400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлы. "Қалқаман -Мамыр" дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
-Поэма мазмұнымен танысу,шығармадағы негізгі ойды таба алады; -Автордың негізгі ойын өз ойымен байланыстырып оқитын болады, шығармадағы қарама-қайшылықты табады. Поэмадағы незізгі ой-жеті атаға дейін қыз алыспау салтының сақталуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі:Бейсенбекова Алима

Пәні : қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман-Мамыр" поэмасы

Сабақтың мақсаты:


-Поэма мазмұнымен танысу,шығармадағы негізгі ойды таба білу;

-Автордың негізгі ойын өз ойымен байланыстырып оқу,

шығармадағы қарама-қайшылықты табу.

Күтілетін нәтиже:

-Поэма мазмұнымен танысу,шығармадағы негізгі ойды таба алады;

-Автордың негізгі ойын өз ойымен байланыстырып оқитын болады, шығармадағы қарама-қайшылықты табады.

Түйінді идеялар

Поэмадағы незізгі ой-жеті атаға дейін қыз алыспау салтының сақталуы.

Сабақтың түрі:

Сындарлы сабақ

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Ой қозғау, топтастыру,миға шабуыл,серпілген сауал.

Сабақтың формасы:

Топтық жұмыс ,жұптық жұмыс,жеке жұмыс

Керекті жабдықтар, ресурстар:

Оқулық,кесте, А4 парағы, маркерлер, бағалау парағы,интербелсенді тақта ,т.б

Пәнаралық байланыс:


Қазақ тілі,орыс тілі,тарих.

Негізгі дереккөздер:

Оқулық,баспа көздері, интернет ресурс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері,

уақыты:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе.

(10 мин)



1. Сыныппен амандасу.Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Мен кіммін?» Танымдық ойынға өз еркімен алдымен бір оқушы шығады. Ойынға шыққан

оқушы маңдайына жабыстырылған стикерден басқалардың суреттеуі бойынша жұмбақ

кейіпкердің кім екенін табады. Ойынға қатысушылар жұмбақ кейіпкерді портреті,

іс-әрекеті, мінез-құлқы, т.б. арқылы әр қырынан суреттеп, ойыншының тез таба қоюына

мүмкіндік бермеуге тырысады. Кем дегенде 3-4 оқушы ойнайды.

2.Сыныпты үш топқа бөлу

3.Үй тапсырмасын тексеру.

"Он сұрақ"әдісі арқылы үй тапсырмасын қорыту.

Тренингке қатысады.


Оқушылар топқа бөлінеді.

Жазып келген мәтіндерін оқиды. Тапсырмаларды орындайды.

Тұсаукесер.



(5 мин)

1. Тақырыпты айқындау кезеңі.

Тірек сөздер арқылы тақырыпты ашу

2.Тақырыпты негіздеу.-Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

"Қалқаман-Мамыр"поэмасымен танысамыз.

Суреттегі тұлғаны табады,тақырыпты айқындайды.

Тақырыпты еске түсіреді,сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім.

(20мин)


1.Топтық тапсырма беру.

1-топ. Көкенай мен Әнет бабаның іс-әрекетін Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.

2-топ. Көкенайдың іс-әрекетімен келісетін не келіспейтініңізді бес дәлелмен көрсетіңіз.

3-топ. Әнет бабаның іс-әрекетімен келісетін не келіспейтініңізді бес дәлелмен

көрсетіңіз.

Мәтінді талдау:
1. Шығармадағы оқиғалардың даму ретін сызба арқылы көрсетіңіз.

2. Осы оқиғалар тізбегінен ең маңызды 3 мәселені бөліп алыңыз.

3. Маңызды деп тапқан мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырыңыз.

4. Поэмадағы ешқашан маңызын жоймау керек деген мәселелерді дәлел келтіре

отырып, сынып назарына ұсыныңыз.

Жұптық тапсырма

4. Қалқаман мен Мамырдың іс-әрекеттерінде салт-дәстүрге қайшы тұстарын ата.

Нені өзгертуге тырысар едің? 



Тапсырмаларды жеке

орындайды,топта талқылайды.






Қорытынды

(5 мин)


І.Шығармашылық жеке тапсырма беру

1. Мамырдың не Қалқаманның әрекетіне екі жақты күнделік ұсыныңыз.

2. Қалқаман мен Мамырдың әрекеті сол кездегі қазақ жастарына қаншалықты әсер

еткенін болжаңыз.


Қалаулары бойынша кезегімен шығып, бір сөйлемнен жазып, бүтін мәтін құруға әрекеттенеді, қалғандары мәтінді дәптерге жазып отырады.


Бағалау.

(5 мин)

Үйден ізденіп келуге.



Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.



1. Шығармадан үзінді жаттау.


Бір-бірінің жұмысын бағалайды .


Тапсырмаларды күнделікке жазып алады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың сәтті тұстары


Сабақтың сәтсіз тұстары


Нені дамытар едім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі