ШӘКӘРІМ ТАҒЫЛЫМЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ШӘКӘРІМ ТАҒЫЛЫМЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті. Таңқалған жас ұрпақтың көз алдына қазақ жерінде өніп – өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды. Сол арыстың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы туғанына биыл 165 жыл толды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШӘКӘРІМ ТАҒЫЛЫМЫ


Нареге Гүлназ Қойшыбайқызы

М.Дулатов атындағы № 136 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті. Таңқалғанжасұрпақтыңкөзалдынақазақжеріндеөніп – өскенбәйтерек пен арыстарайқынболды. Соларыстыңбірі- ШәкәрімҚұдайбердіұлытуғанынабиыл 165 жыл толды.Шәкәрім- ұлыАбайдыңмұраттасмұрагершәкірті, аса іріақын, Абай шәкірттерініңішіндекөпжасағаныда,көпжазғаны да, лирик, композитор, музыкант, философ, тарихшы, орыс және шығыс классиктерімен қазақ жастарын таныстырған шебер аудармашы, бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері, ғалым.

Адамдық борышың - халқыңа еңбек қыл... «Мен қазақпын» деген естінің өмірлік мақсат-міндетін екі-ақ ауыз өлеңге сыйғызған ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай және көп қырлы. Абайдың жанында жүріп тікелей шығармашылық тәлім - тәрбисін көрген Шәкәрім, ұлы ақынның сөз өнеріне деген айырықша сүйіспеншілігі мен ықыласын жан жүрегімен сезіне қалыптасты. Оның шығармашылығындағы ең басты тақырып өмір сүріп отырған заман шындығы, ал ой- арманы- қазақ халқының біртұтас ұлт ретінде ұйысуы болды. Шәкәрім адамдардың жолын, өмірін жақсарту жолында керемет нақыл сөздермен сын айтқан.

«Шенеунік ісін қылмаңыз - әділет жолын таңдаңыз»,

«Жүрегі таза адам - қиянатқа бармайды»,

«Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,

Білім білген әр істе шебер болмақ,

Қол өнерден пайда қыл үйреніп,

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ» немесе былай деген-

«Жалқаулық, көрсеқызар, ашу мақтан,

Арамдық, өтіріктен ерте сақтан

Күні бұрын жуытпа маңайына,

Есер, есіріп ынжықтық - солар жақтан» - деген сөздері бір үн, сенім ұялататындай. Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар. Өмір өріне шыққан ақсақал көзімен ғана емес, өнер биігіне жеткен ақылгөй тұрғысынан өз басы жұмыр пенде атаулының фәни ғұмырына баға береді. Шәкәрім атамыздың қай өлеңін, қай шығармаларын алсақта, астарында үлкен мән, терең ой, философия жатқанын байқаймыз. Ұлы бабалардың, тұлғалардың арасындағы рухани сабақтастықты саралау, шығармаларын меңгерте отырып, баланың бойына, жүрегіне рухани білімді, жылулықты сезіндіру міндетіміз. Әрбір бала, Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, жүрегіне тоқып сусындап өсуі тиіс.

Шәкәрім атамыздың мынадай керемет сөздерібар: «Бір Аллаға сиынған арам өлмес,Құдайсыз қу қолынан істе келмес».Әр сөздерінің, өлендерінің астарын адамгершілік тұрғыдағы рухани құндылықтарды анық көреміз.Шыны керек,ұлы бабамыздың күш қуатына,шыдамдылығына тамсандым,себебі,өз ойынан бас тартпай,көп қиындыққа тап болса да мойымады,еңсесін түсірмей,басын тік ұстапболашаққа ұмтылды.Ақынның сол шығармалары қазіргі күнгедейінжетіп,рухани азық боп,қазіргі уақытқа дейін өз маңыздылығын жойған жоқ...

Шәкәрім Құдайбердіұлы екі өмірге де керекті «ар-ұждан»деп, «ар іліміне» сара,дара жолды салып беріп кеткен рухани,ұлы ұстаз деп нық сеніммен айта аламын. Себебі, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әдеби мұрасының түп қазығы ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек, иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу» екенін естен шығармауымыз керек.

Адамның жан және тән саулығы туралы ежелден қалыптасқан пайымдаулар халқымыздың салауатты ғұмыр, қан тазалығы, ұрпақ тәрбиелеу сияқты келелі мәселелерге атүсті қарамағанын көрсетеді. «Тәні саудың – жаны сау» дейді бабаларымыз. Ұлттық болмысымыздың осы қыры Шәкәрім Құдайбердіұлының көзқарастары мен пәлсапалық ой-түйіндерінде жиі кездеседі. Қазір өзімізге арқау етіп жүрген салауаттылық мәселелерін терең ой, келісті тілмен суреттейтін ақын адамның жаны мен дене тәрбиесін егіз ұғым ретінде қарайды. Бұлардың бірінен-бірін ажыратуға болмайды, бірін-бірі толықтырып тұрғанда ғана толыққанды адам көрінеді деген ойды зердеңе құйып береді. «Үш анық» трактатында Шәкәрім былай дейді: «Жан, рух ... сөзі мынау – дененің арасы сезімнің орта тұрағы, центрі мида, ол тоқтаса бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым денелер арасындағы сезетін, қимылдайтын, тамыр-сіңірлерге тұтастыратын бір жалғастық (проволока) бар. Сондықтан жан деген бөлек нәрсе жоқ. Егер жан бар болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін көріп-біліп тұрамыз. ... Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған кезде бір-біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа түсіреді». Қазір мектептерде оқытылып жүрген салауттылық (Валеология пәні) сабақтарында стресс, психологиялық күйзелу, оның адамға тигізетін әсері туралы мәселелер Шәкәрімнің осы ойымен сабақтаса үндесіп жатыр. «Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды өлтіріп те жібереді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бөлек жарған болса да, бірігіп тұрғанда осылай бір-біріне әсер береді» дейді ғұлама. Адам өзінің ішкі жан толқынысын тежеп, меңгере алмаса, тәрбиелей білмесе, өзіне-өзі зияндылық жасайды. Ал ол жинала келе, түбінде ағзаның тозуы шегіне жетіп, үзіліп тынуы әбден мүмкін. Бүгінгі денсаулық ілімінің де айтары осы. Толыққанды салауатты өмір сүрудің әліппесі ми мен мінез-құлықтан бастау алатынын Шәкәрім пайымдауларынан айқын аңғарасыз. Қозғалыс-қимылсыз, әрекетсіз адам – өз саулығының жауы, өзін-өзі сырқаттың құрығына байлап береді. «Біз семірттік денені азықпенен, Байлап беріп жанды оған қазықпенен. Ұйқы, тамақ күйлеген сорлы дене, Құтылар ма осындай жазықпенен. Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп, Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек. Білімсіз, әрекетсіз, еріншекті, Күнаһар да болмаспыз өлі десек», дейді ол «Жан менен дене һәм көңіл» атты өлеңінде. Ақын ас ішіп, аяқ босатар, жатыпішер жалқаулықтың рух, жан және дене әрекетін тежейтін парықсыз көрінісін өте дәл бейнелеген. Адам денсаулығының кепілі – сергек ұйқы, қимыл менен қанағат. Шәкәрім түйсігі «әрекетсіз, еріншектікті» өлген жанмен бірдей көреді. Сол түйінді ой «Хайуан мен ақымақтар» өлеңінде былайша жалғасады: «Бұл сөзге біреу мәңгүрт, біреу нанды, Ақылмен білген адам әбден қанды. Жел мен су, тас, топырақ, көк пен ағаш ... Ғаламда не болса да бәрі жанды». Ой мен санаға сәуле түсіретін салауаттылық тағылымы Шәкәрімнің көптеген өлеңдерінде алтын арқау болып өрілген. Адам баласы өмірге келген соң тіршіліктің нұры мен шуағына шомылып, шат-шадыман, сұлу сезімді бойына құйып, жадырап ғұмыр кешуге ұмтылады. Бірақ жақсылық пен жамандық қатар келіп, жан мен дене сол екеуіне кезек бағынады. Ақын пәлсапасындағы салыстыра, шендестіріле суреттелетін осындай көріністер еріксіз мұңға батырады, тірліктің мәні мен мағынасын, жарық дүниенің қымбаттылығын танытады. «Өмірдің басы – бала, ортасы – адам, Қартайып шал болған соң кетті шамаң», - дейді ақын. Немесе: «Адамзат өзін-өзі сынау керек, Тазалап, әділдікті ұнау керек ...» деп толғанады. Мағынасы – мәнді ғұмыр. Ал ол адамның жан дүниесі мен дене саулығына негізделген. Ақынның өмірдің нұрлы бейнесін, көктемдегі ғажайып мезгілді суреттейтін өлеңі бар. Адамға күш-қуат беретін табиғат ерекшелігін мөлдіретіп көз алдыңа әкеледі. Бетіме жылы тиеді Күнгейдегі күншуақ. Жан жылыны сүйеді, Жанға рахат осы сәт. Өлі жердің сүйегін, Тірілтті жайнап жапырақ... Күнгейдегі шуақ, тірілген жапырақ – нағыз тіршіліктің көрінісі. Қаныңды қыздыратын жас өмір, қайнаған тіршілік күйі адам жанын дүр сілкіндіреді. Күнге алақан жайған баладай жайнаған әлем – салауатты ғұмырдың табалдырығы. Ары қарай жасқанбай қадам басып, жарық дүниеде ғұмырың жеткенше иманды жолдан айныма. Иман – ол тазалық. Жан мен дене, рух тазалығы, міне осылар жұмыр басты пендені дүниенің бір бөлшегі ретінде толыққанды өмір сүруге бағыттайды. Шәкәрімнің салауаттылық туралы көзқарастары осындай мағынасы терең мәселеге үңілуді меңзейді. Адамдар арасындағы қарапайым пенделік қатынастардың, кең пейіл, ыстық ықылас, адал көңілдің өмірді жайнатып жіберерлік құдіреті барына қаныға түсесіз. Сондай бір сәтке көз салып қараңызшы: Амандаса келісіп, Бір бағланды сойғызар. Кел деп аяқ берісіп, Қымызға әбден тойғызар. Тері жадырап жайылды, Дене балқып, бой қызар. Қайғы менен уайымды Ойлауды да қойғызар. Ақ ниет, адал ас пенде жанын марқайтып, адамды тоқ етеді, мінез-құлықтың кілт етпе кірлеуік астарын шайы орамал кепкендей тазартып, жадыратып жібереді. Бұл, түптеп келгенде, дене мен жан саулығына әсер ететін факторлар. Салауаттылық сабақтарында ғылыми және теориялық тұрғыда негізделетін мәселелер өлеңнің нәзік те жұмбақ иірімдерімен қалтқысыз өрнектелген. Бүгінде адам баласын айықпас дертке ұрындырып, өміріне қатер төндіретін арақ пен есіртке тауқыметін заманында ақын тап басып көре білген. Сол жаман әдеттерге желіккен құмарлықта тоқтау жоқ екендігін ашына айтып, өзгелерге ой салады. ... Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас, Жылқы ұрлаған батыр боп о да елірмей, Бір рюмкеден басталар маскүнемдік, Наша үстіне нашаға өрлей-өрлей. Ойласаң соның бәрі бір құмарлық, Қуа бермей қайтеді, тепши-терлей... Ұрлық-қарлықты, арақ-шарап пен наша буыны елірудің бәрі адамның өзін-өзі ұстай алмауына, арсыз құмарлыққа соқтырып, сенделтіп қоятынын, ақыры ондай адамдар өзіне де, өзгелерге де қайғы-уайым әкелетінін осы жолдардан-ақ сезінесің. Жанына имандылықты нәсіп еткен ойшыл, ғұлама философтың осындай келеңсіздіктерді көріп қиналуы, жалпы қазақ қоғамының басында бар өзге де тауқыметтер Шәкәрім бабамыздың «Мұсылмандық шарты» сияқты діни еңбекті жазуына себекер болғандай. Оның: «Оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан естіп- білген шығарсыздар. Олай болса, біздің қазақ халқының өз тілімен жазылған кітап жоқ болған соң, араб, парсы кітабын білмек түгіл, ноғай тілінде жазылған кітаптарды да анықтап ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман-ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілінде жазайын деп ойладым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға пайда, әрі өзіме сауап болар ма екен деп... үміт еттім» деуі сондықтан. Ақынның ақ-адал тірлікті, адами ақ жолды, иман ғибадатын баршаға насихат етуден туған ізгі ниетін осы жолдардан айқын танисыз. «Оның... дүниетанымы исламияттың шеңберіне сыймайды» деп белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов айтқандай, Шәкәрім Құдайбердіұлы жалпы адами құндылықтарды шығармаларына өзек етсе, соның ішінде салауаттылық мәселесіне жиі оралып отырған. Және ол ойларының бәрі де бүгінгі күннің проблемаларына дөп түсіп отырады. Ендеше, мектептердегі салауаттылық сабақтарына Шәкәрімнің осындай тағылымын арқау етудің тәрбиелік те танымдық мәні үлкен болмақ.

Сонымен қорыта айтқанда, Шәкәрім шығармашылығы – тұнып тұрған нақыл мен философия. Онда автор замана адамының мінез-құлқын терең ашып көрсетеді. Осы жағымсыз қылықтары бүкіл елдің артта қалуының себепшісі екенін баса көрсетеді. Бәрінің себепшісі – надандық. Ақын философиялық ой – толғамдарында «Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін тән мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін - тән мақсұты. Адамшылық, ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксейтін адам зұлымдық, қиянатпен болса дамал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді ,қиянат қылуды тіпті ұнатпайды: адам жас күнінде тәжірибесіз балалықпен сәкекүл сәнді киімге, кеңесшіл қызығып, соған құмар болады. Қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан болатындардың да әдет алып кеткендіктен болады. ...Адам бірінен-бірі көріп тәлім алады» дейді. Сонда адам бір-біріне қарап өссе, өткеніміздің құнды дүниесінен ажырап қалған бүгінгі ұрпақты ар-намыс, ождан, адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті. Олай болса, қай шығармасын алсақ та адами құндылықты сөз етіп, кейінгіге өсиет айтатын Шәкәрім шығармалары - біздің басты құралымыз болмақ керек.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Айтбаева А. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы діни және

дүниетанымдық мәселелер Кан.дисс.-Алматы – 1996

  1. Тілеуханова А.Т. Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы – 1995

  2. Әбдірасымова Г.З. Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесі:

ф.ғ.кан.дисс. Алматы. 1998 – 148 бет.

  1. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы, 2001 – 338 бет.

  2. Әмірғазин С.Т. Исламның қазақ халқының рухани дәстүріне ықпалы: ф.ғ.кан.дисс. – Алматы , 1997 – 140 бет.

  3. Жұмағалиев З.Т. Шындық және көркем әдебиет. Қарағанды, 1993 – 216 бет.

  4. Шәкәрім Құдайбердіұлы Иманым. – Алматы: Арыс, 2000 – 321 бет.

Мұсылмандық шарт – Алматы: Қазақстан Мерей, 1992 – 78 бет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2023
193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі