Материалдар / «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған бжб 4 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
336
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. Тура пропорционалдық және оның графигі.


Оқумақсаты: 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу

6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу

6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру

6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу

6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу


Ойлау дағдыларыңың деңгейі: Қолдану,

Жоғарғы деңгей дағдылары


Бағалау критерийі: Білім алушы

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады

Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады

Шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табады

Тура пропорционалдықтың формуласын жазады және графигін салады


Орындау уақыты: 25 минут


Тапсырмалар:


















1-нұсқа

Тапсырма 1. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыздар:

a) Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;

b) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;

с) 150 км жүрген жолдың жылдамдық пен уақыттың

d) Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [4]

Тапсырма 2. Функцияның берілген мәніне сәйкес аргументтің сәйкес мәнін табыңдар

у= 5х-4 функцияның мәні у=5,5 [2]

Тапсрыма 3. Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіздер:

a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?

b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?

c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?

d) 20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген?

[4]

Тапсырма 4. В (3; –4) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз [3]


2- нұсқа

Тапсырма 1. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:

a) 250 тг сатып алынған заттың бағасы мен санын;

b) периметрі 54 см болатын тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені

c) жылдамдығы 15 км /сағ болатын велосипедшінің жүрген жолы мен уақыты

d) Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [4]

Тапсырма 2. Функцияның берілген мәніне сәйкес аргументтің сәйкес мәнін табыңдар

у= -0,5х+6 функцияның мәні у=3,5 [2]

Тапсырма 3. Суретте автомобильдің қозғалыс графигі көрсетілген. Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

a) Автомобиль барлығы қанша жол жүрді?

b) Әр аялдаманың ұзақтығы қандай ?

c) Автомобиль алғашқы 2 сағатта қанша км/сағ жылдамдықпен жүрген?

d) Автомобиль алғашқы 3 сағатта қанша жол жүрген?

[4]

Тапсырма 4 . N (-3; -5) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз [3]


Бағалау критерийлері

Дескриптор 1-нұсқа

Балл

Білім алушы

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады


1

ені мен ұзындығы арасындағы тәуелділік формуласын жазады

1

периметрі мен ұзындығы арасындағы тәуелділік формуласын жазады

1

жылдамдықтық пен уақыт арасындағы тәуелділік формуласын жазады

1

тура пропорционалдылық коэффициентін көрсетеді;

1

Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады


2

Тәуелді айнымалының орнына мәнін қойып сызықтық теңдеу жазады

1

Теңдеуді шешіп тәуелсіз айнымалының мәнін табады

1

Шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табады


3

Графикті пайдаланып уақытты есептейді

1

Графикті пайдаланып уақытты есептейді

1

Графикті пайдаланып жылдамдықты есептейді

1

Графикті пайдаланып жолды есептейді;

1

Тура пропорционалдықтың формуласын жазады және графигін салады

4

Графикті салады

1

Коэффициентін табады

1

Формуланы жазады

1

Жалпы балл



13


Бағалау критерийлері

Дескриптор 2-нұсқа

Балл

Білім алушы

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады


1

өнімділігі мен уақыт арасындағы

тәуелділік формуласын жазады

1

Тіктөртбұрыштың периметрі бойынша ені мен ұзындығы арасындағы тәуелділік формуласын жазады

1

Жылдамдықтығы бойынша арақашықтық пен уақыт арасындағы тәуелділік формуласын жазады

1

тура пропорционалдылық коэффициентін көрсетеді;

1

Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады

2

Тәуелді айнымалының орнына мәнін қойып сызықтық теңдеу жазады

1

Теңдеуді шешіп тәуелсіз айнымалының мәнін табады

1

Шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табады


3

Графикті пайдаланып уақытты есептейді

1

графикті пайдаланып әр аялдамаға уақытты есептейді

1

Графикті пайдаланып жылдамдықты есептейді

1

Графикті пайдаланып жолды есептейді;

1

Тура пропорционалдықтың формуласын жазады және графигін салады

4

Графикті салады

1

Коэффициентін табады

1

Формуланы жазады

1

Жалпы балл



13







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ