400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл қазақ кино өнерінің майталманы, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Удербаева С.К.
Қазақстан тарихы кафедрасы.
Мукышева А.М. 2- курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл

Б иыл қазақ кино өнерінің майталманы, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Талантты режиссер, керемет актер Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Кенжетай мен туған жездесі, әнші Қали Байжановтан тәрбие алған ол, жастайынан ән-күйге, өнерге, сауық-сайранға бейім болып өседі.

Ш.Айманов қазақ ұлттық кино өнерінің «алтын қорына» енген «Атамекен», «Тақиялы періште», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» т.б. оннан аса көркемфильмдер түсірген. Сонымен қатар режиссер қазақ киносының жұлдызды галереясының дүниеге келуіне әсер етті.

Ш.Аймановтың ерекшелігі – әрбір фильмінде актерді дәл таңдай білуі. Сонымен бірге қазақ кинорежиссураның дүниеге келуі де Ш.Аймановтың есімімен байланысты. 1953 жылы жарық көрген «Махаббат туралы аңыз» фильмі қазақ киностудиясы мамандарының өз күшімен түсірілген алғашқы шығармасы болды.

Ш.Айманов фильмдерінің ерекшелігі – әрбір көрініске, әрбір оқиғаға музыка тақырыбын, ырғағын үйлестіре таңдауы. Әсіресе, әнге көп көңіл бөлген. Егер Шәкен Аймановтың шығармашылығына жүгінетін болсақ, мысалы, оның "Тақиялы періште" фильмі өте мейірімді, жылы, анасы мен оның ұлы туралы, анасының баласы үшін қалыңдық іздеуі суреттеледі. Фильмде тек сюжет қана емес, сонымен қатар әндер, билер, костюмдер де әдемі үйлестірілген.

Кино майталманынның туындылары әлі күнге дейін көгілдір экраннан алыстаған емес. Көрерменге экраннан бөлек, қазақ киносының осындай жауһарларын дәріптеу жастар алдындағы міндет болып отыр. Осы мақсатта, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранттары талантты режиссердің өмірі мен өнері аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шарада Ш.Айманов туралы баяндамалар оқылып, үздік фильмдерден үзінді келтірілді.

Шәкен 1963 жылдан-ҚазКСР Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1984 жылы оның есімі "Қазақфильм" киностудиясына берілді. Туындылары үшін Ш.Айманов «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Шәкен Айманов керемет режиссер және актер болды, оның туындылары әлі күнге дейін көрермендерді шабыттандырып, қызығушылық тудыруда. Талантты режиссердің 110 жылдық мерейтойы оның кино тарихында қалатын алтындай бағалы туындыларын еске түсіруге себеп болды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі