Салт-дәстүрім – байлығым

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Салт-дәстүрім – байлығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр туралы шараға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«САЛТ-ДӘСТҮРІМ – ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ»

атты облыстық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілетін жарыс

СЦЕНАРИЙІ


Өтетін мерзімі: 16.09.2022ж

Өтетін орны: Шу ауданы, Белбасар ауылының «Ақ жайлау» демалыс орыны

Басталуы: сағат 10:00

Қатысушылар: Жамбыл облысындағы ЖРО қызметкерлері


Қонақтарды қарсы алу.


Жүргізуші: Спанәлі Серік


/Фонфар ойналады. Жүргізуші ортаға шығады/


Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, құмының құны құйма алтыннан қымбат, кейуанасының сөзі келініне, ақсақалды атасының сөзі еліне азық болған айбынды ұлттың ұрпақтары!


Жүргізуші: Бүгінгі «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткелі жатқан «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты облыстық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілетін жарысқа

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!


Бүгінгі жарысты ұйымдастырушы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ


Жүргізуші: 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, мемлекеттік «Жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру аясында жастар арасында ұлттық танымды қалыптастыру, кейінгі толқынға кемел өнеге көрсету, жастар саясатын жүзеге асыруда жұмыла қызмет атқарып жүрген өзге аудандардағы әріптестердің арасында байланысты нығайту мақсатында Жамбыл облысы «Жастар ресурстық орталық» қызметкерлерінің қатысуымен тарихи танымдық, мәдени-спорттық шара өткізіледі.


Аталған шараның мақсаты жастар арасында салт-дәстүрді насихаттай отырып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.


Жүргізуші: Бүгінгі ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілетін жарысқа 8 команда қатысады. Оның ішінде таныс болыңыздар:

  1. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» командасы

  2. Жамбыл ауданы командасы

  3. Сарысу ауданы командасы

  4. Байзақ ауданы командасы

  5. Мойынқұм ауданы командасы

  6. Қордай ауданы командасы

  7. Тұрар Рысқұлов ауданы командасы

  8. Шу ауданы командасы


Жүргізуші: СӨЗ БЕРУ

  1. Ауданымызда жастарға қолдау білдіріп, жанашырлықпен жасампаздыққа бағдар беріп жүрген Шу ауданы әкімінің орынбасары Жақсыбаев Нұрлан Сегізбайұлын құрмет-қошеметпен шақырып, алғы сөзге кезек береміз.


  1. Еңселі елдің ерекше азаматшасы, ерінбей еңбек етіп, ел мерейін, оның ішінде жастардың дамуы үшін елеулі қызмет атқарып жүрген Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» директоры Абдуалиева Арайлым Әділбекқызы ортамызда. Құрметпен қарсы алып, құттықтау сөзге шақырамыз!


Жүргізуші: Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп қазақтың ұлттық ойындарын атауға болатын сияқты.


Жарыс түрлерінің өткізілу тәртібімен қысқаша таныстырып өтсек...


Ат ерттеу – бұл жарыста жігіттің ептілігі мен жылдамдығы сыналады. Кәсіби төрешінің нұсқауымен өткізіледі. Жарысқа қатысушы белгілі бір уақыт ішінде ер тұрманды ат үстіне өзіндік тәртібі бойынша қондырады. Ер тұрманды ерттеу барысында қателік кеткен жағдайда, қатысушының әр қателігіне 5 секундттан қосылады.


Аударыспақ – білекті де, жүректі жігіттердің ат үстінде сыналатын ойыны. Қазақстан Республикасы аумағындағы ережеге сай өткізіледі.


Бауырсақ пісіру – әр командадан 2 қыз қатысады. Қыздардың ошақ басындағы ептілігі мен біліктілігі сыналатын жарыс.


Жаяу тартыс – екі басы біріктіріліп түйілген арқанды қарсыластар бірдей екі жағынан мойындарына іліп, екі қолтығының астынан жібереді де екеуі екі

жаққа қарай еңбектеп күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып жеткізулері керек. Қайсысы сүйреп жеткізсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі.


Арқан тарту – командалық жұмыстың белсенділігі сыналатын ойын. Төрешінің нұсқауымен өткізіледі. Арқанның екі ұшын ұстаған команда ортадағы сызықтан қарсылас команданы басым күшпен асырып жіберу арқылы жеңіске жететін ойын түрі. Ескерту: команданың соңғы ойыншысы сызықтан шыққанша ойын жалғасады.


Халық әнін орындау – қатысушылардың командалық жарысы. Команда

мүшелерінің толық қатысуы міндеттеледі. Халық әнін орындауда тек ұлттық

аспаптар қолдануға рұқсат етіледі. Минус, фонограмма қолдануға тыйым

салынады. Кәсіби төрешілер бағалайды.


Жарыс барысында және тыс мәдениетті болуға шақырамыз! Сайыстардың өту барысында кешігіп, жарыс тәртібінен тыс қарсылық білдірген командаларға ескерту беріліп, ұпайлары шегеріледі.


Жүргізуші: Ендеше, «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты облыстық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілетін жарыстың ашылуы салтанатын жабық деп жариялаймыз! Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, алғашқы сайыстарға дайындалуға шақырамыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі