолын қуайын. |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлттық, рухани, материалдық |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, технология пәнімен байланыс болады |
||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақта Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастаны тақырыбы бойынша орындалған тапсырмаларда талдау, сараптау, сыни ойлау қабілеттерін дамытып, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылық дағдыларын жетілдірді. Бұл сабақта қалыптасқан дағдыларын одан әрі жетілдіру үшін әртүрлі тапсырмаларды белсенді түрде орындайды. |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут
8 минут
|
1.Сабақтың
мақсатымен таныстыру. Рухани жаңғыру
.Қыран құс бейнесінен мозайка. Мұғалім түрлі-түсті қиындымен бағалап отырады, нәтижесінде сол қиындылармен қыран құстың мозайкасын құрайды. Миға шабуыл 1-қадам Зерек жас «Магнитті деректер » әдісі Оқушылар өткен тақырыптағы деректерді еске түсіреді.
Топқа бөліну 1-топ Алма отаны.2-топ Қызғалдақ отан.3-топ Түркі әлемінің бесігі
|
Слайд
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
10 минут
10 минут
|
«Кинометафора әдісі» Сынып оқушыларына алдымен «Шаһкәрімнің Жастарға өлеңі» бейнежазылымын көреді.(https://www.youtube.com/watch?v=Rv4RmWP5gZo). 2-қадам Білімді жас «Жолаушының қойын дәптері» тәсілі .
Оқушылар
кестенің , бірінші бөлігінде өлең
жолын оқиды ,екінші бөлікке өлең
жолдарынан ұққанын талдап жазады.
3-қадам Ойшыл жас«SWOT» талдау әдісі Кейіпкер бейнесіне талдау жасайды
4-қадам Ізденімпаз жас. «Шаһкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?» деген тақырыпта эссе жазу Оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырма ретінде алынған әдіс. Оқушылар дерек көздерін пайдалана отырып жұмыс жасайды.
|
http://abaialemi.kz/post/view?id=530 Ш,Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут
|
Кері байланыс: Көңіл-күй кестесін толтырып, кері байланыс береді.
|
Кері байланыс парағы |
|||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен техника қауіпсіздігін сақтау |
|||||||||||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау,топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың соңындағы «Ізденімпаз жас» әдісінде қабілеті жоғары оқушының шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.Қабілеті орта оқушылардың танымдық, сыни ойлау қабілеттірін жетілдіру «Жолаушының қойын дәптері» тәсілі кезінде жүзеге асырылады. |
Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылды.Бағалау мұғалім тарапынан мозайка бөліктері берілді. Оқушылар өздерін-өздері көңіл күй эмоциясы парақшасымен бағалайды. |
Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылды. Бағалауға алынған қыран құс бейнесінен жасалатын мозайкаға арналған қауіпсіздік ережесімен танысты. |
|||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген