Салауаттылық -өмір маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салауаттылық -өмір маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_113__ Мерзiм_21.09.2015 ж _ №__3 _

Тақырып_Салауаттылық-өмір негізі _

Құндылық_Дұрыс іс әрекет__ Қасиеттер__Денсаулық, салауаттылық_

Мұғалiм _С. Жақыпов_ Класс__9_ Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты:


  • Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.


Сабақ міндеттері:


  • Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;


  • Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;


  • Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Ресурстар:

маркер,

А4 парақтары, аудиокасета,

оқулық, дәптер,

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)


  1. Тыныштық сәтi. (3 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)


Ойлан достым №3 сабақ оқу


Сұрақтар:

  • Сіздер Жангүлдің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?

  • Шылым шегудің, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіздер?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз. (5 мин)


Денсаулық — байлықтан қымбат

Джон Рей

Сұрақтар:

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіздер?

  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?

  • Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыз?

  • «Салауаттылық - өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?



  1. Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)


«Денсаулық»

  • Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Төменде берілге Ұлықпан Хакімнің жеті өсиетін оқып, оны талдау ұсынылады.



  1. Топпен ән айту. (3 мин)

Чемпиондар әні

Әні мен сөзі: Ермек Елгезеков


  1. Үй тапсырмасы. (1 мин)

Қателіктің арты өкініш



  1. Сабақтың соңғы сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі