«Сәкен
жайлы сыр»
Мақсаты:
Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен
жазушылық қызметінен, шығармашылығынан
мағлұмат беру. Жазушының әлемдік
мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың
білімдерін жүйелеу.
Оқушылардың
өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін
, рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық
білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын
жетілдіру.
Кітапханашы:
Сәлеметсіздерме
оқушылар бүгін ақпарат орталығы
кітапханамызда С.Сейфуллиннің туылғанына
125 жыл толуына орай тәрбие сағатына қош
келдіңіздер. С.Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды
облысы Ақадір (қазіргі шет ауданы) ауданы
Қарашілік қыстағында дүниеге келеген.
Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш
приход мектебінде, қалалық үш сыныпты
училищеде оқыған. 1914 жылы Қазан қаласында
«Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын
бастырып шығарды. 1917 жылы Бұғылыда
мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді.
1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын»
жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты
пьесасынның беташар қойлымын көрсетті.
Беташар қойылымнан кейін маусым айында
ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін
тұтқынға алған. Сәкен 47 күн отырған
атаман Анненковтың «азап вагонынан»
1919 жылдың 3 сәуірінде адмирал Колчактың
Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. 1920
жылдың 7 мамырында Ақмолаға қайтып
оралып, атқару комитеті төрағасының
орынбасары және әкімшілік бөлімінің
меңгерушісі болды. Сол жылы Қазан айында
Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын
жариялаған Кеңестердің Бірінше Құрылтай
съезіне қатысты, Орталық атқару Комитеті
Призидиумының мүшесі болып сайланды.
Жер – су комиссиясының жұмысына және
баспасөз ісіне басшылық жасады. Саналы
ғұмырындаС.Сейфуллин «Еңбекші қазақ»
газетінің редакторы, халық ағарту
комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР
Халық Комисарлары Кеңесінің Төрағасы,
Қазақстан пролетар жазушылары
ассоциациясының басшысы, БК(б) Қазақстан
Өлкелік Комитетінің партия тарихы
бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы
халық ағарту институтының, Ташкенттегі
қазақ педагогикалық институтынның
директоры, «Жаңа әдебиет» журналының
басшысы, Қазақ мемлекеттік институтының
доценті, «Әдебиет майданы» журналының
редакторы, Қазақтың комунисттік
журналистика институтының профессоры
қызметтерін атқарған.
Сол
жылдары жаңа өмір жолында күреске
шықырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы,
«Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты
пъесалары, «Домбыра», «Экспресс»,
«Домбыра толқынында» атты поэтикалық
жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын
поэтика мен драматургияға көп жаңалықтар
енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында
түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының
поэтикалық дәстүрін дамытты. С.Сейфуллин
өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер
болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында
30- жылдардың бас кезінде Қазақстанның
ауыл шаруашылығында орын алған асыра
сілтеу оқиғаларын сынға алды. «Ақсақ
киік»,»Аққудың айрылуы» шығармаларында
туған даланың табиғатын, адамның ішкі
сезім күйлерін суреттейді.
Ал
енді балалар мына көркем әдебиеттер
С.Сейфуллиннің шығармалары еңбектері.
Енді екі топқа бөлініп осы ақынымыз
жайында пікір таласып өз білімдерімізді
тексеріп көрейік.
1
Бірінші тапсырма ақынның қандай өлеңін
немесе үзіндісін айтып бере аласыздар.
2
Осы ақынымызға қандай өлең жолдарын
арнар едіңіздер.
3
Ендігі кезек ақын, жазушы болсаңыздар
қандай өлең әңгіме жазар едіңіздер?
Қандай тақырыпта?
4
Екі топ сөз жұмбақ құрастырып бір –
біріңізге жасырып көрейік.
Балалар
бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды
қорытындылай келе өздеріңіз бойларыңызға
сіңірген білімдеріңізбен бөлісе
отырсаңыздар.
Әрқашан
білімді білікті еліміздің үлгі тұтар
азаматы болыңыздар. Еліміздің көк туын
көкке желбірететіндеріңізге біз сенеміз.
Еліміздің болашағы мына жас ұрпақ
сіздердің қолдарыңызда. Уақыт бөлім
келгендеріңізге көп рахмет айтамын.