Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шалқан" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге,ата аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің

Ақсай қаласының №1 мектепке дейінгі балалар ұйымы»




Бекітемін:______________

1 МДБҰ директоры А.А.Олешко.

Тексерілді:______________

1 МДБҰ әдіскері Н.В.Перепека.



.­­­­­­­­­­­





Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі.

«Қош келдің, Әз Наурыз!»









Шие және Құлпынай

ересек топ тәрбиешілері: Кужамкулова З.А.

Ельтаева Т.С. Раханова Г.У.



2014 жыл.



Залдың іші наурыз мерекесіне орай безендірілген, қазақтың күиі ойналып тұрады.

Ортада Ата мен әже ұлттық киімде жүреді.

Ата: Ау ,кемпір не тұрыс Наурыз мейрамы да келіп қалыпты, дайындалайық.

Әже: Әрине ,шалымау Наурыз көжемді,ақ бауырсағымды дайындап, дастархан жаяиын. Наурыз мейрамына бізге балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндер келе жатыр.

(Музикамен залға балалар келеді:)

Жүргізуші:

Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,

Тербеттсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамың құтты болсын,

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім

Қанеки қарсыалайық жылдың басын.

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!

Сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз:

Жүргізуші: Жаңа жыл, кел төрлет,

Ел достығын өркендет,

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

Құтты болсын Наурыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түні теңеліп,

Жер шуаққа кенелді.

Әже: Сәлеметсіңдерме балаларым қош келдіңдер біздің ауылымызға:

Жүргізуші: құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Мың бұралған бишілерді

Шақырайық ортаға.

Би: «Қамажай» (шие тобының қыздар

Жүргізуші:Балалар, Наурыз тойларыңыз құтты болсын,

Наурыз тойына ән шырқайық.

Ән: «Көктем»

Ата:Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша кішкентай бала жайлап жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Бұл салт-дәстүрді «Тұсаукесер» деп атайды. Бүгін біздің немереміздің тұсауын кесеміз.


Әже: Қымбатты балаларым бүгінгі менің, немеремнің тұсау кесер рәсіміне дәл келдіңіздер, сіздерге тұсаукесер рәсімін көрсетіп жіберейін.

(Тұсаукесу рәсімі : Келін баласын алып шығады)

Әже: Қаз, қаз балам,қаз балам,

Қадам бассан мәз болам

Күрмеуінді шешейін

Тұсауыңды кесейін

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамын.

Жүргізуші: Балалар , біздің ырымда қай дәстұр болсада сол тойда бата беріледі. Олай болса аталарымыздың біреуінен бата сұрайық.

Бата: Уа, Әумин!

Сұрасан бата берейін

Ұстем болсын мерейін

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Бұлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін еліміз

Құт-береке дарытып

Көркейе берсін жеріміз, Әумин! Жүргізуші: Ата, әже, немерелеріңіз мына кішкентай бүлдіршіндердей өнерлі болсын. Балалардың өнерлерін тамашалай отырыңыздар.


Жүргізуші:Құрметті Ата және Әже сіздерге арналған балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар:

Айым: Шаттығымыз жырымыз

Жаңа наурыз жылымыз

Ақ тілеумен осындай

Бақ боп үйге кіріңіз

Наурызды тойлайық

Ән айтайық, ойнайы

Наурыз күнге бір тілек

Жаман бала болмайық.

Нұрбол: Наурыз тойын тойлайық

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

Наурыз тойым, наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар, қанедостар

Шырқап әнге салайық.

Би: «Құлпынай»

Жүргізуші:

Наурыз тойы құтты болсын!

Наурыз тойы-көктем тойы, көңіл тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін!

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Ойын: «Тақия тастамақ»

Жүргізуші: Ойын бар бір бастамақ

Оның аты тақия тастамақ

Шеңбер боп отыра қалыңдар

Ым қағып жүрмесін қас қабақ.


Жүргізуші: Құрметті жиылған қауым! Қазағымыздың Жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Наурыз» әнінң тамашалаңыздар

Ән: «Наурыз»


Би: «Гүлдер»(шие тобының қыздары)



Ойын: « Ай , домбырам» (құлпынай)

Би: «Қара жорға»(барлық балалар)


Жүргізуші: Ата, әже, біз ауылға келіп, ауылдың таза ауасында біраз тынығып қалдық. Ауылға келгеніміз өте дұрыс болды.

Ал енді біз кеш түспей тұрып қалаға жетейік.

Әже: «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші, отағасы, мына Ұлыстың ұлы күніне келген қонақтарымызға батаңды беріп жібер.

Ата: Ал, балалар, қолдарыңды жайыңдар.

Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашты көктемнің.

Қырық шетен жебесін

Көңіліңнің кептерін

Түлек етіп ұшырсаң

Ыстық ұя бақшаңыз.

Шаттығымыз-жырымыз

Жаңа Наурыз жылымыз.

Ақ тілеумен осындай

Бақ боп үйге кіріңіз!

Әумин.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп біздің Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Жүргізуші:Құрметті жиылған қауым, осымен біздің ұйымдастырған Наурыз мерекесі аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
344
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12