400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Сәкен Сейфуллин "Далада" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәкен Сейфуллин "Далада" өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі
Мақсаты:
а) білімділік: ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
ә) дамытушылық: оқушының ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, қалыптастыра отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білім, білік дағдыларын арттыру.
б) тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сыйластыққа, ең бастысы адамгершілікке баулу.
Түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, суреттеу, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезе
ңі
2. Үй жұмысын тексеру.

(Сәбит Дөнентаевтың қысқаша өмірбаянын сұрау.
«Ой» фельетоны)
3. Жаңа сабақ: С. Сейфуллиннің өмір жолына тоқталу
Мағынаны тану. Ой қозғау.
С. Сейфуллин кім?
С. Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж - Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж - Нілді орыс - қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж - Омбы семинариясына түсті.
1916ж - Бұғалы мектебін ашты.
1922ж -«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты.
1926ж - Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж - С. Сейфуллин өмірден өтті.
1. Оқушыларға С. Сейфуллин және оның мұражайы туралы қысқаша бейнероликті тыңдату.
2. Ойларын жинақтап кластер құру.
С. Сейфуллин

Кең құлашты эпик ақын, жазушы, лирик, прозаик, драматург;
Мемлекет және қоғам қайраткері;
Ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.
Қазақтың көрнекті ақыны.

«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
1922ж - «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.

2 Ой толғау:
1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру.
2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру.
3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.

3 Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі
1. Авторы: С. Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2. Тақырыбы: жастарға мақсат, арман - тілектерге жетер жолында аянбай,
тынбай күресу
3. Жанр түрі: Лирика (арнау - жарлай арнау)
4. Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі
5. Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны:.. 42..
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7 - 8
9. Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби - теориялық ұғымдар
10. 1 Троп - сөзді құбылту
а) теңеу - танаулары шелектей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет - қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс - құрақты көк өзен, аққулы - қазды шалқар көл,
б) синоним - әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу - күңіренді дала

11. Түсіндірме сөздік: жүген - құрық - ноқта -
12. Өлеңнің түйіні: өмірде қалыс қалмай, әрқашан тек биікте самғаңдар!

4 Шығармашылық тапсырмалар:
Жастар деп отырғанымыз кімдер?
Сәкен неге жастарға сенім артып отыр?
Сәкен өмір сүрген заман мен қазіргі заман қандай?
Қазіргі заман жастары мен бұрынғы кезең жастарын салыстырайық
Ол үшін білім алуымыз керек!

5 Жастарға арналған мақал - мәтелдер айтайық
6 «Далада» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

4 Сабақты бекіту: қорытынды тест
Мен бірнеше сөйлемдер оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер + келіспесеңдер - деген таңба қойылады.
1. С. Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған.
2. Оның «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет.
4. С. Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды.
5. Оның «Далада» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық.
6. Өлеңде жас баладай — теңеу болады.
7. С. Сейфуллиннің поэмалары: «Далада», «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат»

Оқушыларды бағалау.
Үйге: «Далада»өлеңінен үзінді жаттап келу
.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі