жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Қысқа мерзімді жоспары
|
Пәні: қазақ тілі |
Күні: 2.02.2018 ж |
Сыныбы: 8 сынып |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау Жаттығу жұмысы |
||||
|
Мақсаты |
Салалас құрмалас сөйлем түрлері туралы алған білімдеріңді тиянақтап, пысықтау. Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлерін салыстыра отырып, талдау жұмыстарын жүргізу |
||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Салалас құрмалас сөйлем , оның жасалу жолдарын қайталайды. Өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін жүйелейді, бекітеді, еске түсіреді. |
||||
|
Қолданылатын әдістер |
Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, СТО |
||||
|
Керекті жабдықтар |
Кеспе қағаздар, А4 қағазы , стикерлер |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
||
|
Ұйымдас тыру |
1 мин |
Сыныпты топқа бөлу |
Түстер бойынша 4 топқа бөлу |
||
|
Өткенді есте түсіру «Менен-сұрақ, сенен-жауап» |
3 мин |
1. Сөйлемнің қандай түрлері бар? 2. Салалас құрмалас сөйлем дегенімиіз не? 3. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 4. Ыңғайлас салалас дегеніміз не? 5. Елтаңбаның авторы кім? 6. Себеп-салдар салалас дегеніміз не? 7. Жай сөйлем дегеніміз не? 8. Қарсылықты салалас дегеніміз не? 9. Абайдың «Қара сөзі» қанша? 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 11. Қазақтың ақын, жазушыларын ата. 12. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не? 13. Талғаулы салалас дегеніміз не? 14. Әнұранның авторы кім? 15. Кезектес салалас дегеніміз не? |
Өткен тақырыптарт бойынша берілген сұрақтарға жауап береді |
||
|
Талдау-табыс кілті Топтық жұмыс |
15 мин |
I -топ 1.Бүгін жолға шыға алмаймыз, өйткені кеше қар қалың жауған еді. 2.Ең сенімді су жер астыныкі,-оны іздеу керек, табу керек.
3.Қаныш Баянауыл әндерін көп
біледі және оны өзі жақсы орындайды. 1.Бұл жөнінде қызық мәліметтер жазуға болар еді,-оның бұл хатта қажеті жоқ қой деймін. 2. Бұл араның жері үнемі дымқос болып жатады, шөбі еш уақытта тақырланып қалмайды 3.Біздің жерге егін шықпай
қоймайды: біз агротехниканы ойдағыдай
қолданамыз. 1.Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті. 2. Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды. 3.Сабақ бізге ұнағаны соншалық, уақыт өткенін білмей қалыппыз. 4-топ 1.Азаматтың шарашағаны сондай, кешкі асын ішуге шамасы жетпей ұйықтап қалыпты. 2.Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім 3. Ертерек үйге дәрігер ша-қыру керек немесе ауруханаға бару керек |
Дескриптор: 1.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды. 2. Салалас сөйлемнің түрлерін ажыратады |
||
|
Сәйкестендіру |
7 мин |
|
Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, сәйкестендіреді салаластың түріне ажыратады |
||
|
Сәйкестендіру |
3 мин |
.Бірде, біресе, кейде Ыңғайлас салалас
2.Я, яки, әйтпесе Кезектес салалас
3.Бірақ, сонда да, әйтсе де Қарсылықты салалас
4.Да,де,та,те, және Талғаулы салалас
5.Сол, соншалық мынау, мынадай Түсіндірмелі салалас
6.Сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені Себеп-салдар салала
|
Салалас құрмалас сөйлем түрлерінің жалғаулықты шылауларын сәйкестендіреді |
||
|
Жинақтау Тест сұрақтары |
3 мин |
Салалас құрмала сөйлемге байланысты тест сұрақтары беріледі
|
Салалас құрмалас сөйлемнен алған білімдерін тиянақтайды |
||
|
Рефлексия «Ортадағы қаламсап» |
3 мин |
Сабақтан алған әсерім...? |
Сабақтан не түйгендерін қаламсапты бір-біріне жалғастыру арқылы айтып шығады |
||
|
Үйге тапсырма |
1мин |
Әдебиет оқулығынан салалас түрлеріне сөйлемдер тауып жазу |
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады |
||
|
Бағалау |
1 мин |
Бірін - бірі бағалау |
|
||
1.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз- өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң- топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
А) Кезектес
В) Ыңғайлас
С) Себеп-салдар
Д) Қарсылықты
Е)Талғаулы
3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.
С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда .
Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
Е) Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі- жеңіс.
Д) Танк өз-өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң-топырақ бұрқ ете қалды.
Е) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
5.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі-тұрақтылық, бірі-махаббат.
В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі-бірлік пен береке.
С) Өтірікші өзін алдайды.
Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың-ақыл.
Е) Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
Е) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
7. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз.
В) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Д) Қазақ мақалы бар: асыл тастан , өнер жастан.
Е) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.
8.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.
В) Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.
С) Күн бұлттанды.
Д) Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай-бәрі де бар.
9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
А) Нүкте
В) Дефис, үтір
С) Қос нүкте
Д) Үтір
Е) Үтір, сызықша
10. Қарсылықты салаласты табыңыз.
А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.
В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
Д) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
Е) Талабы барларды жинап, курсқа жіберді.
1
|
Мысалдар |
Ыңғайлас салалас
|
Кезектес салалас
|
Қарсылықты салалас
|
Талғаулы салалас
|
Түсіндірмелі салалас
|
Себеп-салдар салалас
|
|
Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді. |
|
|
|
|
|
|
|
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді суытады |
|
|
|
|
|
|
|
Ағаңның сенің алдыннан шықпақ ойы бар еді, - жұмыстан қолы тимеді. |
|
|
|
|
|
|
|
Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. |
|
|
|
|
|
|
|
Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. |
|
|
|
|
|
|
|
Қазан аспаның аузында кейде от жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды. |
|
|
|
|
|
|
I -топ
1. Далада қар жауып тұр, бірақ күн суық
емес.
2. Дүкенге не Айгүл барады, не мен
барамын.
3. Қоңырау соғылды, оқушылар сыныпқа
кірді.
2-
топ
1. Күн суытты, құстар жылы жаққа ұшып
кетті.
2. Біресе жаңбыр жауады, біресе қар
жауады.
3. Теледидардан кейде концерт көрсетеді,
кейде қызықты бағдарлама көрсетеді
3-топ
1.Күн батты, даланы қараңғылық басты
2. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз
3. Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.
4-топ
-
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды
-
Қазақ мақалы бар: асыл тастан , өнер жастан
-
Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады
Сәйкестендіру
|
Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, |
оны өзің есіңе түсіруге тырыс |
|
Бабамнан қалған асыл бар: |
бірақ олар өзінің ардақты ұстазын ұмытпайды |
|
Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, |
асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс. |
|
Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, |
оны адамдар түсіне білуі қажет |
|
Мектеп бітіргендеріне біраз уақыт болды, |
ол- мынау жатқан кең байтақ жер |
|
Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, |
не аққан терден сұрау керек |
|
Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, |
бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз. |
|
Ақылды көп жасағаннан сұрама, |
кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
|
|
Малды не жерден сұрау керек |
біресе қолынан жетектеп жүрді. |
|
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: |
көп көргеннен сұра |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген