Материалдар / Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастанының композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:118жоббм

Пән: қазақ әдебиеті


Күні : 02.11.22ж

Мұғалім: Қожамұрат Г.

Сынып: 8 а

оқушылар саны:19

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақ мақсаты:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастанының композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

Бағалау критерийі:

  • Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке,бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.



Жоспар

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал.

Қызығушылықты ояту

https://yandex.kz/video/preview/4061864369446347765

cайтынан Димаш Құдайергеннің орындауында «Кебек» әнін тыңдайды. Әннен алған әсері; әннің не жайында екені; тарихтағы Еңлік-Кебек оқиғасынан білетіндері жөнінде тобымен пікір алмасады, өз ойларын сыныппен бөліседі.

Ой шақыру «Еңлік -Кебек» әнін тыңдату

-Балалар, бұл ән кім туралы?

-Иә, поэмадағы Кебектің бейнесін ашатын шумағы әнге арқау болған. Олай болса, бүгін Ш Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасаймыз.

Үй тапсырмасы «Wordwall» бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары

1.Еңлік-Кебек поэмасының неше нұсқасы бар?

А)3 Ә)2 Б) 4 В) 5

2.Ш.Құдайбердіұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А)1843ж Қызыл қоғаӘ)1858ж Абай ауданыБ) 1885ж Торғай В) 1897ж Малай ауданы

3. Поэманың басты тақырыбы мен идеясы

А)Кебек батырдың ерлігі Ә) Ру тайпалардың араздығы Б)Қос ғашықтың арасындағы махаббатВ) Әйел теңсіздігі

4.Поэма оқиғасы қай жылы, қай жерде болды?

А)1780ж ШыңғыстаудаӘ)1756ж Қасқабұлақ Б)1766ж Семейде В)1804ж Жайықта

5.Шәкәрім қай жылы қажылық сапар шегеді?

А)1906ж Ә)1910ж Б) 1920ж В) 1905ж

6. Шәкәрімнің әкесі қай жылы, неше жасында дүние салады?

А) 1866ж 37жас Ә) 1876ж 40жас Б) 1878ж 45жас В)1856ж 46жас

7. Шәкәрім қай тілдерді жетік меңгерді?

А)орыс,қазақӘ)араб,парсы,орысБ) парсы, тәжік, орыс В) орыс, қазақ, араб

8.Еңліктің көз жұмар алдында сұраған үш тілегі?

А)Кебекпен атастыру, бірге жерлеу, баласын Кеңгірбайға тапсыру

Ә) Дәстүрмен жерлеу, ата-анаға қамқорлық жасау,

Б)Мал-мүлкін баласын ақалдыру, өшпес кінәрат,махаббатты дәріптеу В)Баласын өлтірмеу, араздықты жою, Кебекпен атастыру

9.Поэмада қандай салт-дәстүрлер кездеседі?

А) Аманат,қыз ұзату Ә) Қоштасу,әмеңгерлік Б)Құда түсу, бата беру В) Теріс бата, атастыру

.

Дескриптор:

-Тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.





Оқушылар Димаш Құдайергеннің орындауында «Кебек» әнін тыңдайды. Әннен алған әсері; әннің не жайында екені; тарихтағы Еңлік-Кебек оқиғасынан білетіндері жөнінде тобымен пікір алмасады, өз ойларын сыныппен бөліседі.


Оқушылар автор туралы мәліметтер ізденіп, анықтап, қорғайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.





ҚБ







ҚБ



видеоролик


https://yandex.kz/video/preview/4061864369446347765


Сабақтың ортасы



Мағынаны тану. 1-тапсырма

https://yandex.kz/video/search?filmId=1сайтынан 5.54-7.34 минутқа дейін бейнематериал көреді. Мұнда Еңлік-Кебек оқиғасының өмірде болғаны, алғашқы жазба дерек, екі нұсқасы бар екені, қашан жазылғаны, шын мәніндегі поэма жанрында жазылған шығарма екені айтылады. Оқушылар бейнематериал көре отырып, қажетті ақпаратты жазып алады.

Дескриптор:

  • Шығарма туралы ақпарат алады;

  • Шығарманың жазылу тарихына байланысты ой түйіндейді;

  • Қажетті ақпаратты жазып алады.

ҚБ

Жаңа сабақты түсіндіру.

ЖЖ 2-тапсырма


Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау


Р/с

Оқиға желісі


Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы


Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

2

Оқиғаның байланысы

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

3

Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы


Дескриптор:

  • Шығарманың құрылымын сәйкестендіреді;

  • Сурет бойынша, мазмұнын баяндайды;


ҚБ

1-топ

Түсіндірме  сөздік.

Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық.

Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту.

Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз.

Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу.

Бақсы- тылсым әлеммен байланыс жасай алатынтәуіптікбалгерліксәуегейліккөріпкелдіксиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам. 

Барымта- кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған.

Ұрын бару- күйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару сапары.


Дескриптор:

  • Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасай алады.

  • Сөздердің мағынасын дұрыс табады.


2-топ.

Дастанның тілі

1. Синоним: батыр, ер; кісі, пенде, адам; жолдасы, досы; т.б.

2.Омоним: атты кісі, аты шықты.

Антоним: жақын-алыс, кемпір-шал, қыс-жаз, түсім-өңім, т.б.

2. Архаизм: қолбасшы, ұрын келу, барымта, би, қанжармен соғысу, таспен ату,т.б.

Неологизм: елші

Кірме сөз: ғибрат, ғаділ, шафқат.

3. Диалект сөз: жамағайын, мықты, ындын, шарбақ, там, нышан, дым.

4. Мақал-мәтелдер: а) Сақтықта қорлық жүрмес.

ә) Жақсы әйел жаман ерді түзетеді.

Б) Иесімен ас тәтті. В) Ел құлағыелу.

5. Тұрақтыт іркестер: жаны отты, көзі өткір, екі көзін қан жуып, т.б.


Дескриптор:

  • Шығармадағы көркемдегіш тәсілдерін табады;

  • Ережелерін айтады;

  • Берілген сөздерге талдау жасай алады.


3-топ.

1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы  ШҚО,  Абай  ауданы, Шыңғыстауының  етегінде  1858  жылы  11  шілдеде  дүниеге келген.  Оның  «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары бар. Ақын 1931жылы  2  қазанда  73  жасында  қастандық  құрбаны  болды.

2.Тақырыбы─ екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі.

3.Жанр  түрі  поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі, батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма.

4. Идеясы.  Бұл  дастанның  идеясы  ─ ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру  арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі.

5.Шумақ.3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты)

6.Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы

7.Бунақ ─ белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі.3  бунақты.

8.Буын  саны ─

сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.  11-12  буынды.

9.Ұйқас  түрі.   (-а- а- ә- а)  қара  өлең  ұйқасы.


Дескриптор:

  • Дастанды сатылай кешенді талдайды;

  • Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

ҚБ: «Белсенділік, уақыт, негізгі фактор».

Оқулықпен жұмыс

Дастандағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме беру

Кебек 64- бет

Еңлік 67- бет

Балгер 65- бет

Дескриптор:

1.Дастан желісі бойынша кейіпкерлерді біледі.

2. Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме бере алады.

Топтық жұмыс. Менің пікірім( Зерделейік, ойлайық, айтайық)

Екі жастың өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?

І-топ. Ру басылары

ІІ-топ. Екі жас.

ІІ- топ. Салт-дәстүр

( Әр топтан бір оқушы пікір айтады.)

Оқушылар пікірі:

Шұғыла: Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді.Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.

Гүлсая: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата-анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады.Ата-анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты.Әрбір адам дүниеге келген соң ата-анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек.Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

Шұғыла: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі.Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді.Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.

Дескриптор:

  • Ру басылары туралы мәлімет айтады, дәлелдер келтіреді;

  • Екі жас туралы пікір білдіреді;

  • Салт-дәстүрлерді мағынасын түсіндіреді.


Оқушылар бейнематериал көре отырып, қажетті ақпаратты жазып алады.







Оқушылар

3 топқа бөлінеді. Топтарға Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының мәтінін шолып шығады.Оқушылар эксперт топтарын құрып, мәтін бөліктерін бөліп алады. Шығарма мазмұнын меңгереді.


















Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Шығарма тақырыбы мен идеясын анықтайды.









Сатылай кешенді талдау жүргізеді.

















ҚБ
























ҚБ














ҚБ







ҚБ


https://yandex.kz/video/search?filmId=1


8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
















«Сұрақтар жаңбыры»

1. Еңлік пен Кебек кім, олар қалай кездеседі?

2. Нысан абыз Кебектің болашағын болжап, қандай жорамал

айтты?

3. Кебектің Нысан абыз ескертуін ескермегені неліктен деп ойлайсыңдар?

4. Еңліктің қыз бала бола тұрып, Кебекке өзі сөз салуы

көрсеқызарлықтан ба, әлде мәжбүрліктен бе?

5. Еңлік пен Кебектің қашуына не себеп болған не?

6. Кеңгірбай неліктен екі жасты ұстап беруге мәжбүр болды?

7. Ғашықтар қандай жағдайда қолға түсті?

8. Өлім алдында Еңлік қандай тілек айтты?

9. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?

10. Дастан неге трагедиямен аяқталды?

11.Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек » поэмасында қандай мәселе көтерілген? 

12.Автор шешімімен келісесің бе?

13.Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің? 
14.Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ?

15.Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің? 


Дескриптор:

  • Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • Шығарма тақырыбы мен идеясын анықтайды.




https://wordwall.net/ru/resource/39536388/


Сабақтың соңы


Үй тапсырмасы:3-тапсырма






































Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,

Арам,айла, зорлықсыз жол табалық.

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық


Ей,Еңлік! Айтқан сөзің –сөздің шыны,

Сөйтсе де бір сөзім бар,тыңда мұны.

Соғысқа сылтау таппай отырғанда,

Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.



Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес,

Мен ұнасам ,алмаймын сені демес.

Солардың біреуімен кетер едім,

Байқаймын бәрі менің теңім емес.



Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,

Арам,айла, зорлықсыз жол табалық.

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық



Ей,Еңлік! Айтқан сөзің –сөздің шыны,

Сөйтсе де бір сөзім бар,тыңда мұны.

Соғысқа сылтау таппай отырғанда,

Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.



Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес,

Мен ұнасам ,алмаймын сені демес.

Солардың біреуімен кетер едім,

Байқаймын бәрі менің теңім емес.




Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық,

Арам,айла, зорлықсыз жол табалық.

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық



Ей,Еңлік! Айтқан сөзің –сөздің шыны,

Сөйтсе де бір сөзім бар,тыңда мұны.

Соғысқа сылтау таппай отырғанда,

Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.



Көп жігіт жүр сыртымнан қылып кеңес,

Мен ұнасам ,алмаймын сені демес.

Солардың біреуімен кетер едім,

Байқаймын бәрі менің теңім емес.








ТЖ «Менің пікірім»


Екі жастың өліміне кім кінәлі?


I топ Ру басылары

ТЖ «Менің пікірім»

Екі жастың өліміне кім кінәлі?


II топ Екі жас




Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау


Р/с

Оқиға желісі


Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы


Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

2

Оқиғаның байланысы


Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

3

Оқиғаның дамуы


Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі


Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы


Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі


Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы



Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау


Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы


Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

2

Оқиғаның байланысы


Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

3

Оқиғаның дамуы


Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі


Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы


Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі


Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі