400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби-сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне арналған сценарий, Ш.Аймановқа арналған кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ азақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрлігі

«Балдәурен» республикалық

оқу-сауықтыру

орталығы




Білім кешені

_____________________________________________________________________________________


2019жылдың ІІ-ауысымы


«Білімді ұрпақ-дамыған ел!»

жас патриоттардың республикалық жиыны атты ауысым барсында «Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби-сазды кеш


Жауаптылар: Н.Тоқтағұлова

Г.Қамбарова

Е.Өмірзақов


«Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби- сазды кеш сценарийі

Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш.

Өтілетін орны: Акт залы

Уақыты: 20:00

Мақсаты: «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының «Жас патриоттар» ауысымы шәкірттеріне атақты актер, режиссер, даңқты тұлға Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылық жолы,театр және кино өнеріне қосқан үлесі жайында ақпарат бере отырып, елін сүйген нағыз патриот қайраткердің бейнесі,болмысы арқылы жас өрендердің тұлғалық қасиетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өскен ортасы,отбасы тарихымен таныстыру, қазақ театры сахнасындағы сомдаған рольдері және қазақ кинемотография саласына қосқан үлесін насихаттау.Кәсіби маман ретіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру;

- Шәкен Айманов негізін қалаған «Қазақфильм» киностудиясының Кеңес Үкіметі және Тәуелсіз Қазақстан кезіндегі жетістіктері, өсу,даму жолы жайында тың деректер ұсыну арқылы көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту, кино әлеміне қызығушылығын арттыру;

- Арман қуған әр жастың Шәкен Аймановтың өнерге іңкәрлігінен,қажырлы ізденістерінен үлгі алып,туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен құрметін нығайтып, патриот болуға тәрбиелеу,Отанға қызмет ету қасиетті борыш екенін сезіндіру.

Қажетті жабдықтар:слайдтар,бейнематериалдар,костюмдер, фонограммалар, микрофондар.

ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:

(Безендірілген акт залы)

Слайд 1 «Елін сүйген ер Шәкен!»

1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты балалар мен аяулы ұстаздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күні алты Алаштың мақтанына айналып отырған «Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби-танымдық кешке қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Бір тумасы киелі жер Баянның,
Өнермен жалғастырған арманын.
105 жасқа келді міне, халайық!
Шәкен – атты дархан ұлы даланың!-дей келе сіздердің назарларыңызға ұлы тұлға Шәкен Айманов жайында сыр шерткіміз келеді.

(Бейне көрсетілім)

  1. Жүргізуші:

Керілгенде кинода бір кереге
Сусындатқан қазағымды өнерге
Шәкен - мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз
Өнердегі өмірі бір өнеге.

2-жүргізуші:
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 - ші ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында Айманбұлақ мекенінде дүние есігін ашқан.
Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. 1928 жылы ауыл мектебін бітіріп, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүрген кезінде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Слайд 2 Шәкен Аймановтың балалық, жастық шағы

  1. жүргізуші:

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

  1. жүргізуші:

Осы кезде жастық жалыны мен таланты тау қопардай жас өнерпаз театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. 1951 жылы театрдың бас режиссері болып тағайындалды. .
Ол М. Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының классикасы саналатын образдар Ақан сері, Қобыланды бейнелерін, «Абай» драмасында Қодар, Керім образдарын, І.Жансүгіровтың «Исатай –Махамбет трагедиясында Исатайдың дара болмысын шынайы шеберлікпен көрермен көңіліне орнықтырды. Шәкен Кенжетайұлының аса дарынды суреткер, актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі екені даусыз.

Слайд-шоу «Шәкен Айманов сомдаған рольдерден фото-көрсетілім»

1-жүргізуші:

Шәкен Айманов комедия жанрында езуіңе күлкіні еріксіз ұялататын табиғи юморист болса,трагедияда жанымен,бар болмысымен кейіпкер мұңы мен қайғысын бере алатын сан қырлы өнер иесі.Театр режиссері ретінде қаншама туындыларды,соның ішінде Н.В.Гоголь,Н.Погодин, А.Островский және әлемдік классикадан У.Шекспир пьесаларын қазақ тілінде,қазақ көрерменінің ұғымына лайықтап қоя білді.Ол 1947 – 51 ж. қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. Ал, Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілуі режиссердің үлкен жеңісі еді.

2-жүргізуші:

Шәкен аты қала берер жаңғырып,
Келер ұрпақ айта жүрер ән қылып.
Шәкен десе көз алдыңа келеді,
Алдар көсе Шәкен болып жымиып.

Шәкен десе Жамбыл келер ортаға,
Өмірі мен өнері мұра болған ұрпаққа.
Шекспирдің Отелло мен Кассиосы
Шәкен болып тіл қатады сахнада

Слайд 3 «Шәкен Айманов сомдаған Европа классиктерінің шығармалары мен образдары»

1-жүргізуші:

Шәкен Айманов өнерлі отбасынан,жездесі атақты әнші Қали Байжанов, анасы да ауыл ішінде әнімен елдің еркесі болған; Шәкеннің жары Хадиша қазақтың тұңғыш биші қызы Шара Жиенқұлованың туған сіңлісі екен.Ал, туған бауыры актер Кәукен Кенжетайұлы Шәкеннің өмір және өнер мектебінен мол сусындаған әрі інісі, әрі өнердегі үзеңгілес әріптесі деуге болады. Жұрт оларды қатты ұқсайтыны соншалық, шатастырып та алады екен.Ал Аймановтар отбасына жақын жандардың бірі деп актер Асанәлі Әшімовті де ерекше атауға болады.Кеңес тұсындағы қазақ киножұлдызы Асанәлі Шәкен Аймановтың қызы Майраның жары. Марқұм Сағи Әшімов та талантты актер, Шәкеннің жиені еді. Ол қазақ киносында Ш.Уәлихановтың қайталанбас бейнесін жасап кеткен болатын.

2-жүргізуші:

Ал Шәкен Айманов түсірген фильмдер мен театр сахнасында қойған пьесалары арқылы актерлік шеберлікті игеріп, сахна саңлағына айналған тамаша тұлғалар өте көп.Хадиша Бөкеева,Қалибек Қуанышбаев,Серке Қожамқұлов,Әнуар Молдабеков, Әмина Өмірзақова, Асанәлі Әшімов сынды актерлар осы Шәкеннің актерлік шеберлік шеберханасында шыңдалған болатын. Шәкен фильмдерінде шырқалған әндер сол кезеңде қазіргі тілмен айтқанда, хит әндер ретінде танымалдылыққа ие болған болатын.

Олай болса, Шәкен Айманов түсірген фильмдерді еске түсіру мақсатында «Тақиялы Періште» фильмінде Бибігүл Төлегенова шырқаған «Ана» әнін қабыл алыңыздар!

Орындайтындар: Серікова Сағыныш 8 «А» сынып оқушысы Ақтөбе облысы; Сейілханұлы Сәтжан 7 «Ә» сынып оқушысы Ақтөбе облысы

Слайд 4 «Шәкен Айманов Фильмология» (Бейне- көрсетілім)

1-жүргізуші:

Шәкен Кенжетайұлы «Абай әндері» , «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық әрекеттер жасады. Яғни, екі фильме де жалғыз өзі екі кейіпкердің образын ойнаған болатын. «Абайда» - Кәрім мен Қодарды, «Жамбыл» фильмінде барымташы жігіт пен қарт Жамбыл бейнесін нанымды етіп сомдап шықты.

2- жүргізуші:

Ол 1953 – 70 жылдары «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді.

Слайд 5-6 «Шәкен Айманов – театр актері»

Келесі кезекте, Балдәурендік жас актерларымыздың дайындаған «Тақиялы періште» фильмінен үзінді-қойылымын тамашалаңыздар!

1-жүргізуші:

Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн – Шәкен ата туған жерде,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады

/ Мектебіміздің жас ақындарының Шәкен атамызға арнау
өлеңдерін қабыл алыңыздар
/ күй ойнап тұрады

Серік Дінмұхаммед 8 «Г» сынып оқушысы Алматы қаласы; Қайыров Қыдырәлі 9 «А» сынып оқушысы Батыс Қазақстан облысы; Ерсайынова Айымгүл 9 «Ә» сынып оқушысы Батыс Қазақстан облысы; Жұмабек Бекнұр 9 «Б» сынып оқушысы Түркістан облысы

Слайд 7 «Қазақфильм киностудиясы»

1-жүргізуші:

Шәкен Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, 1958-70 жылдары одақ басқармасының 1-хатшысы қызметін атқарды.Ол театр мен кино саласына қосқан еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атақтарын иеленген . Оның 1970 жылы соңғы қойған «Атаманның ақыры» фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

2-жүргізуші:
Шалқытып бүгінгі күн ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әсем дауыс, сазды әнмен таңқалдырар
Құрметпен әншімізді қарсы алайық!

Қамбарова Гүлжанның орындауында Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмінде опера әншісі Ермек Серкебаев шырқаған «Слушай» әнін қабыл алыңыздар!

Слайд 8 «Шәкен Айманов ескерткіші

1- жүргізуші:

Қазақ киносының атасы 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады.Шәкен Айманов Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының бір көшесі және «Қазақфильм» студиясы Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

2-жүргізуші:

Алғаш 2003 жылы Алматы қаласында “Шәкен жұлдыздары” продюсерлік орталығының күшімен фестивальұйымдастырылды.2004жылдан бастап Алматы қалалық мәдени шаралар бағдарламасына енгізіліп, әкімшіліктің бюджеттік қолдауымен өткізілді. "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалінің басты мақсаты- кино өнері арқылы ұлттық рухани дамудың жан-жақтылығына негізделген қауымдастықтың қалыптасуына жағдай жасау.

Слайд 9 «Шәкен жұлдыздары» фестивалі

1-жүргізуші:

Осындай мақсат аясында жас қазақ кинематографтардың кәсіби деңгейінің шыңдалуына, әрі олардың түсірген кинотуындыларын фестиваль кезінде көрермен-көпшілікке көрсету арқылы дүниежүзі кино өнері жетістіктеріне қол жеткізуге талпындыру, ұлттық кино мектебінің дәстүрін сақтай отырып, одан әрі өркендету, ұлттық киношеберлері мен озық шет ел әріптестері арасындағы өзара байланыстарды нығайту.

2-жүргізуші:

2005 жылы "Шәкен жұлдыздары" кинофестивалі Халықаралық жастар киносы және дебюттік фильмдер байқауы дәрежесіне көтерілді. 2003- 2004 жылдары өткен "Шәкен жұлдыздарының” алғашқы екі фестивалі кезінде жергілікті көрермендерді ұлттық кино өнерінің 20-дан аса көркем және 50-ге тарта деректі туындыларымен таныстырылым жасалды. Ол “Қазақстан киносы ғасырлар тоғысында” деген девизбен жүргізілді. 2003-2007 ж. аралығындағы “Шәкен жұлдыздары” кинофестивалі кезінде ұлттық, сондай-ақ шетелдік фильмдер көрсетілімі болды.

Слайд 10 «Әлем таныған Айманов»



1-жүргізуші:

Шәкен ата қазағымның жұлдызы,

Тарихымда қалған оның іздері.

Театр мен кино өнері қазақтың,

Биіктерден көрінсінші үнемі.

2-жүргізуші:

Шәкен ата мерейтойың құтты болсын ,

Халқыңның ардақтаған бір ұлысың.

Есіміңді ұлықтадық біз бүгін,

Қасиетіңе бас иеді ұл-қызың!-деп Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз!

1-жүргізуші:

Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша құрметті қонақтарымызды шығарып саламыз.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі