400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Салт-дәстүр және тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр және тәрбие Оқушыларға құндылық туралы мәлімет беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін ________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 25-сабақ

Бөлім:

8-бөлім: Қазақ халқының əдет-ғұрыптары мен

салт-дəстүрлері. Наурыз. Морфология

Педагогтің тегі, аты,

әкесінің аты :

Жумырова А

Күні:

4.06

Сынып: 6

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және тәрбие

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау

6.4.4.3- үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты

Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдай алады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады.

Ұлттық құндылықтарға баулу



Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау. Ұлттық мәдениетті дәріптеу

Ар-ұят құндылығы: Адал еңбекті құрметтеу. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштар болу. Дұрыс қарым-қатынас орната білу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

10 минут






































Сабақтың ортасы

10 минут






Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

Ойтүрткі

Екі әйел құдықтан су алып жатты.Олардың қасына тағы бір әйел келді.Өтіп бара жатқан қарт кісі де құдықтың жанында жатқан тасқа отырып, демалды.Әйелдер балалары туралы мақтанып айта бастады. Бірінші әйел: - Менің ұлым өте күшті, оны ешкім жеңе алмайды, - деді. – Ал менің ұлым әнді жақсы айтады.Ондай дауыс ешкімде жоқ , - деді екіншісі. Үшінші әйел үндемеді. Әйелдер су алып, үйлеріне қайтты.Қария да олармен бірге жүрді.Әйелдер шаршап демалуға тоқтады.Олардың алдынан үш бала шықты.Балалардың біреуі ары-бері секіріп, екіншісі ән айтып келе жатты. Ал үшіншісі үндемей келіп, анасының қолындағы ауыр шелекті алды. Әйелдер қариядан: - Біздің ұлдарымыз қандай екен ? – деп сұрады. - Мен бір ғана ұлды көріп тұрмын! – деді қария.

Балалар, қария қай ананың баласын меңзеді? Неліктен бір ғана ұлды көріп тұрғанын айтты? Бүгінгі тақырып не туралы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстыру;

1. Ата-анаң, ата-әжең саған қандай ақыл-кеңес береді?

2. Сен олардың тілін алмай, ренжітсең не болады?

3. Егер сен бір қате іс жасап қойсаң, қалай ақталар едің?

4. Саған олар үнемі кешіріммен қарайды деп ойлайсың ба? Неліктен?

5. «Тәрбие тал бесіктен» деген ұғымға қалай қарайсың?

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Мәтінде көтерілген мәселені анықта.

-Анасымен сөйлескеннен кейінгі баласының іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар? – Ана мен бала екеуінің қайсысын жақтар едіңдер? Неліктен солай ойлайсыңдар?

– Анасы дұрыс жасады ма? Неліктен?

– Баласы дұрыс жасады ма? Неліктен?

– Мәтіндегі негізгі ой неде деп ойлайсыңдар?








Әңгімені тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін білдіреді.




























Мәтінді мұқият тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.








Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!


















Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді,

-көтерілген мәселені анықтайды,

-өз ойын дәлелдейді.


Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж



5 минут







10 минут

































Сабақтың аяқталуы

5 минут










Тілдік бағдар

Мекен үстеуі

Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін үстеудің түрі мекен үстеуі деп аталады. Мекен үстеулері қайда? қайдан? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Оларға жоғары, төмен, әрі, бері, алда, тұс-тұстан, асты-үстінен, әлдеқайдан, осылай т.б. үстеу сөздер жатады.

Жеке жұмыс

1)Көп нүктенің орнына мекен үстеуін қойып жаз.
Жоғары – төмен, артта, осында, жол - жөнекей
1. Өмірдің бар кереметтерін …кездестіруге болады екен.
2. …отырған Ақтілеу мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.
3. Жолаушыларға…… көлік те кездеспеді.
2) Жұмбақ шешу
Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға. (футболшылар)

10-тапсырма.

Төмендегі мекен үстеулерін қолдана отырып, сөз тіркестерін құра.

Үстеулер: ілгері, жоғары, төмен, алды-артынан, әрі-бері, тауға қарай, алға қарай, ілгері-кейін, жоғарыдан.

Қажетті етістіктер: өрмеледі, түсті, жылжыды, қозғалды, жүр, орады, түсті, жүгірді, тартты.


Рефлексия

Picture 5












Көп нүктенің орнына мекен үстеуін қойып жазады. Жұмбақты шешіп, мекен үстеуін табады.









Берілген мекен үстеулерін қолдана отырып, сөз тіркестерін құрайды.

Ілгері жүр. Әрі-бері жүгірді. Жоғары өрмеледі . Төмен түсті. Алды-артынан орады. Тауға қарай тартты.

Алға қарай  жылжыды. Ілгері-кейін қозғалды. Жоғарыдан түсті.





Бүгінгі сабақта не пайдалы болғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта қандай өзгерістер енгізуге болатындығы жөнінде айтып, рефлексия жасайды.















Дескриптор

Білім алушы

-көп нүктенің орнына мекен үстеулерін дұрыс қояды,

-жұмбақты шешуін табады,

-үстеуді анықтайды.





Дескриптор

Білім алушы

-сөз тіркестерін құрастырады,

-мекен үстеулерін орынды қолданады.

























Оқулық

Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы

2018 ж

























     



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі