Материалдар / Саламатты Қазақстан - Салауатты Отбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саламатты Қазақстан - Салауатты Отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Салауатты өмір салтын ұстау» қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты,жан-жақты жетілген, парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Алпамыс» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме КМҚК









Shape1

(Әкем, анам және мен)

ата-аналармен бірлескен спорттық ойын-сауық










Дене шынықтыру нұсқаушысы: А.А.Қыдуақасова.














Балқаш қаласы

2021ж


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс қаблеттерін дмыту, жылдамдыққа,шапшандыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету.

Білімділік:Ептілік,белсенділік ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық:Дербестігін,батылдығын дамыту.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа,қарым-қатынастыққа,достыққа тәрбиелеу

Керек құралдар: Пирамидалар, кеглилер, шығыршықтар, кішкентай шаршылар, жалаулар, шарлар, доптар.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, тосынжай.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер «Денің сау болсын, балақай!» жобасына байланысты «Cаламатты Қазақстан-салауатты отбасы» спортты-эстафеталық сайысқа қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Келесі отбасыларды шақырамыз.

«Болашақ» тобы

Біздің ұран:Әдептен біз аспаймыз

Болашаққа бастаймыз

«Шаңырақ»тобы

Біздің ұран:Шаңырақ тобы алға

Биіктерге самға

Бірлігіміз барда

Жүреміз тек алда

«Бәйтерек» тобы

Біздің ұран: Бәйтеректей биікпіз

Отбасына берікпіз

Салауатқа серікпіз

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сайысымызды бастамақ бұрын әділқазы алқасымен танысып өтейік:

Балабақша директоры:Ашимкулова.М.М

Балабақша әдіскері:Шайгозова.А.М

«Гүлдер» тобының ата-ана комитеті: Рахметова.Н.Т

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер.

1ойын: «Ерке бала»

Ойын шарты: Әке баласын арқасына отырғызып жүгіріп,белгіден айналып баланы анасына береді,одан кейін баланы, екеуі бірге көтеріп жүгіреді.

2ойын: «Кім епті?»

Ойын шарты: Бала белгі арқылы жүгіріп,кегли арасынан ирелеңдеп өтіп,шығыршықтан қос аяқпен секіріп, допты алып пирамиданы айналып тік жүгіреді, кезекті анасы алып жүгіріп келіп, әкесіне береді..

Тосынжай: (Музыка ырғағымен Дәрумен ханшайымы кіреді)

Сәлеметсіңдерме балалар.Мен дәрумен ханшайымымын.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сәлеметсізбе Дәрумен ханшайымы! Хош келдіңіз!

Дәрумен ханшайымы:Менің бойымда сендерге керек барлық пайдалы дәрумендер бар. Олар сендерге үлкен болып өсіп, мықты күшті болуға көмектеседі.

Сондықтан сендер дос болу керексіңдер. Балалар сендер менімен дос боласыңдар ма?

Балалар: Дос боламыз!

Дәрумен ханшайымы: Балалар менің сендер сияқты кішкентай ханшайымдарым бар.

Қәнекей мен оларды шақырайын.

Музыка әуенімен кішкентай дәрумен ханшайымдары кіреді.

Би: «Дәрумендер»

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Құрметті ата-аналар,балалар ендігі кезекті балабақша педагог-психолог: Жұлдыз Жанатовна берейік.

Педагог-психолог: Құрметті ата-аналар бүгінгі көңілді спорттық ойын сауыққа қош келдіңіздер!

Трейниг: «Өз балаңды жақсы тани білесің бе?»

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Өте тамаша!Рахмет сізге, ал енді қызықты ойнымызды әрі қарай жалғастырайық.

3ойын: «Түрлі-түсті пирамида»

Ойын шарты: Әр топ түрлі-түсті пирамида шеңберлерін белгі арқылы, көлеміне қарай,тез музыка ырғағымен жинау.

4ойын: «Зәулім үй»

Ойын шарты: ойынды әкесі бастап, қолына гиометриялық пішіндерді алып белгі арқылы жүгіріп кеглилерден ирелеңдеп өтіп,шаршылардан аттап өтіп шығыршық ішіне қояды, қайра артқа жүгіріп кезекті анасына береді, анасы баласына береді.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Тамаша! Керемет сайыс болды! Енд әділқазылар алқасының шешімі шыққанша бойымызды сергітіп, көңілімізді көтерейік.

«Тентегім» атты флешмобты барлығымыз бірге билейік.

Әділқазы алқасының шешімі: Әр топ ата-аналарына «Алғыс хат», «Мадақтау» қағазы, әр балаға сыйлық беріледі.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!