400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары №130 бұйрықпен Ш.Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңі Оқу мақсаты: 8.1.4.1. көркем шығармадан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 14.12.2021

Мектеп: №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ КММ

Машықкердің аты-жөні: Молдағали Нұршат

Сынып: 8


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінің идеялық құндылығы

Оқу мақсаттары

8.1.4.1. көркем шығармадан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Әдеби шығарманың идеялық мазмұнын түсінеді. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыста қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алынған үзіндіні негіз ете отырып, берілген сұраққа жауап береді. Өз жауіабын талдайды.

Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығарманың идеялық мазмұнын түсінеді.

  • Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

  • Әдеби шығармаға өз көзқарасын білдіреді.

  • Көркем шығармадан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды пайдаланады.

  • Көркем шығармадан алынған үзіндіні негіз ете отырып, берілген сұраққа жауап береді.

  • Өз жауабын талдайды.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: жастар, Абай, білім алу, арам, айла, мал табу, ғалым,

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік белгілер:

Менің ойымша, .....

Меніңше, ....

Себебі, ....

Мысалы, ....

Қорытындылай келе, ....

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақын өлеңінде кімге сенім артады?

Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыруының мәні неде деп ойлайсыңдар?

Абай жастарға қандай ақыл берді?

Бүгінгі жастардың көзқарасы қандай?

Пәнаралық баланыс:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

“Еңлік-Кебек”дастаны, көркемдік ерекшелігі

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,

«Жастар» ұғымының мағынасын ашу.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Жастар сөзіне ассоциация жасайды.

Жастар: Ар-намысты Ақылды

Білімді

Адал

Еңбекшіл т.б.

Кейін ассоциация өлең мазмұнымен танысқаннан кейін толықтырылады.


http://cabinetsalyk.kz/wp-content/uploads/3/4/2/3425da0b71bf3c8f34f0771012b0284c.jpg

Сабақ ортасы

1-тапсырма. «Жастарға» өлеңін оқы.

«Жастарға» өлеңі

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді, олай болса, кімді алалық?

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,

Күнде күйлей бермелік бозбалалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік.

Тапқан іске таласпай, шын көнелік!

Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!

Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,

Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,

Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.

Тегін білсең –аласың, бос береді,

Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Құрбыласы қулық пен айла баққан,

Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.

Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,

Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.

Алмасақ үміт үзер тағы жастан,

Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.

Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,

Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.

Қой, ойлалық шатылып, шатаспастан,

Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?

Асыл алсақ, асылын аямайды,

Келді ғой өз еліне сата алмастан.

Дескриптор:

  • Өлеңнің идеялық мазмұнын түсінеді.

  • Өлең жолдарынан «Жастар» ұғымын ашатын жолдарды табады.

Өлең жолдарынан «Жастар» ұғымын ашатын жолдарды табады. 1 балл

8 сынып, Қазақ әдебиеті оқулық

https://youtu.be/PBI8BOYq_F4



https://cf.ppt-online.org/files/slide/w/WMQOsChS7ZtbPXJTA8N1Hz6m5dFlxLV2rvefY4/slide-1.jpg





https://pbs.twimg.com/media/BIJ4E7RCQAA8NCq.jpg:large




http://zharbulak.mektebi.kz/uploads/posts/2021-01/1611548540_img-20210125-wa0013.jpg





https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0df6/0007747d-c7452fd2/img14.jpg



https://i.ytimg.com/vi/8jQ_8cNCwKw/maxresdefault.jpg



https://tilalemi.kz/img/articles/3289570.jpg




https://fs.znanio.ru/methodology/images/31/30/3130b5086d003057c4ce1bce90a1db4c6dee2a12.jpg



https://abai.kz/content/uploads/2019/09/42d2c303ba5ed492556da3cf1a295dc9.jpg


2-тапсырма. Өлеңді пайдалана отырып, кестені толтыр.

Өлеңнің тақырыбы

Өлеңнің идеясы берілген жолдар

Менің көзқарасым




Дескриптор:

  • Өлең тақырыбын анықтайды.

  • Өлеңнің идеясы берілген жолдарды табады.

  • Өз ойын білдіреді.

Өлең тақырыбын анықтайды. 1 балл

Өлеңнің идеясы берілген жолдарды табады. 1 балл

Өз ойын білдіреді. 1 балл


3-тапсырма. Берілген үзіндіні пайдалана отырып, «Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді? сұрағына жауабыңды талда.

Берілген үзіндіні пайдалана отырып, «Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді? сұрағына жауабыңды талдайды.

«Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан

Жалыналық Абайға, жүр, баралық! – дейді ...»

Дескриптор:

  • Өз ойын өрбітіп жазады.

  • Сұраққа жауап береді.

  • Өз жауабын талдайды.

  • Ойын еркін әрі көркем жеткізеді.

  • Берілген үзіндіні пайдаланады.

  • Өз көзқарасын дәлелдейді.

Өз ойын өрбітіп жазады. 1 балл

Берілген үзіндіні пайдаланады. 1 балл

Өз көзқарасын дәлелдейді. 1 балл

Сұраққа жауап береді. 1 балл

Өз жауабын талдайды. 1 балл

Ойын еркін әрі көркем жеткізеді. 1 балл


Сабақ соңы

Рефлексия: «Төрт сөйлем» әдісі

1. Пікір. Берілген тақырып бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі