Тақырыбы
: Сәкен Сейфуллин 130 жыл."Сәкен – жырдың
сарқылмас дариясы" атты мәнерлеп оқу
сайысы
Мақсаты:
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау,
оның поэзиясының тереңдігін, рухани байлығын жастарға
таныту.
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту,
көркем сөзге деген қызығушылығын
арттыру.
Қазақ әдебиетіне деген құрмет пен
сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру.
Құндылықтары:
Патриотизм мен ұлттық сана-сезімді
тәрбиелеу.
Тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті
арттыру.
Шығармашылық және өзін-өзі дамытуға
ынталандыру.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды, атап
айтқанда, мәдени мұраға деген құрметті
сіңіру.
жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар!
жүргізуші:
Қазақ халқының
асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам
қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай
«Сәкен – жырдың сарқылмас
дариясы» атты мәнерлеп оқу сайсымызға қош
келдіңіздер!
жүргізуші:
Сәкен Сейфуллиннің өмір
жолы өнегелі әрі қайғылы. Ол найзағайдың жарқылы немесе дауылпаздың
самғауына ұқсайды.
«Оның шыншылдығы – шын жүрек
шыншылдығы. Сондықтан оның жолы – әр адымын санап басқан кісінің
жолы емес, ылдиы бар, өрі бар өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын
жолы»,- деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткен. Сәкен Сейфуллиннің өмірі,
шығармашылық жолы қандай болған екен? (Презентация көрсетіледі)
оқушыларға таныстырсақ
жүргізуші:
Сәкен:
«Табиғат өзгеше боп туған
едім,
Белімді жастан бекем буған
едім.
Халықтың қорлық көрген туын
ұстап,
Әділдік жолын іздеп қуған
едім.
Болса да жолым қиын
михнатты,
Сол жолда басшықыл дым жалғыз
хақты.
Дарияға қайық салған өр
балаңды
Қолда енді, бабаларым
аруақты!»,-
деп өз өмірінің
мақсатын баяндады.
жүргізуші:
Өзінің өмірбаяны туралы бір
жазғанында: «Әкем саятшы, аңаулағыш, домбырашы, ақжарқын жайдары
адам, шешем әңгімешіл еді»,-
дейді.
жүргізуші:
Орыстың танымал жазушысы
Галина Серебрякова Сәкен Сейфуллинмен Мәскеуде қалай
кездескені жөнінде былай деп жазады: «Сәкен Сейфуллин мені өзінің
қажырлы, сыртқы сұлу кескінімен қайран қалдырды. Олкісіге тура,
адал да батыл көзбен қарайтын. Сонда олкөне парсы
фрескаларындағы жеңімпаз да жігерлі жауынгерге ұқсап
кететін.
Мен танығанСәкен Сейфуллин
Қазақстанның бір бөлшегі
сияқты. Сәкен бар жан-жүрегімен туған
елінің, өз халқының бел
баласыеді, халқына жаны пида
жақсылардың бірі
еді».
Сахнаға оқушылар
шығып, Сәкеннің өлеңдерін
оқиды.
-
7а сынып оқушысы- Өмірбек
Арсен
-
7 б сынып оқушысы - Сәрсекова
Жұлдызай
-
7 б сынып оқушы - Қалмұратова
Еркеназ
-
7 б сынып оқушысы -
Бауыржанұлы Әліби
-
7 б сынып оқушысы- Алтынбек
Нұрислам
-
8 а сынып оқушысы -
Спандиярова Дильнара
-
8 ә сынып оқушысы -Нұржанұлы
Нұрмат
-
8 б сынып оқушысы-
Рахымбердина Дидарай
-
9 ә сынып оқушысы- Сламбек
Инабат
-
9ә сынып оқушысы- Еркінқызы
Айзере
жүргізуші:
Керуен көшер, керуен қонар
-
Үйреншікті
әңгіме,
Бізден қалар талай
белгі
Кейінгіге, мәңгіге» деп
жырлағандай
Әділ қазыларымыз әділ бағасын
қорытындылап болғанша Әнге берейік . Ералы Әлбибінің орындауында «
Отан» туралы ән
жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Сәкен – жырдың сарқылмас
дариясы» атты әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.
Қорытыдыны әділ қазылар алқасына
берсек.
№ 35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицейі
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
130 жыл. «Сәкен- жырдың сарқылмас
дариясы»
2024 Ж