жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Шалқан» ертегісі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Ұйымдастырылған оқу қызмет: №1
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық»,
Бөлімі: Көркем әдебиет, Сурет салу
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға әңгімені оқып беру, әңгімелеу, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту және қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: шалқан-репка
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғалушылық |
Амандасу рәсімі: Амансың ба, Алтын күн, Амансың ба, Көк аспан. Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам. Қайырлы таң, балалар! Ғажайып сәт:
|
Балалар бір-бірімен амандасты, апайға қайырлы таң тіледі.
Балалардың қызығушылығы артты. |
|
Ұйымдастыру іздестіру |
Әңгімелесу: - Балалар, бізге әжеден хат келіпті. Әже бізге атаға көмектесуімізді сұрапты. Ата бақшадағы көкөністі жұлып ала алмай жатыр екен. Көмектесеміз бе? Ал ол қандай көкөіс екенін қазір білеміз. 1-тапсырма -Балалар, алдымен біз қандай көкөністерді білетінімізді есімізге түсірейікші. (Себетте көкөністер салынған. Оларды тәрбиеші көрсетеді, балалар атайды.) 2-тапсырма
Үстіне тігіп
көк шатыр, (Шалқан) -Өте дұрыс, осы шалқанды ата жұлып алмақшы болыпты. - Тамаша, балалар, сендер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді бәріміз бірге бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Бас бармағым әкем, Балан үйрек анам, Ортан түйрек ағам, Шылдыр шүмек апам, Кішкене бөбек кім? Мен. Бір үйде біз нешеуміз, Бір үйде біз бесеуміз. 3-тапсырма
Ата шалқан егіпті, Шалқан үп – үлкен болып өсіпті. Шалқанды ата тартыпты Жұлалмапты, көмекке ол шақырды Үйде жүрген кемпірін Кемпір шалдан тартады,жұлалмады шалқанды Екеуі тартты ырғады жұлалмады ой-ой....... Шақырады көмекке немересін Келеді екен жүгіріп немересі көмекке Жұлалмапты шалқанды ой-ой....... Шақырады көмекке күшіктерін өздері Келеді енді күшігі Ары бері ырғады жұла алмады шаршады Ойланып олар тұрады, енді қайтіп жұлады Түсіп кетті есіне үйде жүрген мысығы Арлы-берлі ырғады, жұлып алды Мысық келді көмекке Түк шықпады тартқанмен Ойланайық балалар енді тағы кім қалды? А-А мында екен тышқанда, шақырайық көмекке. 4-тапсырма
Арлы-берлі ырғады, жұлып алды шалқанды. |
Мұқият тындады.
Сұраққа жауап берді. Естеріне сақтады.
Жұмбақтың жауабын дұрыс тапты.
Сергіту сәтін белсенді орындады.
|
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Сұрақ-жауап: -Балалар, бүгін сендер не туралы әңгіме тыңдадыңдар? -Алма жеміс пе әлде көкеніс пе? -Осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. |
Жауап берді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ертегі кейіпкерлерінің атын атауды біледі. Әңгіменің мазмұнын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Жаңа сөздің мағынасын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұраққа жауап бере білу, мазмұнын өз сөзімен әңгімелеп беруге дағдыланды.
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген