Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Салауатты өмір- нұрлы болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған керекті тапсырмалар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



45Бейімделген орта мектебі КММ

Мектепалды даярлық тобы











Салауатты өмір – нұрлы болашақ

























Өткізген: Раисова А.Ж.




Өскемен қаласы, 2016 жыл.

Тақырыбы: «Салауатты өмір – нұрлы болашақ»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл екенін балаларға ұғындыру. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер:

  1. Спорт – денсаулық кепілі.

2. Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.
Тәрбиеші:

Құрметті ата- аналар, балалар, ұстаздар! Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан- жақты жетілген, парасатты, дені сау азамат өсіру отбасының, мектептің , жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына орай

бүгінгі шыныққан, шымыр бүлдіршіндердің қатысуымен өтетін «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты отбасылық сауықтыру сайысына қош келдіңіздер!


Тәрбиеші:

Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.


Тәрбиеші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.


Әр топқа 2 әке,2 ана 1 ұл, 1 қыз баланы қатыстыру талабы, бірдей формада киіну, топтың эмблемасы мен ұранының болуы талабы қойылды.
0 «А»
«Достық» тобы, 0 «Б» «Сұңқар» тобы, 0 «В» «Қыран» тобын қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші:

Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Капашева Айнұр Қабидолдақызы.

2. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі- Камешов Серғазы.
3. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі- Унасов Оралбек .

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру

2. «Кім жылдам » сайысы

3. «Волейбол » ойыны сайысы

4. «Мергендер » сайысы

5. «Шеңбермен жарысу» (ата-аналар шеңбермен), (балалар доппен жарысады) сайысы

6. «Су тасу» сайысы

7. «Баскетбол» сайысы (ата-аналар жарысы)

8. «Арқан тартыс» сайысы (ата-аналар жарысы)

Тәрбиеші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
І «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

І – кезең: «Таныстыру»

Тәрбиеші:

І – кезең бойынша әділ қазылар алқасы өз бағаларыңызды беріңіздер. 0 «А» «Достық» тобы, 0 «Б» «Сұңқар» тобы, 0 «В» «Қыран» тобы


Тәрбиеші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші кезеңге өтеміз.


ІІ – кезең:«Кім жылдам » сайысы
Ойынның шарты: бала қапты киіп алып, секіріп, мәреге дейін жетіп қапты сол жерге тастап, секіртпемен жүгіріп келеді, анасы секіртпемен барып, қаппен секіріп келеді, соңында әкесі қаппен секіріп барып, секіртпемен келеді.

Сәт сапар, бастаймыз!
Жақсы!
Керемет! Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Тәрбиеші:

ІІІ – кезең:«Волейбол » ойыны сайысы
Ойын шарты: Әкелері мен аналары , балалары бір-бір шеңбердің ішінде тұрып допты жерге түсірмей қағып алып мәреге бірінші жету.

Жақсы! Керемет! Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


Тәрбиеші:

IV – кезең: «Мергендер » сайысы

Ойын шарты: Үрленген шарды кезекпен дәлдеп дротикпен ату.

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


Тәрбиеші:

V – кезең: «Шеңбермен жарысу»

Ойын шарты: (ата-аналар шеңбермен), (балалар доппен жарысады)

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


Тәрбиеші:

VI – кезең: «Су тасу» сайысы

Ойын шарты: Стақанға құйылған суды төкпей,жүгіріп барып бос ыдысқа құю. (кім көп су жинайды)

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


VII – кезең: «Баскетбол» сайысы

(ата-аналар жарысы)


VIII – кезең: «Арқан тартыс» сайысы (ата-аналар жарысы)

Бірінші «Достық» тобы мен «Сұңқар» тобы күш сынасады, жеңгені «Қыран» тобымен күш сынасады.

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар сонымен бүгінгі «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты спорттық сайысымыз аяқталды. Әділқазы алқалары өз қортындысын жариялайды.

Әділқазылар дайын болғанша ұлдардың әнін тамашалайық.

Ән «Алға, қазақ жігіттері!»

Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізіп,сыйлықтар береді)

Тәрбиеші: отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!



Picture 2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
792
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12