400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының композициялық құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасының композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар



Бөлім:

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектебі

М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп

Педагогтің Т.А.Ә.

Бертлеуова К.А.

Күні:

09.12.2022

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып:

8 «А»

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының композициялық құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасының композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу. «Жүректі тазарту» әдісімен

оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі бойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен, көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.

Оқушылар «Молекула» әдісімен 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.


Сәлемдеседі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.















Топқа бөлінеді.



Стикер таратылады.


Жаңа сабаққа кіріспе

5 минут






2 минут

ЖЖ. «Миға шабуыл» әдісімен өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында «Онлайн тест пад» платформасымен үй тапсырмасын тест тапсырмалары арқылы білімдерін анықталады.


Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

«Онлайн тест пад» платформасы арқылы (10 балл) тест тапсырмаларын жұптық жұмыста орындап, поэманы қаншалықты білетіндері тексеріледі. Білім деңгейлері статистика бөлімінде көрсетіліп тұрады. Кім үздік орындады, кім қай сұраққа жауап бере алмады – барлығын оқушылар өздері көріп отырады, кері байланыс береді.




Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Онлайн тест пад. «Жас ойшыл» телеграм арнасы арқылы орындау.

https://onlinetestpad.com/lzoadyuugtrj6



Сабақтың ортасы

12 минут


1-тапсырма. Топтық тапсырма.

1-топ.

Поэманың жазылу тарихына «Кластер» әдісімен зерттеу жасайды.

Дескриптор:

  • поэманың жазылу тарихын анықтайды -1

  • «Кластер» әдісімен жазады -1

  • анықталған тарихты «Галереяға саяхат» әдісімен жариялайды- 1



2-топ. Поэманың сюжетін бейнематериал арқылы қысқаша талдайды.

Дескриптор:

  • поэманың қысқаша мазмұнын баяндайды-1

  • «Ең маңызды тұс» әдісімен сипаттайды-1

  • сюжетті «Ашық микрофон» әдісімен жариялайды-1


3-топ. «Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау» әдісімен Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваның орындауында «Кебек» әнін тыңдап, мәтініне талдау жасаңдар.


Дескриптор:

  • ән мәтінін поэма мәтінімен салыстырады-1

  • драма жанрына айналдырады-1

  • әсерлі қойылым әзірлейді-1


Оқушылар поэманың жазылу тарихына зерттеу жасайды. «Еңлік-Кебек» оқиғасының өмірде болғаны, алғашқы жазба деректер, нұсқалары бар екені, қашан жазылғаны туралы ойларымен бөліседі.























Оқушылар бейнематериалды қолдана отырып талдайды.





Әнді тыңдап, мәтініне талдау жасап, әсерлі тұсын қойылымға айналдырады.


3 балл



ҚБ

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау.



















3 балл
















3 балл



8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Парақшалар, түрлі түсті қаламдар таратылады.


Слайдтар, интерактивті тақта.





















https://learningapps.org/view27932329































7 минут

2-тапсырма. Жұптық тапсырма. Поэманың композициялық құрылымына «Ойлан. Жұптас. Серіктес» әдісімен талдау жасаңдар.

Оқиғаның басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруға келуі.

Оқиғаның байланысы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңліктің үйіне түсуі.

Шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі.

Шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі.

Шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесікте шырылдаған баланың тауда қалуы.

Дескриптор:

  • оқиғаның басталуын анықтайды-1

  • оқиғаның байланысын анықтайды -1

  • оқиғаның шиеленісуін анықтайды-1

  • оқиғаның шарықтау шегін анықтайды-1

  • оқиғаның шешімін анықтайды-1


Поэманың композициялық құрылымын анықтайды, жариялайды.


5 балл


https://learningapps.org/view28009674


7 МИН


3-тапсырма.

Жеке жұмыс. «Төрт сөйлем» әдісі

Пікір. «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойынша пікірлеріңді бір сөйлеммен білдіріңдер.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.

Дескриптор:

  • пікір жазады, пікірді жариялайды-1


Төрт сөйлем» тәсілімен «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойынша пікірлерін бір сөйлеммен білдіреді;

Пікірлерін бір сөйлеммен дәлелдейді;

Пікірлерін өмірмен байланыстырады;

Ойларын дәлелдейді;

Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


2 балл


Сабақтың соңы



2 минут








Ой толғаныс



5 минут




Үйге тапсырма:





«Еңлік-Кебек» поэмасындағы салт-дәстүрлерді салыстырады.

Поэмадағы салт-дәстүрлер

Қазіргі қоғамдағы көрінісі








Оқушылар «Егер болса..» әдісі арқылы төмендегі тіркестерді өз ойымен бекітіп, жалғастырып жазады.

Оқушылар «Егер болса..» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы, мақсаты бойынша өз ойларын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім 1-10 балдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
24.10.2025
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі