Салтын сүйген, халқын сүйер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салтын сүйген, халқын сүйер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қазақ халқының баланы ұлттық тәрбиелеудегі салт-дәстүрдің алатын орны зор екендігін түсіндіру, салт-дәстүрдің маңыздылығын ұғындыру. Балалардың сөздік қорларын молайту, ана тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрімен таныстыра отыра, бойларына ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіріп дамыту. Салт-дәстүрді бағалай білуге, оны сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Өлеңдер, ұлттық ойын арқылы тыйым сөздерді қайталау арқылы татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Салтын сүйген, халқын сүйер»

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының баланы ұлттық тәрбиелеудегі салт-дәстүрдің

алатын орны зор екендігін түсіндіру, салт-дәстүрдің маңыздылығын ұғындыру.

Балалардың сөздік қорларын молайту, ана тілінде сөйлеу дағдыларын

қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрімен таныстыра отыра, бойларына

ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіріп дамыту.

Салт-дәстүрді бағалай білуге, оны сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Өлеңдер, ұлттық ойын арқылы тыйым сөздерді қайталау арқылы татулыққа

тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жатқа айтқызу, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: киіз үй, бесік, бас орамал, мазмұнды суреттер, жұмыртқа, балапан.

Сөздік жұмысы: бесікке салу, жетіс саны киелі, жеті ата, жеті ғалам, жете қазына.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті















Мотивация-лық-танымдық











-Балалар бізде бүгін тіл дамыту сабағы. Қараңдаршы, біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіпті, ендеше қонақтармен амандасып алайық.



(Киіз үйді көрсетіп)

- Балалар, мынау не?

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Киіз үй ата-бабамыздың баспанасы. Киіз үйде бұрынғы ата-әжелеріміз жаз – жйлауға, қыс – қыстауға көшіп-қонып жүрген. Киіз үй көшкенде өте ыңғайлы, әрі қыста өте жылы болған. Ал сендер осы киіз үйдің сүйектерін білесіңдер ме?


- Жарайсыңдар, балалар! Енді осы киіз үй жайлы кім маған тақпақ айтып беремін дейді?






- Өте жақсы. Ендеше жаңағы өздерің айтқан іші кең, ақ сарайдай киіз үйімізге жайғасып отырайық.


Білгір қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Тобымызда отырған,

Апайларға қарашы.

Бәрімізде ізетпен,

Біздер сәлем береміз.


-Бұл – киіз үй.




-Мынау керегесі, ал мынау – уықтары, ең төбесіндегі «шаңырақ» деп аталады.


Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен,

Қызықтырды кіргенде.

(қазақ үстеліне дөңгеленіп отырады)









Ұйымдастырушылық-ізденушілік

- Балалар, қазақ халқының бір ерекшелігі осы киіз үйінде болса, тағы бір ерекшелігі баланы ұлттық тәрбиелеудегі салт-дәстүрі болып есептеледі. Біз бүгін осы жайында ой қозғамақпыз. Сендер дана халқымыздың тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін біліп өссеңдер, сендердің болашақтарың да жарқын болмақ.

(күй ойнайды, сол кезде ата мен әже кіріп келеді)


- Қош келдіңіздер! Жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер. (үстелге барлығы жайғасып отырады).

- «Құтты қонақ келсе, қой егіз туар» деген дана халқымыз. Сіздер құтты қонақ болдыңыздар. Біз бүгін қазақ халқының тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрі жайлы сөз етіп отырған едік. Сіздер көпті көрген, көпті білген қарияларсыздар ғой, біздің балаларға сол жайында айтып берсеңіздер.

Әже: - Иә, балалар, біздің салт-дәстүріміз тәрбие мен өнегеге толы. Дана халқымыз баланы дүние есігін ашқан күннен бастап тәрбиелей бастаған. Салт-дәстүрдің «Шілдехана», «Бесік салу», «Қыз ұзату», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару» деген сияқты түрлері өте көп. Солардың бірі «Бесікке салу» дәстүрін бүгін мен сендерге көрсетіп берейін. (бесікті алып көрсетеді).

- Мынау – бесік деп аталады. Оның өзінің мамық, жастық, түбек, шүмек, қолбау, төртбау деген құрал-жабдықтары болады. Баланы бесікке салар алдында бесікті жын-шайтандардан аластап алады (деп аластап көрсетеді). Содан оң баланы бесікке бөлейміз. Бесікке бөлеу елдің үлкен әжелеріне тапсырылады. Бесікке бөлеудегі ең маңыздысы – сәбидің таза, жылы жатып ұйықтауында. Бесікте сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болып өседі. Содан соң бесіктегі сәбиге тілектер айтылады.


- Ал ендеше, балалар, әженің бөлеген сәбиіне біз қандай тілектер айтамыз?


-Жарайсыңдар, балалар! Енді мен сәбиге бесік жырын айтып берейін (бесік жырын айтады).

- Рахмет сізге, әже. Біздің балалар бүгін міне бесіктің пайдасын білді.

Ата: - Балалар, сендер бүгін әжелеріңнен бесікке салу жайында білдіңдер. Енді мен де қазақ халқындағы «7 саны» жайында айтып өтейін, біліп жүрсеңдер артық болмас. 7 санын қазақ халқы киелі деп санаған, себебі «7 қазына», «7 жетім», «7 ғалам», «7 күн» деген ұғымдар бар.

- Ата, біздің балалар «7 жетім» мен «7 күнді» біледі. Ал кәне атаға айтып берейікші.








- Енді «7 күнді» атап берейік.



Ата: -Жарайсыңдар, балалар! 7 жетімді, 7 күнді беледі екенсіңдер, енді мен сендерге «7 ата» жайында айтып берейін. Қазақта мынадай сөз бар: «Жеті атасын білмеген – жетесіз» - деген екен. Яғни киінгі ұрпаққа 7 атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен. Мұның әлеуметтік зор мәні бар. Олай болса тыңдаңдар: 1. Ата 2. Әке 3. Ата 4. Арғы ата 5. Баба 6. Түп ата 7. Тек ата.


- Рахмет сізге, ата! Ал, балалар, біз атаны тыңдадық. Енді атаның айтқанындай өзіміздің 7 атамызды айтып көрсек қайтеді? Кәне, Бекзат, сен өз жеті атаңды айтып көрші.

Сергіту сәті:

Қолымыздан ұстайық,

Керегені жазайық.

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрайық.


-Ата, әже, біздің тобымызда Ульяна деген өзге ұлт өкілінің қызы бар. Бірақ ол қазақ халқының намысын биік көтеріп, салт-дәстүрін жоғары бағалайды. Ендеше Ульяна қызымызды тыңдап көрелік.






- Балалар, біз қазақ халқының салт-дәстүрі жайында біраз білдік. Сол салт-дәстүрмен қатар халқымыздың ұлттық ойындары да бар. Ендеше сол ұлттық ойынның бірін біз қазір ойнап көрейік. Қонақтарымыз біздің ойынымызды тамашаласын.

Ойын: «Орамал тастау»

- Ойынның шарты былай: шеңберге отырамыз, сосын күй ойнайды. Күй ойнап жатқан кезде сендер тез-тез шеңбер бойымен мына орамалды бір-бірлеріңе бересіңдер, күй тоқтаған кезде орамал кімнің қолында қалып қойса, сол бала тыйым сөз айтады. Ендеше ойынды бастайық.










ұлдар «Ассалаумағаликум» деп, қыздар «Сәлеметсіздер ме» деп амандасады.
























Айналайын бөпешім,

Өсіп, өніп таудай бол.

Өзің тәтті балдай бол

Құтты болсын бесігің

Кіп-кішкентай бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Кәмпит әкеп берейін,

Құтты болсын бесігің







Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айрылған ер жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі












7 атасын айтады.












Ульяна:

Қастерлейміз халық боп,

Салт-дәстүрді дәріптеп.

Айтып кеткен бабалар,

Дәстүріңді таныт деп








Түнде айнаға қарама; Тіліңді шығарма; Нанды баспа; Суға түкірме т.б. Сияқты тыйым сөздер айтады.




Рефлекстік-үйлесімділік

(Жұмыртқа тұрады)

- Ой, балалар, мынау не?

-Жұмыртқа қимылдайтын сияқты, ішінде балапан бар-ай деймін. (осы кезде балапан шығады).

Балапан: - Менің анамды көрмедіңдер ме?

(балапан бір қанатын көтерген кезде қанатынан сурет түседі)

- Балалар, балапанның қанатынан сурет түсті, қандай сурет екен көрейікші!

(Суретті көрсете отырып)

- Бұл сурет жайында не айтасыңдар?


(балапан екінші қанатын көтерген кезде, 7 саны түседі)

- Балалар, мынау неше?

- Ал бұл 7 саны туралы біз бүгін не білдік?


Әже: - Кел, балапаным, келе ғой, біз сенің анаңды тауып береміз (әже балапанды қасына отырғызады). Жарайсыңдар, балалар! Өздерің әдепті, тәрбиелі бала екенсіңдер. Бүгін сендердің білімдеріңді көріп көңілім бір көтеріліп қалды. «Орамал тон болмаса да, жол болады» деген халқымыз, құр қол келмей сендерге мынадай орамалымды ала келген едім (деп орамал таратып береді).

Ата: - Мен сендерге өзімнің ақ батамды берейін.

Бата

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің.

Жақсылық кетпесін,

Жаманшылық жетпесін.

Дұшпандарың жоқ болсын,

Достарың көп болсын.

Бастарыңа алланың нұры жаусын,

Білімдерің асып-тассын.

Әумин!

(Ата мен әже балапанды алып, балалармен қоштасып шығып кетеді)

- Құрметті, қонақтар! Біздің бүгінгі «Салтын сүйген, халқын сүйер» атты ашық сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар.


-Бұл – жұмыртқа.




-Жоқ, көрмедік.





Балалар бесікке салу жайында айтып береді.



-Бұл 7 саны.

7 саны бойынша 7 атаны айтады.


Күтілетін нәтиже

Білді: Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – сәбиді бесікке бөлеу рәсімін көзбен көріп, оның маңызын білді. Жеті санының қазақ халқында қиелі сан болып саналатынын білді.

Біледі: Балалар киіз үйдің сүйектерін дұрыс атай біледі. Өз жеті аталарын атап, тыйым сөздерді де айта біледі.

Білу керек: Қазақ халқының басқа да салт-дәстүрлері туралы толық білу керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі