М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық
жоғары колледжінің дене тәрбиесі пәні
оқытушысы
Баймбетов Асылбек Жанабаевич

Салауатты өмір салтындағы спорттың
маңызы
Жасөспірімдердің дені сау
болуы үшін аптасына қанша уақыт спортпен немесе сауықтыру
бағытындағы дене қимылымен айналысуы керек?- деген сұраққа дәл осы
кезден бастап өзімізге сұрақ қойғанымыз дұрыс.
Жалпы, жасөспірімдер салауатты
өмір салты туралы түсінікке ие, спорт, дене белсенділігі
денсаулықты нығайтуға көмектесетінін, ал жаман әдеттер, керісінше,
оны бұзатынын біледі. Алайда, сонымен бірге, жасөспірімдер өз
денсаулығына жеткілікті жауапкершілікпен қарамайды, оны қалай
сақтау және нығайту және қазіргі және болашақ өмірде қолдану туралы
аз ойлайды.
Заманның талабына сай
жасөспірімдердің көпшілігі компьютерлік ойындар мен интернет
байланысын ұнатады және мониторда көп уақыт өткізеді. Осы орайда
жасөспірімді спортқа баулу және оған сабақтың маңыздылығын жеткізу
маңызды. Саламатты өмір салтын ұстанып,
спортты серік еткен адамның алар асуы да, бағындырар биігі де көп
болмақ. Сондықтан шынығып, шымыр болуға ұлт болып ұмтылып
келеміз. Соның жарқын дәлелі ретінде
колледжімізде балалар спортын дамытудың дара даңғылы сәт санап
қалыптасып келеді. Облыстық және қалалық денгейлерде спортың
түр-түрінен өтіп жатқан жарыстарда колледж студенттерінен құралған
командалар топ жаруда. Нәтижесінде, колледжішілік спорттық
үйірмелерге қызығып, қатысушы жастар саны артып
келеді.Үйірмелерге қатыса отырып
өздеріне білім мен өмірде аса маңызды денсаулықты жақсартуға
мүмкіншілік алады.
Қазіргі таңда қаншама
жасөспірімдер денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағына
қатыса алмай келеді.Диагнозы бойынша дәрігер мен дене шынықтыру
мұғалімімен ақылдаса отырып, арнайы жаттығуларды тағайындатқан
абзал.Байқап отырғанымыздай спортпен айналысу барлығымызға
маңызды.
Балалар мен жастарға арналған
арнайы ұйымдастырылған бұқаралық спорт және жарыстардың да көлемі
кеңейіп келеді. Сондықтан да оқу орындарында спорт жұмыстарын
ұйымдастыруға талап күшейе түсуде. Сол себепті біздің колледждегі
дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтына бағытталған жұмыстардың
негізгі мақсаты білім алушы жастардың дене мәдениеті мен
салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру, спорттық
үйірмелерге қызығуын арттыру, сабақтарда дене жаттығуларын көбейту.
Бұл оқушылардың физикалық жағдайын, сапасын дамытуға, қозғалыс
қабілеті мен икемділігін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде
эмоционалдық, интеллектуалдық, рухани адамгершілік және
эстетикалық дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге
мүмкіндік береді.
Қортындылай келе,адам
денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ, дені сау болу үшін спортпен
шұғылданып ең болмаса таңертең жаттығу жасау керек. Олай болса
салауатты өмір салтын ұстану кезінде спорттың маңызын естен
шығармайық!