Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Шәкерім Құдайбердіұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы
Материал туралы қысқаша түсінік
Шәкерім Құдайбердіұлының "Еңлік - Кебек" поэмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
18 Қараша 2018
365
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ әдебиеті | Мұғалім: Хавасханова Мукаддам | Уақыты:9-45 | Кабинет3.32 |
Сабақтың атауы | Абайдың өмірі,шығармашылық жолы | ||
Мақсаты | а)оқушыларға А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларының қыр – сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту.ә) қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру .б) Туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі , ел бірлігі , ұрпақ келешегі , адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып , адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу ,кәсіптік бағдар беру .Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, сұрақ – жауап әдісі, топқа бөлуКөрнекілік: Әдебиет электронды оқулық, «Activstudio» интерактивті тақтасы,суреті , кестелер , сызбалар . | ||
Топқа бөлу | Асықтардың түстері арқылы топтарға бөліну | ||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Есте қалған қызықты оқиға Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады | ||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту | 1. Слайд. Тақтада Абай Құнанбайұлының бір өлеңі беріледі. (Оқушылары өлеңнің кімнің өлеңі екенін талдай отырып, сабақты өздері ашады.)Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге.Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абай шығармашылығының дені – халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр алған, сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар.Тұрсынбек Кәкішев. Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы сол – ол қай әдебиеттен үйренсе де, жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды.Зәки Ахметов… Адамшылық ой қиялы өте таза, ұлтжанды, елін – жерін сүйген кісі еді. Міржақып Дулатов 2. Слайд. Екі топ өзара жаңа сабақпен өздері танысады, бір топ Абайдың өмірі туралы, ал екінші топ Абай шығармашылығы туралы ізденеді жіне оны қорғайды (Ізденуге 7минут қорғауға 3минут беріледі) .3. Слайд. Топ ережелерімен таныстыру.1.) Берілген уақытты үнемді пайдалану2.) Сөздің көркемдігі, ойдың жүйелілігі3.) Деректердің нақтылығы5. «Екі жұлдыз, бір тілек». Екі топ бір-бірін бағалайды. (екі жақсы пікір, бір ұсыныс)6. 4. Слайд. Екі топ оқушылары Абайдың қара сөздерін оқып, талдайды.7. Сергіту сәті. «Ыстық орындық» . Абай рөлінде бір оқушы алдыдағы орындыққа отырады, отырған оқушылар Абайға сұрақ қояды.1.) Сіз төрт жыл мезгіліне өлең арнадыңыз?2.) Әкеңіз билік ісіне араласу үшін медіреседен шығарып алып келгенде не үшін ел басқару ісіне аралспадыңыз?3.) Қодар өлімін көргенде не үшін қатты қайғырдыңыз?4.) Сізге аға сұлтанның баласы болып өмірге келу қаншалықты көмектесті?5.) Адам болудың кілті неде деп ойлайсыз? | ||
Мағынаны тану | |||
Ой толғаныс | 8.бес жолды өлең (ақын, кемеңгер, қайраткер)Бірінші жол – бір зат есімЕкінші жол – екі сын есімҮшінші жол – үш етістікТөртінші жол – бір сөйлемБесінші сөйлем – зат есімнің синонимі | ||
Бағалау | Топ басшысы бағалау парағынан оқушылардың сабақта алған бағаларын оқиды, және бағаларды алудағы оқушылардың жетістіктерін айтады.Бағалау кестесі арқылы топ басшылар өз тобындағы оқушыларды бағалайды | ||
Үйге тапсырма | «Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді» тақырыбына эссе жазып келу |
Қазақ әдебиеті | МұғалімХавасханова Мукаддам | Уақыты:10-35 | Кабинет2.12 |
Сабақтың атауы | Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары | ||
Мақсаты | Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары туралы мәлімет алу | ||
Топқа бөлу | Пазл арқылы топтарға бөлу | ||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Ұқсастық шегі Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі | ||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту | «Абай аудармалары» бекеті.Билеттегі сұрақтарға жауап беру.Жаңа сабақ:Абай орыс аудармаларын аудара отырып, қазақтың қара өлеңі ұйқасынан бөлек ұйқастар енгізген, яғни жаңалық енгізген ақын. Ұйқас түрінен: егіз ұйқас, шалыс ұйқас, аралас ұйқас түрлері енді. Сондай-ақ, буын, бунақ, тармақ сандары жағынан да жаңалық әкелді. Мысалы:Сегіз аяқАлыстан сермеп, А)Жүректен тербеп, А) Шымырлап бойға жайылған; Ә)Қиуадан шауып, Б)Қисынын тауып, Б) Тағыны жетіп қайырған, Ә) Толғауы тоқсан қызыл тіл, В) Сөйлеймін десең, өзің біл. В)Өткірдің жүзі, Г)Кестенің бізі Г) Өрнегін сендей сала алмас. Ғ)Білгенге маржан, Д)Білмеске арзан, Д) Надандар бәћра ала алмас. Ғ) Қиналма бекер, тіл мен жақ, Е) Көңілсіз құлақ — ойға олақ. Е)Балаларға осыдан түсінгені бойынша талдау үшін ашық тест беремін.Ашық тестқ/с Өлеңі Ұйқас, буын, бунақ, тармақ түрлеріне талда1 Бойы бұлғаң,Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонанБетті бастым,Ќатты састым, Тұра ќаштым жалма-жан 2 Алла деген сөз жеңіл,Аллаға ауыз жол емес.Ынталы жүрек, шын көңілӨзгесі хаққа қол емес. 3 Байлар жүр жиған малын қорғалатып,Өз жүзін онын беріп алар сатып, Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып | ||
Мағынаны тану | |||
Ой толғаныс | Абай мұражайына саяхат жасаймыз. Бейне фильм кореміз | ||
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру | ||
Үйге тапсырма | Мәліметтер жинақтау | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады |
Қазақ әдебиеті | Мұғалім | Уақыты: | Кабинет |
Сабақтың атауы | Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері | ||
Мақсаты | Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту.Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту сабағыСабақтың түрі:Дәстүрліемес сабақСабақтың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс,ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет. | ||
Топқа бөлу | Пазл арқылы топтарға бөлу | ||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | « Сиқырлы сөздер » ойыны Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау | ||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту | - Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мазмұнымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз.Бүгінгі сабағымызды:Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,Толғайды Абай мұңым менен зарымды.Абай сынды дана туған халықтың,Ұл-қызы да болу керек дарынды, - деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабақтың жоспары:Үй тапсырмасын тексеру «Сиқырлы киіз үй» ойыны «Сандар сөйлейді» стратегиясыЖаңа сабақ Тақырыппен танысу «Оза оқу» стратегиясы «Жаңаша көзқарас» «Проблемалық полемика» «Кубизм» стратегиясы Тест «жұлдызды сәт»Қорытынды Венн диаграммасыБағалау.Қане, балалар,«Сиқырлы киіз үй» ойынын ойнап,үй тапсырмасын тексерейік«Сандар сөйлейді» тапсырмасы. Әр түрлі сандардың Абай өмірімен байланысын атуып, дәлелдеу. | ||
Мағынаны тану | - Абайдың неше қара сөздері бар?- 45.Қара сөз – еркін ой білдіру формасы.Абайдың қара сөзі – адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау. Қара сөздің көркем әңгімеден айырмасы:Кейіпкердің болмауыОқиғаның болмауыКөбінесе өсиет түрінде келеді.Абай бірінші қара сөзінде мақсатын атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». байдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысыҚара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М.Әуезов еді. «...Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М.Әуезов. 20-том).Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады: | ||
Ой толғаныс | Ол не? Кім жазды? Неше қарасөзбар? Қайқарасөздермен таныстық? Қарасөз не үшінкерек? Мен өмірдеқарасөзді пайдаланамын ба?Қарасөзі “Жұлдызды сағат” ойыны1. Абай қанша қара сөз жазды?55, 63, 45;2. Нешінші қара сөзі очерк ретінде қарастырылған?33, 38, 463. Естіген нәрсені ұмытпастыққа неше себеп бар?4, 5, 6;4. Абай адамзаттың неше қасын атаған? 2, 10, 3;5.Абай неше жасында қара сөз жаза бастаған?13, 27, 45; | ||
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру | ||
Үйге тапсырма | 1) Отыз сегізінші қара сөзді толығымен оқу2) «Абай атаға хат» атты ой- толғау жазу | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)