Салтым –асыл қазынам
Мақсаты: Ата –бабаның салт –дәстүрін бойына сіңіру, ұлттық құңдылықтарды бала бойына қалыптастыра отырып, балалардың тілін дамыту , адамгершіліке , достыққа баулу.
Жүргізуші: Армысыздар ,құрметті қонақтар ! «Адамның бір қызығы бала деген»-деп тегін айтпаған .Шыр етіп дүниеге нәресте келгенде бөркін аспанға атып , қуанбаған жан бар ма?Сол дүние есігін ашқан сәбиге берілетін ұлттық тәрбие отбасынан бастау алады.Соңдықтан біз бүгін сіздердің назарларынызға қазақтың – салт дәстүрлерін ұсынамыз.
Бауырласқа тәнтіміз ,
Бұзылмаған антымыз,
Кең даланын ежелгі ,
Қазақ дейтін халқымыз .
Өзге ұлттай біздің де ,
Бар дәсүрмен салтымыз .
( Үнтаспадан күй ойналып балалар залға кіріп шеңбер жасайды)
Жүргізуші :Салт әр ұлттын ,халықтың дінімен сенімнін ,тұтас тіршілігіне ,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі .Қазақтың бірнеше салт- дәстүрлерін атап өтсек.
Шілдехана ,кіндік кесер,бесікке салу,қырқынан шығару,ат кою,тұсау кесер .
Біз бүгін балалар,Айқын баламыз бір жасқа келіп тұсау кесетін ұақыты да жетті.Баланың ең алғаш қадам басқан тойы –тұсау кесер деп аталады.
Жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Әже :Тұсауды ата-бабамыз баланың аяқ –алысы жақсы ,нық болуы үшін кеседі.Немеремнің тұсауын барлық ұлттпен тату боп,тіл көзден аман болсын деп ала жіппен кесемін .(Баланың тұсауы кесіліп ,оны балалар қызықтап екі қолынан ұстап тәй –тәйлап жетелейді )
Әже : Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Айқынды жетектеп жүргізеді.)
Әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Жүргізуші :Біздің кішкентай балаларымыз нәрестеге арнап «Тәй –тәй басқан балапан» әнің орындап береді.
Бата беру .
Сұрасан бата берейін ,
Үстем болсын мерейін!
Ықыласпен қол жайсан
Ақ тілекті төгейін ,
Құт әкелсін жеріме
Бейбітшілік елде боп
Бақ –дәулет қонсын еліме
Балалар ақылды болып
Елін –жерін қорғасын
Әумин!!!
Жүргізуші : Құрметті қонақтар ,осымен ұлттық салт-дәстүрге арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Бүгінгі біздің мерекемізге келгендеріңізге алғысымызды айтамыз.Құттықтау сөздер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Салтым –асыл қазынам." тәрбие сағаты.
"Салтым –асыл қазынам." тәрбие сағаты.
Салтым –асыл қазынам
Мақсаты: Ата –бабаның салт –дәстүрін бойына сіңіру, ұлттық құңдылықтарды бала бойына қалыптастыра отырып, балалардың тілін дамыту , адамгершіліке , достыққа баулу.
Жүргізуші: Армысыздар ,құрметті қонақтар ! «Адамның бір қызығы бала деген»-деп тегін айтпаған .Шыр етіп дүниеге нәресте келгенде бөркін аспанға атып , қуанбаған жан бар ма?Сол дүние есігін ашқан сәбиге берілетін ұлттық тәрбие отбасынан бастау алады.Соңдықтан біз бүгін сіздердің назарларынызға қазақтың – салт дәстүрлерін ұсынамыз.
Бауырласқа тәнтіміз ,
Бұзылмаған антымыз,
Кең даланын ежелгі ,
Қазақ дейтін халқымыз .
Өзге ұлттай біздің де ,
Бар дәсүрмен салтымыз .
( Үнтаспадан күй ойналып балалар залға кіріп шеңбер жасайды)
Жүргізуші :Салт әр ұлттын ,халықтың дінімен сенімнін ,тұтас тіршілігіне ,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі .Қазақтың бірнеше салт- дәстүрлерін атап өтсек.
Шілдехана ,кіндік кесер,бесікке салу,қырқынан шығару,ат кою,тұсау кесер .
Біз бүгін балалар,Айқын баламыз бір жасқа келіп тұсау кесетін ұақыты да жетті.Баланың ең алғаш қадам басқан тойы –тұсау кесер деп аталады.
Жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Әже :Тұсауды ата-бабамыз баланың аяқ –алысы жақсы ,нық болуы үшін кеседі.Немеремнің тұсауын барлық ұлттпен тату боп,тіл көзден аман болсын деп ала жіппен кесемін .(Баланың тұсауы кесіліп ,оны балалар қызықтап екі қолынан ұстап тәй –тәйлап жетелейді )
Әже : Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Айқынды жетектеп жүргізеді.)
Әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Жүргізуші :Біздің кішкентай балаларымыз нәрестеге арнап «Тәй –тәй басқан балапан» әнің орындап береді.
Бата беру .
Сұрасан бата берейін ,
Үстем болсын мерейін!
Ықыласпен қол жайсан
Ақ тілекті төгейін ,
Құт әкелсін жеріме
Бейбітшілік елде боп
Бақ –дәулет қонсын еліме
Балалар ақылды болып
Елін –жерін қорғасын
Әумин!!!
Жүргізуші : Құрметті қонақтар ,осымен ұлттық салт-дәстүрге арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Бүгінгі біздің мерекемізге келгендеріңізге алғысымызды айтамыз.Құттықтау сөздер.
шағым қалдыра аласыз













