жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»
|
САБАҚ: І тоқсан |
Мектеп: |
|||||||||||||||||||||||
|
Уақыты: |
Мұғалімнің аты: Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: |
Келмегендер: |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» |
|||||||||||||||||||||||
|
Осы сабаққа қатысты оқу мақсаттары |
Т/Ж 8.1.2. 1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; |
|||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Дифференцияция |
Барлық оқушылар қабілетті болады: |
|||||||||||||||||||||||
|
Шығарманы оқиды, тақырыбы мен идеясын түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||
|
Көптеген оқушылар қабілетті болады: |
||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар қабілетті болады: |
||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Мәңгілік ел» құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топатса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу дағдылары негізінде жүзеге асады.
|
|||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Жырау, туындылар, дәуір, жинақтар мен басылымдар, қазақтың көне әдебиеті, ғүмыр, Ноғай ордасы, т.б. |
|||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейінгі оқылғандар |
Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 8-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады. |
|||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||
|
Уақытты жоспарлау |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
|
[0-10] минут |
«Миға шабуыл»
Мұғалім 4 оқушыны таңдап алып тақтаға шығарады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанша оқушылар жылдам өз тобын жинайды. Тақтаға оқушыларды бір-бірден шығарулары керек. |
|||||||||||||||||||||||
|
Орта [10- 20]
\
[20-35]
[35-40]
|
1-тапсырма. «Еркін жауап» стратегиясы Әр топтан 1 спикер жұмыстарының нәтижесін айтып, өзге топ мүшелеріне таныстырады. Мұғалім таңдап алған 4 оқушы өз топтарының бағалаушысы болып, жұмыстарын бағалайды. 1-топ. -Шалкиіздің өмірі туралы не білесің? -Қай бидің ақылшысы болған? 2-топ. -Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды? -Жырау Қазақ ордасына қашан оралады? 3-топ. -Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар? -Жыраудың басқа қандай өлең,толғауларын білесіңдер? 4-топ. -Шалкиіз шығармалары алғаш қағаз бетіне қашан түсті? - Шалкиіз шығармалары қай тілдерге аударылған? 2-тапсырма. Ж. Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» Тыңдалым алды тапсырма:
Тыңдалым барысындағы тапсырма:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: ЖЖ. Бейнебаянның мазмұнын негізінде «Менің күнделігім» кестесін толтырады. «Есте сақтау» стратегиясы. Сөздікпен
жұмыс.
|
Шалкиіздің дүниеге келуі «Қазақ хандығы» 7-бөлім 10:36 - 14:42 https://www.youtube.com/watch?v=5diwJHsQoDA
https://www.zharar.com/kz/olen/10311-temir.html
http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/audiobook/5157-tolhauy тыңдалым
|
||||||||||||||||||||||
|
Соңы |
Бағалау. Үйге тапсырма. Қазақ хандығы киносынан Шалкиіз жыраудың дүниеге келген кезін, заман көрінісін көріп, кинодан алған әсерімен бөлісу.
|
|
||||||||||||||||||||||
Би Темірге айтқан бірінші толғауы
Аспанды бұлт құрсайды
-
Күн жауарға
ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды
-
Көкшіліден ол
айуан
Соққы жегенге
ұқсайды.
Көп ішінде бір
жалғыз
Көп мұңайып жылайды
-
Күйбендескен көп
жаман
Сөзі тигенге
ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп
басқан
Арабы торым
өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол
кескен
Алдаспаным
өзіңсің!
Білерді білмес не
демес,
Сұлтан ием, сен
менің
Бармай тапқан
Қағбамсың!
Алтынды кесе сары
бал
Алсам, мен саған
ұсынармын,
Тал мойныма қол
артсаң,
Күліктен бек
ұнармын.
Көбең семіз
торыңмын,
Көп құлыңның
бірімін.
Жақсыңнан мені кем
көрдің,
Жаманыңмен тең
көрдің.
Жақсыңнан мені кем
көрсең,
Жаманыңмен тең
көрсең,
Ұялы берікке қос
артып,
Сен есенде, мен
сауда
Ырысымды
сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан
іздермін!
Еділден аққан
сызашық
Біз көргенде
тебінгіге
Жетер-жетпес су еді
-
Телегейдей
сайқалтып,
Жарқыраған
беренді
Теңіз етсе, Тәңірі
етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді
-
Жапырағын
жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі
етті!
Тебінгінің
астынан
Ала балта
суырысып,
Тепсінісіп
келгенде
Тең атаның ұлы
едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі
етті!!
Тобылғының
берегі
Иіл болып беріш
бітсе,
Айбар болар
терегі.
Атаның ұлы
жақсыға
Малынды бер де басың
қос,
Бір күні болар
керегі.
Бостаны бар-ды
теректің,
Болаты бар-ды
беректің,
Тұсыңдағы болған нартың
қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың
қорласаң,
Табылмас-ты
керекте.
Айдын шүйсең - тарлан
шүй,
Көтерілген сона
құтылмас.
Жауға кисең - берен
ки,
Егеулеген болат өте
алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр
жи,
Басыңа қыстау іс
түссе,
Дұспанның қолы жете
алмас!
Бар күшіңді
сынамай,
Балуандармен күреспе
-
Таң боларсың
әлемге,
Сөз боларсың
күлемге.
Ақылсыз
достыдан
Ақылды дұспан
артық-ты,
Дұспаныңнан бір
сақын.
Елі ішінде
айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың
сақын.
Жоғары қарап оқ
атпа,
Жуық түсер
қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз
айтпа,
Күндердің күні
болғанда,
Сол жаман айғақ болар
басыңа.
Жақсы да келер бұ
көпке,
Жаман да келер бұ
көпке,
Түгел іс қойып болмас бір
кепке.
Сен - алтынсың, мен -
пұлмын,
Сен - жібексің, мен -
жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен -
құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен -
қумын,
Жемсауыңа
келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім
аяман!
Саған дұспан - маған
жау,
Керекті күні
алдында
Ғазизленген сұлтан жаным
аяман!!
Күні:
Оқушының аты-жөні:
Тыңдалым алды тапсырма:
-
Толғау дегеніміз не?
Тыңдалым барысындағы тапсырма:
|
«Би Темірге бірінші толғауы» |
|
|
Тақырыбы |
|
|
Идеясы |
|
|
Көтерілген мәселелер |
|
|
Заман көрінісі |
|
|
Жаңа сөздер |
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
ЖЖ. Бейнебаянның мазмұнын негізінде «Менің күнделігім» кестесін толтырады.
«Есте сақтау» стратегиясы.
Сөздікпен
жұмыс.
Қу –
Көкшіліден
–
Арабы торым
–
Алдаспан –
Қағба –
Күлік –
Кепке –
Ғазалеген
–
|
Бағалау критерийі |
Дескрипторлар |
|
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; |
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; |
|
Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін бейнелейді. |
|
|
Жаңа сөздерді теріп жазады, мағынасын топта анықтайды. |
|
|
Топтық талдауға белсене қатысады, сыныптастарының жұмысын бағалайды. |
Шалкиіз Тіленшіұлы
Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудыңөмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды.
Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай-ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр-салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді.
Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық-жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі:
«...Менім ием би Темірдің әрі өзім Жау көрген күн жүрегінің басы едім, Көз үстінде қасы едім!..» –деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек.
Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың Би Темірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым-қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір-қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді:
«Бұз үстіне от жаққан, Бұзмай бұлан пісірген,
Мен иемдің бөрлі ала тасы едім...» –
деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім...» – деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады
Шалкиіз-(1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген