400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы - тарихи тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар өлеңді жұпта оқып, болжамдарының қаншалықты сай келгенін талқылайды. Оқылым бойынша тапсырмаларды орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерген директордың орынбасары:


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тарихи тұлғалар тағылымы

Түркістан облысы

Шымкент қаласы

Қалдаяқов көшесі

45 мектеп-гимназиясы

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ: Мейрбекова Асемкул Билдебековна

Сынып: 8Т2

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :


Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы – тарихи тұлға



Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну;

8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау;

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау;

8.4.3.1 - жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу;

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

  • Мәтіннен тілге байланысты ойлар мен көркемдегіш құралдарды анықтайды.

Бағалау

критерийлері

  • Тілге қатысты ойларды әр шумақтан табады.

  • Мәтіннен эпитет, теңеу, ауыспалы мағынадағы сөз мен метафораны анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жетік білу, тілді меңгеру, еңбек ету

Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

Пәнаралық

байланыс

тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут













Сергіту сәті.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қызметі

ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор

Туған күні

11 шілде 1858

Туған жері

Кең-Бұлақ, Семей облысыРесей империясы

Азаматтығы

 Ресей империясы

Ұлты

қазақ

Қайтыс болған күні

2 қазан 1931 (73 жас)

Қайтыс болған жері

 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Әкесі

Құдайберді

Анасы

Төлебике (Дәметкен)

Жұбайы

Мәуен 
Айғанша

Балалары

Мәуеннен: Әбусуфиян және Ахметтауфиқ 
Айғаншадан: Ғабдулғафур (Ғафур), Ғабдулла (Қабыш), Жебірейіл, Ғабдулаха (Ахат), Зият, Жәкім, Кәми, Гүллар



Шыңғыстаудың күнгей жағын суландыру жұмысын зерттеген экспедиция көмекшісінің фотосуреті

Мұғалім оқушыларға фото суреттерді көрсетіп, сұрақтар қояды.

Бұл кім деп ойлайсыз?

Жүргізілген экспедицияға қандай көмек көрсетуі мүмкін?

Оқушылар болжамдарымен бөліседі. Мұғалім Шәкәрім Құдайбердіұлының суретін көрсетеді. Оның бірнеше тіл білгенін айтып, тақырыппен байланыстырады.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын таныстырып, талқылайды.


Таныстырылым


















Сабақтың ортасы

5 минут









5 минут



























7 мин

















12 мин










Оқылымалды тапсырма

Мұғалім оқушыларға Шәкәрім өлеңінің мазмұнына қатысты суреттерді көрсетеді. Оқушылар суретке қарап, өлең мазмұнын болжайды.

Оқылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар өлеңді жұпта оқып, болжамдарының қаншалықты сай келгенін талқылайды. Оқылым бойынша тапсырмаларды орындайды.


Жасымнан жетік білдім түрік тілін

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн,
Сол тiлге аударылған барлық iлiм,
Ерiнбей еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнiм.

Оятқан менi ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тiлiн үйренумен
Надандықтың тазарып, кеттi кiрi.

Танбаймын, шәкiртiмiн Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпiр қойдың.
Жанымен сүйдi әдiлет‚ ардың жолын,
Сондықтан ол иесi терең ойдың.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың
Алданбассың артынан ере берсең.

Оқылым кезіндегі тапсырма

1-тапсырма. Өлеңнен төменде берілген ойды тауып жаз.

1.

Тілді үйрену туралы ой


2.

Тілді үйренудің маңыздылығы


3.

Үлгі алатын тұлғалар туралы ой


4.

Қандай кеңес береді?



Оқылымнан кейінгі тапсырма

2-тапсырма. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.

Эпитет -заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым. Мысалы, алтын күз

Метафора - ауыспалы мағыналы суреттеме сөздердің бірі. Екі нәрсенің не сыртқы түрінің, не ішкі қасиеттерінің жақындығына, ұқсастығына қарай бірінің орнына бірін алмастырып айту. Мысалы, Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны; Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр;

Ауыспалы мағыналы сөздер – терең білім

Дескриптор

  • Өлең мазмұнын түсіреді;

  • Өлеңнен нақты ақпараттарды тауып жазады;

  • Кемінде үш көркемдегіш құралды анықтай алады.

Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.


Таныстырылым







Таратпа материал









































Сабақтың соңы

4 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.


Рефлексия.


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға «Иә», «Дұрыс», «Жарайсың!» «Ақылдым сол» деген сөздермен қолдап отырамын.

Қабілеті жоғары оқушыларға кітапта берілмеген ақпараттар табуға кеңес беремін.

Қосымша сұрақтар арқылы тексеремін.

Тарихи оқиғаларға ұштастыра келе кейіпкерлердің аты мен үлгілі мінездеріне тоқталамын. (есте сақтау мақсатында)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі