Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
Алты алаш пен барша жұрт қадір тұтып, заман өзгерсе де,қоғамдық қызметі өзгермейтін,болашақ ұрпақты тәрбиелеу міндетін абыроймен атқара алатын,мәртебелі мамандық екені даусыз.
Ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды бақыт санайтын жандардың бірі -менмін. Осы бала кезден ұстаз болуды армандаған арманым орындалып, шәкірт тәрбиелеуге өз үлесімді қосып жүрмін.30 жылдық еңбек жолымда шәкірттерімнің жарқырап жұлдыз болып жануына себепші болдым десем артық айтпаймын.Себебі алдыңдағы әр шәкірт- қайталанбас жеке тұлға.Әр баланың өзінің болмысы,жан- дүниесі,ынтасы,көзқарасы, қабілеті ір басқа.Өсер елдің келешегі де білімді, талантты ұрпаққа байланысты екені баршамызға аян. Алексендр Македонский «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздап емеспін,әкемнен өмір алсам,Аристотель ұстазымна өмірді жақсы өткізу туралы білім алдым»,-депті. Оқушының өсуіне қажетті білім мен дағдыны беру үшін,әсіресе ХХІ ғасыр дағдылары,сыни ойлау,шығармашылық,ынытымақтастық,қарым -қатынасын дамытуды әр сабағыма дайындалған сәттен күтілетін нәтижемен салыстырамын.Әр шәкіртім бүгінгі сабағымнан нені азық етеді, бұл мақсатқа қалай жетемін? Әр сабақ тыңғылықты ізденісті,қажырлы қайрат пен үлене жауапкершілікті қажет етеді. сыни ойлануды қажет ететін тапсырмаларды шәкірттерім қызыға орындайды, ал бұл шығармашылық оқушыға өмірлік қажетті дағды болары сөзсіз.Мемлекеттің жарқын болаағын мұғалімдерсіз елестету мүмкін емес.
Ұстаздық еңбек жолымда алдымда сан алуан мінез иесі отырды. Олардың әрбірінің жүрегінен жол табу да оңай болған жоқ. Өткенге көз жіберсем, ұстаздық қызметімнің жемісі мол. Талай шәкіртім түрлі додаларда топ жарып, намысты бермей жүр. Тек ол ғана емес, ең бастысы адамгершілігі мол арлы тұлға болып қалыптасқандығы жүрегіме қуаныш ұялатады. Әр оқушының жүрек сырын ұға біліп, оларды тұлға ретінде сыйлай білу арқылы тәрбиелеудемін..Ұстаз күнің құдіретті сәулесі секілді.Шартрапқа сәуле шашқан шуағынан қаншама адам жылынады.Өзімнен білім мен тәрбие алып қанаттанған шәкірттерім қазір әр түрлі салада қызмет жасап, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр. Бұл маған қанат бітіреді.
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл,-Шәкәрім ақын жырлағандай халыққа еңбек етудің бір жолы-ол менің бала тәрбиесіне қосқан үлесім. Өйткені мен бүгінгі оқушы арқылы болашақты тәрбиелеп жатырмын. «Бала жанының бағбаны» болып әр оқу жылында шәкірттерімнің алтын ұя мектебінен түлеп ұшқаны-ұстаз жемісі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
Алты алаш пен барша жұрт қадір тұтып, заман өзгерсе де,қоғамдық қызметі өзгермейтін,болашақ ұрпақты тәрбиелеу міндетін абыроймен атқара алатын,мәртебелі мамандық екені даусыз.
Ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды бақыт санайтын жандардың бірі -менмін. Осы бала кезден ұстаз болуды армандаған арманым орындалып, шәкірт тәрбиелеуге өз үлесімді қосып жүрмін.30 жылдық еңбек жолымда шәкірттерімнің жарқырап жұлдыз болып жануына себепші болдым десем артық айтпаймын.Себебі алдыңдағы әр шәкірт- қайталанбас жеке тұлға.Әр баланың өзінің болмысы,жан- дүниесі,ынтасы,көзқарасы, қабілеті ір басқа.Өсер елдің келешегі де білімді, талантты ұрпаққа байланысты екені баршамызға аян. Алексендр Македонский «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздап емеспін,әкемнен өмір алсам,Аристотель ұстазымна өмірді жақсы өткізу туралы білім алдым»,-депті. Оқушының өсуіне қажетті білім мен дағдыны беру үшін,әсіресе ХХІ ғасыр дағдылары,сыни ойлау,шығармашылық,ынытымақтастық,қарым -қатынасын дамытуды әр сабағыма дайындалған сәттен күтілетін нәтижемен салыстырамын.Әр шәкіртім бүгінгі сабағымнан нені азық етеді, бұл мақсатқа қалай жетемін? Әр сабақ тыңғылықты ізденісті,қажырлы қайрат пен үлене жауапкершілікті қажет етеді. сыни ойлануды қажет ететін тапсырмаларды шәкірттерім қызыға орындайды, ал бұл шығармашылық оқушыға өмірлік қажетті дағды болары сөзсіз.Мемлекеттің жарқын болаағын мұғалімдерсіз елестету мүмкін емес.
Ұстаздық еңбек жолымда алдымда сан алуан мінез иесі отырды. Олардың әрбірінің жүрегінен жол табу да оңай болған жоқ. Өткенге көз жіберсем, ұстаздық қызметімнің жемісі мол. Талай шәкіртім түрлі додаларда топ жарып, намысты бермей жүр. Тек ол ғана емес, ең бастысы адамгершілігі мол арлы тұлға болып қалыптасқандығы жүрегіме қуаныш ұялатады. Әр оқушының жүрек сырын ұға біліп, оларды тұлға ретінде сыйлай білу арқылы тәрбиелеудемін..Ұстаз күнің құдіретті сәулесі секілді.Шартрапқа сәуле шашқан шуағынан қаншама адам жылынады.Өзімнен білім мен тәрбие алып қанаттанған шәкірттерім қазір әр түрлі салада қызмет жасап, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүр. Бұл маған қанат бітіреді.
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл,-Шәкәрім ақын жырлағандай халыққа еңбек етудің бір жолы-ол менің бала тәрбиесіне қосқан үлесім. Өйткені мен бүгінгі оқушы арқылы болашақты тәрбиелеп жатырмын. «Бала жанының бағбаны» болып әр оқу жылында шәкірттерімнің алтын ұя мектебінен түлеп ұшқаны-ұстаз жемісі.
шағым қалдыра аласыз













