«Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы тәрбиеші мен ата-ананың ынтымақтастығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы тәрбиеші мен ата-ананың ынтымақтастығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салты – адам денсаулығын нығайтып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған іс-əрекеттер жүйесі. Бала тəрбиесінде мұғалім мен ата-ананың бірлескен еңбегі – салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты шарты болып табылады. Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның күнделікті өмірінде денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған шаралар жиынтығы. Балалар үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі аспектілері.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы

тәрбиеші мен ата-ананың ынтымақтастығы»



Дені сау адам – мемлекетке паидасы тиер бір тұлға.

Салауатты өмір салты – адам денсаулығын нығайтып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған іс-əрекеттер жүйесі. Бала тəрбиесінде мұғалім мен ата-ананың бірлескен еңбегі – салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты шарты болып табылады.

Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның күнделікті өмірінде денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған шаралар жиынтығы. Балалар үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі аспектілері.

Дене шынықтыру – оқушының, студенттің физикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Бұлшық еттерді нығайту, икемділікті арттыру, жүрек-қан тамыр жүйесін жақсарту дене жаттығуларының басты артықшылықтары болып табылады. Жаттығулар арқылы балалар бұлшықеттері мен денесін дамытады және денесін дұрыс басқаруды үйренеді. Сонымен қатар, күнделікті дене шынықтыру сабақтары балалардың иммунитетін нығайтып, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Қимыл белсенділігі арқасында бала ағзасының қан айналым жүйесі жақсарады, бұл өз кезегінде барлық ішкі органдардың дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, дене шынықтыру психикалық денсаулыққа да оң әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, физикалық белсенді балалардың стресске төзімділігі жоғары, зейін шоғырландыру қабілеті жақсарады. Бұл оқу процесінде де маңызды рөл атқарады. Күнделікті қозғалыс баланың эмоциялық жағдайын тұрақтандырады, мінез-құлқын жақсартады және өзін-өзі бағалауын жоғарылатады.

Салауатты өмір салтының мəні.

1. Дұрыс тамақтану.

2. Дене белсенділігі.

3. Зиянды əдеттерден аулақ болу.

4. Тынығу мен ұйқы режимін сақтау.

5. Жеке гигиена мен қауіпсіздік ережелерін ұстану.


Педагогтар мен әке – аналар салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарттарын төмендегідеи сақтау керек.
Дұрыс тамақтану. Балаларға арналған мәзірде витаминдерге бай, теңгерімді тағамдар болуы тиіс. Тамақтану рационында көкөністер мен жемістердің, сүт өнімдерінің, ақуыз көздерінің жеткілікті болуы маңызды. Балалардың дұрыс өсіп-жетілуі үшін калориясы теңгерімді тағамдар тұтыну қажет.

  • Қозғалыс белсенділігі. Күні бойы әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарына қатысу дене шынықтыру жаттығуларымен қатар жүруі қажет. Балалардың бос уақытын белсенді ойындар мен спорттық іс-шараларға толтыру олардың дене дайындығын арттырады.

  • Гигиеналық дағдыларды меңгерту. Жеке бас гигиенасы, қолды жуу, дұрыс киіну сияқты дағдылар баланың өмір бойы денсаулықты сақтауға көмектеседі. Баланы жас кезінен бастап жеке бас тазалығын сақтауға дағдыландыру оның денсаулығының беріктігін қамтамасыз етеді.

  • Ұйқының жеткілікті болуы. Баланың дені сау болуы үшін тәулігіне 10–12 сағат ұйқы қажет. Толыққанды ұйқы баланың көңіл-күйін жақсартып, зейінін шоғырландыру қабілетін арттырады.


Педагогтың рөлі.

1. Оқушыларға дене тəрбиесі сабағында белсенді өмір салтының маңызын түсіндіру.

2. Спорттық шаралар мен жарыстар ұйымдастыру.

3. Үлгі болу – педагогтың басты міндеті.

4. Денсаулық мəдениетін қалыптастыру.


Оқу орындарындағы дене шынықтыру сабақтары
Мектепте не ООО, ЖОО - да дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуы балалардың жас ерекшелігі мен физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Сабақтар қызықты әрі белсенді болуы үшін ойын түрінде де өткізуге болады. Әр сабақтың негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, физикалық қабілеттерін арттыру. Сабақ барысында спорттық жабдықтарды қолдану балалардың қызығушылығын оятып, оларды белсенді болуға ынталандырады.


Ата-ананың рөлі.

1. Баланы спортқа баулу, қызығушылығын қолдау.

2. Үйде дұрыс күн тəртібін ұйымдастыру.

3. Дұрыс тамақтану мен демалысқа көңіл бөлу.

4. Баламен бірге спорттық іс-шараларға қатысу.


Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-аналардың рөлі ерекше. Балабақша тәрбиешілері ата-аналармен тұрақты байланыс орнатып, дене шынықтырудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Оларға балалардың денсаулығын жақсарту үшін үй жағдайында қолдануға болатын жаттығулар мен ойындарды ұсынуға болады. Ата-аналардың қолдауы балаларға салауатты өмір салтын ұстануға деген оң көзқарас қалыптастырады.


Ынтымақтастықтың маңызы.

1. Мұғалім мен ата-ана арасындағы бірлік – баланың дамуының кепілі.

2. Бірлескен іс-шаралар: спорттық күндер, отбасылық жарыстар.

3. Ынтымақ пен өзара түсіністік – тəрбиенің табысты болуының негізі.


Қорытынды.

Салауатты өмір салты – əр баланың болашағына салынған инвестиция. Педагог пен ата-ананың бірлескен еңбегі арқылы жас ұрпақ дені сау, жан-жақты дамыған тұлға болып өседі.

Дене шынықтыру мен салауатты өмір салты балалардың денсаулығы мен жан-жақты дамуына негіз болады. Балабақшада және отбасында денсаулықты сақтауға бағытталған дұрыс әдеттерді қалыптастыру – болашақ ұрпақтың дені сау және белсенді болуына кепіл. Сондықтан тәрбиешілер, ата-аналар және қоғам мүшелері балалардың салауатты өмір сүруіне барынша жағдай жасауға атсалысуы тиіс.

Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.Адамның денсаулығы– қоғам байлығы Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері сөзіз. Бұл жаттығулар балаларды мұрын арқылы дем алуға үйрету,тыныс жолдары арқылы жасалатын күнделікті жаттығулар.Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекететтік саясаттың басым бағдары болып табылатынын баса айтқымыз келеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі