400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы қоңырауға оқушыларды салтанатты жиынға жинау мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерілді:.................Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймуханбетов Қ.Б

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынының жүру тәртібі



1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2.Салтанатты жиынның ашылуы.

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын енгізу.

4.Әнұран шырқалады.

5.Салтанатты жиынды ашу,мектеп директорына сөз беру

6.Қонақтармен таныстыру.

7.Құттықтау сөз (қонақ,ата-ана,ұстаз)

8.1-сынып оқушыларының әдеби монтажы

9.Алғашқы қоңырау қағылады.

10.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын шығару.

11.Салтанатты жиынның жабылуы.

12.Салтанатты жиын 1- сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.

(Әуен ойналып тұрады)

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Биылғы 2018-2019 жаңа оқу жылының «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты білім күніне арналған салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын ! Білім күнің – мерекең! 



Ортада АӘД мұғалімі Е.Сулейменов

Мектеп, түзел,тік тұр! ҚР мемлекеттік туы енгізілсін. ҚР мемлекеттік Гимні орындалсын.(орындалады)









Жан шуағы,күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқпа біз түгіл,

Әл – Фараби, Омар Хаям, Абай да

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ердибаева Айман Утемжарқызына беріледі.



Жүргізуші:

Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырып өтейін.

1.Аудандық білім беру бөлімінің:...............................................................

2.Қабанбай ауылдық округінің әкімі Мұқатов Мейрамбек Асылбекұлы

3.Ауылымыздың имамы Ғафуров Жапар атамыз

4.Ардагер ұстаз: .......................................



Биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.Құрметті ұстаздар, қонақтар,ата-аналар,аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын.



Қазіргі таңда Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» атты мақаласы республика көлемінде жан- жақты талқыланып, кең қолдау табуда.Меніңше, Елбасы мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфенция аралық келісім», т.б жобалардың қай- қайсы болсын айрықша жаңашылдыққа бастайтын нақты жоспар ретінде де құнды.Біз нағыз рухани тәуелсіз ел атанғымыз келсе, мемлекет басшысының осынау өзекті мәселелерді қамтыған тағылымды тұжырымын іс- жүзінде орындауға бел шеше кірісуіміз керек.

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар,биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.

1.Аудандық білім беру бөлімінің:...............................................................

2.Қабанбай ауылдық округінің әкімі Мұқатов Мейрамбек Асылбекұлы

3.Ауылымыздың имамы Ғафуров Жапар атамыз

4.Ардагер ұстаз: .......................................



Жүргізуші:

Айқара ашқан есігін

Қайнары білім нұрының

Мектебің – алтын бесігің

Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,

Достасарсың да әріппен

Шуағын себер жолыңа,

Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларын шақырамыз.

Бүлдіршіндерге сәтті қадам, таудай талап тілейміз. Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып , тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып , алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы. Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер!

(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды)

1.Бірінші қыркүйек күні мен,

Аңқыған жұпар гүлімен.

Қарсы алды міне мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен. 

2.Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.



3.Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

4.Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдым енді мен,

Білімнің кілтін ашатын.

5. Біліммен асып - тасайық ,

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің
6.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жас досым, саған мың сәлем

7. Оқыған әпке, ағамыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де боламыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

8. Төгісов атаның 
Мектебінде оқимын. 
Ұстазымның әр сөзін 
Көңіліме тоқимын. 

9. Партаға алғаш отырам,
Бұдан асқан бақыт жоқ. 
Оқушы болдым, мінекей, 
Ойнауға енді уақыт жоқ.

10. Күн көзімен таласқан,
Ай мен күнге жол ашқан.
Қазақ қызы мен болам,
Білімменен санасқан.

11. Есін допқа жеңдірген,
Бала емеспін сен білген.
Алтыға кеп, алып боп,
Біріншіге келдім мен.

12. Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын мен енді.
Білім алып бойыммен,
Ойым да енді өседі.

13.Қолыма ұстап хат,қалам.

Балалық жүзбен сүйкімді,

Босағаңнан аттаймын,

Бөліп тұңғыш ұйқымды.

1 «а» - сынып оқушысы Жеңісбекова Балаусаның орындауында

«.......................................................................................... ». Қабыл алыңыздар!

1.Білім - менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу - айдында

Жайып білім желкенін.

2. Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге!

3.Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.



4. Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.
5. Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!
6.Отанның біз ұл-қызы

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын-жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.
7. Бақытты балғын баламыз,
Өсті ой мен санамыз.
Әріп танып, сабақ оқып,
Білім нәрін аламыз.
8.Армысың ,мектеп ар бесік

Айқара ашқан есігін

Тәрбие білім бар нәсіп

Өзіңде өрлеп өсемін

9. 5 болсыналар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер – білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

10. Нағыз білім ырыс бақ

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа

Кірісеміз дұрыстап

11. Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

12. Енді мен үлкен боламын

Анамның тілін аламын

Ұстаздың барлық айтканын

Миыма құйып аламын

13. Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі, үлгілі

Қазақстан азаматы боламын

14. Бұл куаныш себебін

Бізге қарап ұғарсын

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын



Ән: «Оқуда озат боламын».Орындайтын 1- сынып оқушылары.

















Жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

1. 1«а»- сынып оқушысы Төленді Айзере

2.11- сынып оқушысы....................................................................................................

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын.



Ортада АӘД мұғалімі Е.Сулейменов

Мектеп,түзел, тік тұр! ҚР мемлекеттік туы шығарылсын. (шығарылады)







Бастауыш білім беру саласында көп жыл еңбек сіңірген,зейнеткерлікке шыққалы отырған үлгілі ұстаз Жылқышыбаева Бағжанат Қазықанқызына лента қию рәсімін ұсынамыз.







Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы. Сөз кезегі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің ата-аналарының атынан арадгер ұстаз Кенжебаева Бақытгүл апайымызға беріледі.

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1- сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1- сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

1 «а» -сыныбы сынып жетекшісі Каирова Мөлдір Темирболатовна

1 «ә» - сыныбы сынып жетекшісі Закариянова Гүлназ Советовна

Ақ жол бүлдіршіндер!

Біліммен асып – тасайық,

Тілеуін берсін көк көптің.

Тілекпен осы ашайық,

Есігін енді мектептің.

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған « Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі