400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салауатты өмір салтын сақтаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын насихаттайтын сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жалелов Жонас Ибатович

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Бітік мектеп-бөбекжай кешені

Шара тақырыбы: Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Түрі: ашық шара

Әдісі: спорттық ойын түрлері

Көрнекілігі: доп, ысқырық, турник, мат, т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың дайындығын қадағалау.

-назарын жарысқа аудару.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »

стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

  Сол бағдарламаға негізінде денсаулық күніне орай бүгінгі өткізіліп отырған « Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз »атты спорттық шарамызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі шарада 5-9-сыныптар аралығында 5 топқа бөліну  арқылы өз салауаттылығымызды ортаға саламыз.

Сонымен, І бөлім: Таныстыру (Әр сынып өз топтарымен таныстырады)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІY топ

Y топ

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып



ІІ бөлім - « Бірінші байлық-денсаулық » сұрақ-жауап кезеңі.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІY топ

Y топ

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулыққа  не зиян?

Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

Денсаулықты ақшаға сатып алуға бола ма? Неге?



ІІІ бөлім – «Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең»

Әр сыныптан бір оқушыдан шығып, сыныптық ерекшеліктеріне қарай дене көтеріп, турникке тартылудан жарысады.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІY топ

Y топ

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Дене көтеру

Дене көтеру

Турникке тартылу

Турникке тартылу

Турникке тартылу



ІY бөлім – «100 метрге жүгіру» жарысы

Әр сынып жас ерекшелігіне уақыт есебіне жүгіреді

Y бөлім – «Ептілікті сынайық, Денсаулықты шыңдайық» эстафеталық ойыны

Топтар допты екі аяқтың арасына қысып ұстап, межеленген жерді айналып келіп, допты топтың келесі мүшесіне тапсыруы тиіс. Ойын топ мүшелері толық қатысып шыққанша жалғасады

YІ бөлім - «Білегіңе ғана сенбе, біліміңе де сен!»

1.Топтың бір мүшесі ортаға шығып, берілген денсаулық туралы өлең жолдарын екі рет жүргізушінің айтуы бойынша тыңдап, үшіншіде өзі жатқа айтуы керек

2. Сол өлең жолдарын тобына қорытынды ұран ретінде жатқа айтқызу (5 минут жаттату)

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІY топ

Y топ

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Спорт - біздің досымыз,

Күш, қайрат та сыналған.

Спорт - біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған


Біз өмірді таңдаймйз,

Біз өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан бар ынтамен,

Денсаулықты қорғаймыз.


Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

Денсаулық- 5 сабақ -5

Деп рапорт береміз!


Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей , достым,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,


Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың, таза ауада ойнасаң.

 Осы кезден спортпен шұғылданып,

Сұлулық пен денсаулықты ойлайсаң.






Қорытынды бөлім

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Салауатты өмір салты - біздің болашағымыз.

Топтарды мадақтау (Әділ қазыларға сөз беру)

Сонымен, бүгінгі 5-9-сыныптар аралығында «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз» атты ашық шарада дене қуатын сынға салып жеңімпаздарымызды анықтадық. Бірақ спортпен шұғылданған әрбір жас өмірдің шынайы жеңімпазы екенін айтқым келеді. Қатысушыларға рахмет айтып, жарысымызды салтанатты түрде жабық деп жариялаймыз.

 













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі