2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сәкен Жүнісов - парасатты тұлға, шығармашылық даралық

Сәкен Жүнісов - парасатты тұлға, шығармашылық даралық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәкен Жүнісов шығармашылығына байлданысты семинардан кейінгі әріптестерге баяндау ретінде айтылған ойым, әрі авторлық өлеңім
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сәкен Жүнісов – парасатты тұлға және шығармашылық даралық

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің асыл қазыналарының бірі, талантты жазушы, драматург және өнерпаз Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы халқымыздың рухани мұрасында айрықша орын алады. Оның қаламынан туған 17 пьеса, бірқатар романдар және кино саласында көрініс тапқан шығармалары – қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі. Әсіресе, Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген «Аманай мен Заманай» шығармасы өзінің маңыздылығымен әрі әдебиетте, әрі кино саласында ерекше орын алды. Бұл туынды тәуелсіз елдің рухын асқақтатып, қазақ халқының тарихы мен тағдыры туралы терең ойларға жетелейді. Сәкен Жүнісовтің шексіз дарыны тек әдебиетпен шектелмей, оның өнердің әр саласындағы қабілетімен ұштасады. Ол домбыра, мандолин және пианино секілді аспаптарда еркін ойнап, халқына ән мен күй сыйлаған. Сонымен қатар, спорттық күресте де озық болып, жан-жақты талантын дәлелдеген. Біз, Қостанай және Ақмола облыстарынан жиналған әріптестер, әдіскер Ермек ағайдың қолдауымен Бейімбет Майлин ауданында өткен республикалық кездесуге қатысып, Сәкен Жүнісовтің шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды пікір алмастық. Бұл іс-шарада жазушының еңбек жолына арналған кітапша табысталып, мұражай жұмысына шабыт беретін ерекше деректер айтылды. Сәкен Жүнісовтің еңбектері – болашақ ұрпаққа ұлы мұра. Оның өмір жолы мен шығармашылығы арқылы біз қазақ әдебиеті мен өнерінің қандай биік деңгейге жете алатынын көрдік. Сондықтан мұндай тұлғаларды мақтан тұтып, олардың еңбектерін дәріптеу – біздің парызымыз.

Парасатты тұлға, әр саласы өнердің,

Оның небір еңбектерін көрерсің!

Он жеті пьеса, романдары тағы бар,

Кино әлемінде туындысы бағы бар.

Аманай мен Заманайды қарасаңыз,

Ақжарқын жазушыға оны баласаңыз.

Тағы басқа тың игеру үрдісі бар,

Еңбекші халық озатымен санасасыз.



Сәкен деген түрлі аспапта ойнаған,

Мандолин мен пианиномен тойлаған.

Күндері оның домбырасыз өткен жоқ,

Күрестен де оза шығып бойлаған.

Еңбек жолы кітапшасы табысталды,

Мұражайға деген кезде шабыт қалды.

Қуанышпен айта аламыз мақтанышпен,

Қостанайда қызмет істеген арыстарды.



Ізгі тілекпен, Нурсейтова Маржан Жумагазовна, Бейімбет айлин ауданы.

20 Қаңтар 2025
151
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі