Білім беру салалары: таным, қатынас.
Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.
Тақырыбы: Салмағы бойынша тең және тең емес заттар.
Мақсаты: салмағына қарай тең және тең емес заттар туралы білігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-
«жеңіл – ауыр» сөздерін пайдалана отырып, салыстыруды үйрету; заттардың салмағын өлшемі бойынша анықтауды үйрету; заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес, деген ұғым беру. Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды орнату білігін бекіту.
-
Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
-
Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
меңгереді: заттарды салмағы бойынша салыстыруды сипаттайтын сөздерді айтуды: «ауыр
-
жеңіл», «ауырлау – жеңілірек»;
түсінеді: заттарды қарапайым таразының көмегімен немесе екі қолға салып, салмағы бойынша қалай салыстаруды; заттың өлшемі мен оның массасының байланысы туралы (біртекті заттарға қатысты);
қолданады: заттарды қолға салып, көзбен салыстырып, қарапайым таразының көмегімен салыстыруды.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, екі бірдей балалар жолдорбасы, демонстрациялық материал № 24. Қуыршақтар Әлия және Сырым.
Сөздік жұмыс: Ауыр, жеңіл, өлшеу.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым бірінші сыныпқа баруға дайындалады. Ата-аналары оларға жолдорба алып беріпті. Әлия мен Сырым жолдорбасының бірдей екенін білгісі келеді.
Педагог үстелге екі бірдей балалар жолдорбасын қойып, балаларға сұрақ қояды: Мына жолдорбалар туралы не айта аласыңдар? Олар бірдей ме, немесе әртүрлі ме?
-
Масса туралы не айтуға болады? Олар бірдей ме, немесе әртүрлі ме?
-
Мұны түсіну үшін не істеу керек?
Балалар жолдорбаның пішіні, өлшемі, түсі, материалы бойынша бірдей екенін айтады. Салмақ туралы болжамдар айтады. Балалар салмақты көзбен анықтау мүмкін емес, қолға алып, салыстыру керек деген қорытындыға келеді.
-
Негізгі кезең.
Педагог бірнеше балаларға жолдорбаларды қолдарына алып, (біреуі бос, екіншісі толтырылған, ауыр екені анық) тексеруді, сондай-ақ «қолында» анықталған екі заттың массаларын салыстыру нәтижелерін тексеру үшін екі табақшасы бар, ең қарапайым таразыларды қолдануды ұсынады.
Эксперименттік іс-әрекет Табақшаның тепе-теңдігі балаларға массаның теңдігін көрсетеді. Балалар қолдарындағы жолдорбалардың массасын салыстырады, таразыда үлкен массасы бар табақша төмен түсіп жатқанын бақылайды.
Педагог екінші жолдорбаны ұқсас заттармен толтырады. Жолдорбалардың массасының теңдігі таразы табақшасымен тексеріледі.
Әрі қарай, өлшемі бойынша үлкен, бірақ жеңіл зат, кішкентай, бірақ ауыр заттармен сәйкестендіруді ұсынады: өлшемі бойынша үлкен шарды, металл шарикпен немесе доппен сәйкестендіреді.
Балалар бақылап, қорытынды жасайды.
-Заттың салмағы өлшеміне байланысты ма?
Салмақ өлшемге байланысты емес
-Қалай тексеруге болады?
Қорытындылайды, массаның өлшемге байланысты емес екендігі туралы қорытынды жасайды.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырманы орындауға ұсынады.
Суреттерге қарайды. Ауыр және жеңіл жолдорбаны анықтайды, белгілейді. Өз таңдауын түсіндіреді. Жұппен жұмыс істейді.
Балалар өз болжамдарын айтады. Сурет бойынша көк жолдорба сарыға қарағанда ауырлау. Көк жолдорбасы бар балалар шаршаңқы.
Сергіту сәті.
Орман алаңына жеңіл адымдап, ешқандай жүксіз шыққанымызды елестетіңдер.
Бұталар мен төмпешіктен Аттап өтіп жеңілдікпен, Бұтақтар мен томарлардан Секіріп өтіп оңайлықпен Ұзақ-ұзақ жүріп келдік, Шаршадық деп берілмедік. Енді жеттік, тоқтадық, Кел, достарым, жайғасып, Отырайық демалып.
Тынығамыз, күш жинаймыз, Одан кейін сапарға Аттанамыз қайтадан.
Ал енді жолдорбаға саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді толтырып алғанымызды елестетіңдер. Балалар «бос» және «толық» жолдорбамен қимылдар жасайды.
Жұптық жұмыс жасайды.
«Ауыр – жеңіл», «бірдей» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға сыныпта бар заттарды қолға қойып, салыстырып, заттардың қайсысы жеңілірек, қайсысы ауырлау екенін салыстырып білуді ұсынады: кітап және қарындаш, тас және қағаз парағы, текше және кесек, әуе шары және футбол добы, моншақ және шеге, шеге және дән және т.с.с.
Сондай-ақ салмағы бірдей жұптарды анықтауды ұсынады. «Өлшеу» бойынша жұптық жұмыс. Балалар тапсырманы орындайды.Тексерген кезде жұптардың әрқайсысы өз жауабын түсіндіреді.
Дәптермен жұмыс істеу
2-тапсырманы педагог орындауға ұсынады .
Суреттерді карайды.
- Таразыда тұрған заттар туралы не айтасың? Қарбызды теңестіру үшін таразыға неше қауын салу керек? Балалармен бірге қарбызды теңестіру үшін неше қауын салу керектігін анықтайды. Қауынның суретін салады.
Педагог 3-тапсырманы орындауға ұсынады.
Әр жұптағы ауыр затты қоршап сызады, өз ойларын айтып отырады.
Балалар тапсырманы орындайды. Таразыдағы ауыр заттарды қоршайды. Массасы бойынша заттарды қалай салыстыруға болатынын түсіндіреді. Жеке жұмыс жасайды.
4 -тапсырма. Алдымен педагог сол жақтағы суретте не зат ауыр екенін, таразының табақшасы қалай орналасқанын түсіндіруді сұрайды (балалар алақанда көрсетеді). Содан кейін оң жақ суреттегі таразының орналасуына назар аударылады.
-
Таразының бос табақшасындағы зат қандай болуы тиіс? (жеңіл). Әрі қарай балалар тапсырманы өз бетінше орындап, тексереді өз ойларын түсіндіреді.
«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.
Педагог 15-беттегі № 19, 20 тапсырманы ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада түзу сызықтар салады, қолымен дөңгелек қимылын көрсетеді.
Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.
-
Рефлексия.
Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды көтермелейді. Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Су торғайы. (М.Зверевтің әңгімесі»). Мақсаты: «Ж» – «Ш» дыбыстарын таныстыру. Міндеттері: 1. Әңгімені оқып, сұраққа жауап беруге үйрету.
-
Құрастыру қабілеттерін, шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту.
-
Құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, санағыш, кір қыстырғыш, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: Шыбыш.
Билингвалды компонент: Мұз – ледь, жабайы құстар – дикие птицы.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері.
«Торғайлар мен мысық» ойыны. Педагог – «мысық», ал қалғандары «торғайлар» болады. Бөлмеде жағымды баяу әуен ойналады. «Торғайлар» алаңқайда секіріп, ұшып-қонып жүреді. Мысықтың дауысын естісімен «торғайлар» өз ұяларына ұша жөнеледі. Ұсталған
«торғай» «мысық» болып ауысады. Ойын осылай жалғаса береді.
-
Негізгі кезен
Педагог балаларды шеңбер жасап отырғызады да, қандай ойын ойнағандарын сұрайды.
-
Балалар, біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз. Өйткені сендерге қазір жазушысы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. Әңгімені мәнерлеп оқиды.
«Су торғайы»
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең қылмастан зыр-зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады.
Бұл қандай ғажап құс!
-
Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады.
Педагог балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. 1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі?
-
Әңгімеде не туралы?
-
Су торғайын кім сипаттап береді?
-
Су торғайы жемін қайдан табады?
-
Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңей
Педагог әңгіме мазмұнын 5– 6 балаға қайталап айтқызады.
-
Балалалар, құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді.
-
Әңгімедегі су торғай қандай құсқа жатады деп ойлайсындар?
Қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар және жыртқыш құстар болып бөлінеді.
-
Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады? Педагог балаларға суретін көрсетеді Суретпен жұмыс.
Педагог жемсауытта отырған құстарды – торғай, қарға, көгершін, сауысқанды көрсетеді.
-
Балалар, қазір аулаларыңнан қай құсты көріп жүрсіңдер? Оларға ерекше қамқорлық көрсетіп, жем, нан үгінділерін сеуіп жүру керектігін ұмытпаңдар.
Балалардың назарын екінші суретке аударады.
-
Мына жерден өздерің білетін құстарды атаңдаршы, қандай құсты білесіңдер?.
-
Балалар, құстардың қандай пайдасы бар? Тоқылдақты алатын болсақ, ол ағаштың арасынан құрттарды теріп жейді, сондықтан оны ағаш дәрігері деп те атайды екен.
-
Ал қарлығаш болса, ол – адамға дос.
-
Қарлығаш ұясын қандай жерлерге салады?
-
Торғайдың ұясын бұзған баланы қандай бала дейміз? Педагог балалардан сұрақ қою арқылы жауап алады. Сергіту сәті:
(Сергіту жаттығуларын Х.Талғаровтың «Торғай» өлеңімен жасатуға болады.) Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тонбайсың.
«Ж» – «Ш» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы:
«Ш» – «Ж» дыбыстарын айтқанда ерін дөңгеленеді де алға қарай жиырылады.Тіл ұшы жалпақтанып, тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді.
«Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:
-
Ша-ша-ша – шана. Шу-шу-шу – шуда. Шы-шы-шы – шыны. Ше-ше-ше – шелек. Ши-ши-ши – шие. Шө-шө-шө – шөп.
-
Аш-аш-аш – ашық. Ұш-ұш-ұш – ұшқыш. Ыш-ыш-ыш – қыш. Өш-өш-өш – көш.
Жаңылтпаш айтқызу – дыбысты дұрыс айтқызуда ұтымды тәсілдерінің бірі.
Шемішке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шапсаң шап,
Шапшаң шап.
(Қ.Мырза Әли)
«Ж» дыбысын буын ішінде келтіру:
Жа-жа-жа – жалау.
Жо-жо-жо – жол.
Жу-жу-жу – жусан.
Жы-жы-жы – жылан.
Жи-жи-жи – жиек.
Же-же-же – жер.
Жә-жә-жә – жәшік.
Аж-аж-аж – гараж.
Жаңылтпаш айту.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
(Қ.Мырза Әли)
Дидактикалық ойын: «Не жақсы, не жаман?»
Ойын шарты: Берілген суреттерден жақсы және жаман істерді тауып көрсету керек. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырма бойынша орындалады.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия
Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа санағыш қара торғайға ұя құрастыру тапсырылады. Екінші топқа кір қыстырғыштар таратылып, қарлығаш ұясын құрастыру тапсырылады. Балалардың жұмыстарының нәтижесін бағалау арқылы іс-әрекетті қорытындылау.
-
Жабайы құстарды ата?
-
Оларды неліктен жабайы құстар деп атаймыз?
-Жабайы құстар қайда мекендейді?
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әңгіменің тақырыбын және авторын біледі, мазмұнын түсініп сұраққа жауап береді;
Түсінеді: құстардың үй құстары мен жабайы құстар, жабайы құстардың жыл құстары, отырықшы құстары және жыртқыш құстары болып бөлінетінін.
Білім беру саласы:Таным, Әлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Мақсаттары: а) Үй жануарлары мен олардың төлдері; олардың адамға әкелетін пайдасы туралы түсініктерін жинақтау; үй жануарлары мен жабайы аңдардың атын атап, оларды бір-бірінен айыра білуге үйрету.
ә) Тірі нысанды суреттеу қабілеттерін дамыту; зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Табиғатты бағалай білуге, оған адамгершілік қарым-қатынас жасауға үйрету.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: үй жануарларының түрлерін атап береді, үй жануарлары мен жабайы аңдардың бір-бірінен ажыратады.
түсінеді: адамға әкелетін пайдасын түсінеді.
қолданады: коммуникативтік байланыс орната біледі, топпен жұмыс істей алады.
Алдын ала жұмыс: қарапайым тәжірибелік жұмыстарға қатысу, энциклопедиялар оқу, фотосуреттер мен суреттерді қарап шығу, жұмбақтардың жауабын табу, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ватман қағазы, оған бір-бірімен қиысатын қызыл және жасыл түсті екі шеңбер сызылған, қиылысқан жері сары түске боялған; жабайы аңдар мен үй жануарлары бейнеленген жетондар/карточкалар; «Үй жануарлары» тақырыбындағы карточкалар/сөздер жазылған карточкалар; әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: төлдер, пайда.
Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestik animals
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог сабаққа қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Жұмбақтарды шешуге шақырады.
Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты, Шайнаңдағаны сағыз.
(Сиыр)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ.
(Жылқы)
Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды, Болса-дағы сақалы, Секеңдеуді қоймайды.
(Ешкі) Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)
-
Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атауға болады? (Қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап береді).
-
Оларды бір сөзбен үй жануарлары дейді.
-
Негізгі кезең
Әліппе-дәптердегі табиғат күнтізбесіне ауа райын белгілеуді сұрайды.
Әліппе-дәптердегі тапсырманы пайдалана отырып, балалардың тану үдерісіне деген қызығушылықтарын арттырады: Суреттерді қарап шығып, үй жануарларын атайды және олардың жабайы аңдардан айырмашылығын табады. Адамдар үй жануарларына қалай күтім жасайды? Талқылауға Қуаныш та қатысады.
Балалар «Адамдар үй жануарларын неге ұстайды және олардың қандай пайдасы бар?» деген сұраққа жауап іздейді. Неге үйде мысық пен ит ұстайды? Адамдар қандай жануарлардан жүн алады? Неліктен адамдар түйе, сиыр, жылқы, қой мен ешкіні үй жануары деп атаған? Олардың төлдерін қалай атайды?
Балаларды зерттеу жұмысына қатысуға шақырады (әліппе-дәптердегі тапсырма): жануарлар терісінің түрлерін зерттеу. (Қой, ешкі мен қоянның терісін салыстырып, үлкейткіш әйнектің көмегімен қарап шығады).
Педагог балаларды сұрақтардың жауабын бірігіп іздеуге жұмылдырады: Сендер қалай
ойлайсыңдар, жануарлар әрқашан адамның жанында тіршілік етті ме? Сендер ит, мысық сынды өзгеде үй жануарларының арғы атасы кім болғанын білесіңдер ме? Үй жануарлары орманда өз бетінше тіршілік ете ала ма еді? Орманда оларға қандай қауіп төніп тұр?
Адамдар жабайы аңдарды өте ерте замандарда қолға үйреткен. Иттердің арғы атасы – қасқырлар, үй мысығының арғы атасы – жабайы мысық, сиырлардың атасы – жабайы бұқалар, шошқалардың атасы – жабайы қабандар, жылқылар мен есектердің атасы – жолақ құландар. Жануарлардың тұратын жерлерін атап береді: сиырлар (сиыр қорада, фермада), жылқылар (ат қорада), қойлар (қой қорада) тұрады.
Үй жануарлары орманда тіршілік ете алмайды. Себебі олар ондай жағдайда тіршілік етуге үйренбеген.
Сергіту сəті
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.
«Төлдер» әнін айтады.
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? Секең-секең, ей лақ, Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма, Секірмей-ақ кей уақ.
Ботақаны нардың, Жарға неге бардың? Тілерсегің дірілдеп, Секіре алмай қалдың.
«Кездейсоқ бірігу» техникасының көмегімен бірнеше топқа бөлінуге шақырады. Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкаларды тарату арқылы; өтіп жатқан тақырыпқа қарай, гүлдердің, жануарлардың атауларына қарай.
Педагог сұрақтар немесе ескертпелердің көмегімен балалардың топтағы жұмысына бағыт сілтеп отырады. Сол арқылы мәліметтерді дұрыс қабылдауға, дұрыс сөйлеуге үйретеді: Қандай дыбыс шығарады? Не жейді? Қандай пайда әкеледі?
Балалардың назарын иттердің үйде және аулада өсірілетініне аударады. Үйде ұстайтын иттің астына төсем төселеді, ал аула иттері үйшікте жатады. Үйшіктің жанында ылғи ыдыс тұрады. Ол – иттің итаяғы. Қосымша мәлімет береді: әдетте, үйшіктің қасында екі итаяқ тұрады: біріне су, екіншісіне тамақ салынады. Қожайын итке тамақты белгілі бір уақытта құйып отырады.
Сұрақтарға жауап береді: Иттің өзіне тән белгілері қандай? Сиырдың ше? Олардың арасында ұқсастық бар ма?Айырмашылықтары қандай?
Әліппе-дəптермен жұмыс істеуді ұсынады. Ойланып, үй жануарларының адамдарға қандай пайда әкелетінін айтып бер. Қарындашпен қоршап сыз. Бұзаудың суретін нүктелер арқылы қос.Оған ат қой.
«Ой-пой-пой» дидактикалық ойыны.
Педагог мынадай жағдайларды мысалға келтіреді: Үй жануарлары орманда тіршілік ете алады. Адам үй жануарларын бағады. Шошқа бағушы жылқыға күтім жасайды.
Жылқыларға арнап жылқы қора салады. Сіздерге бүгінгі ҰОҚ ұнады ма? Балалар ойынға қосылады. Егер балалар педагогтің айтқанымен келіссе: «Ой-пой-пой, дәл солай!» – деп жауап береді. Егер келіспейтін болса: «Ой-пой-пой, олай емес!» – деп жауап береді.
-
Қорытынды кезең (рефлексия)
Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. «Жүрекше» ойынына қатысуға шақырады.
Балалар: Шеңбер құрып, қолдарымен жүректің суретін салады. «Бүгін мені ... қуантты»,
«Бүгін маған ұнамады» деп пікірлерін білдіреді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Салмағы бойынша тең және тең емес заттар.

шағым қалдыра аласыз