Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салауатты отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас орнату мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың бірі.Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салауатты отбасы!

Жүргізуші:   Шынықсаң  шымыр  боларсың,

              Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оңай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті  ата-аналар  және  балалар  бүгінгі «Салауатты отбасы» атты  отбасылық спорттық  сайысымызға  қош  келдіңіздер! 

 Көңілді жарысымызға «Күншуақ» тобының ата- аналары мен балалары қатысады.

                                      Әр  таңды  бақытпенен  атырамыз.

                                      Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз,

                                      Жарысқа  қатысушыларды қошеметпен шақырамыз

Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық

1 отбасы:

2 отбасы:

3 отбасы:

Жүргізуші:  Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырып алдық, енді бүгінгі сайысқа әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныс болайық.

1._________________

2._________________

3._________________


                                             Ал, құрметті  халайық!

                                               Жарысты  енді  көріңдер.

                                               Әділ  қазы  алқасы

                                               Әділ  баға  беріңдер.

Құрметті сайысқа қатысушылар және көрермендер. Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар! Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. «Таныстыру»

  2. «Желаяқтар»

  3. «Секірмек»

  4. «Кедергіден өту»

  5. «Кенгру»

  6. «Арқан тартыс»

.

 І - Кезең: «Таныстыру»  

Әр топ ұраны мен топ мүшелерімен таныстырып өтеді


ІІ -  Кезең: «Желаяқтар»

Ойын  шарты: Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, келесі ойыншығы қолын тигізеді. Ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.  Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

ІII - Кезең: «Секірмек»

Ойын шашты: Допты баласы аяқ ортасына қысып секіріп келіп, анасына береді, анасы секіріп келесі ойыншыға береді. Межеге бірінші келген ойыншының тобы жеңіске жетеді


IV - Кезең: «Кедергілерден өту»             

Ойын шарты: Анасы бастапқы орыннан кедергілер арасынан жүгіріп шығып, гимнастикалық стол үстімен жүгіріп түсіп,матрас үстімен баспен айналып кері қарай жүгіріп келіп келесі балаға қол береді. Балалар кедергілер арасынан жүгіріп келіп, тепе теңдікті сақтай отырып жүріп, кері қарай жүгіріп келеді.Келесі ойыншы да дәл осылай қайталап,мәреге бірінші келген отбасы жеңіске жетеді.


V - Кезең: «Кім жылдам»             

Ойын шарты: Бұл сайыс та балалар межеге дейін кедергілер арасымен жүгіріп,допты алып келеді.Ал ата-аналар ж.гіріп барып,берілген есепті шығарып келеді.Қай топ бірінші орындаса,сол топ жеңіске жетеді.


VI - Кезең: Арқан тартыс

.

Жүргізуші: Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тараса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз   кезегін   береміз. (Әділқазыларды  тыңдау)

Уа,  халайық  назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да.

Құрметті бүгінгі  сайысымыздың  қонақтары сайысымызға қатысушы ата- аналар жеңістеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12